Шабалов Толеубай зейнеткер, ҚТЖ еңбек ардагері.
Шабалов Толеубай Ширазұлы 1945 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген.
Мектепке 1953 жылы барып 1962 жылы аяқтаған.
Еңбек жолы 1958 ж. сәуір айынан 2009 жылдың қаңтар айына дейін.
1958 - 1964 жж. Торайғыр совхозында ауыл шаруашылығының әр түрлі саласында еңбек етті.
1964 ж. 12 қарашасынан бастап 1967 ж. желтоқсан айының аяғына дейін Совет Армия қатарында азаматтық борышын атқарды.
1968 ж. Торайғыр совхозында шофер, 1971 жылы Үшқұлын ауылына көшіп келіп, учаскелік инспектор қызметін 1976 жылға дейін атқарды. 1976 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан теміржол саласында 33 жыл еңбек етті.
2009 жылы 50 жыл жұмыс өтілімен зейнеткерлікке шықты.
Үшқұлын ауылында тұрғанына 52 жыл болды.
1967 жылы Раиса Қабыкенқызымен отбасын құрып 8 бала тәрбиелеп өсірді.
Қазіргі таңда 17 немере, 6 шөбере көріп отырған бақытты ата.