«Қараащы»-деген тарихи атау. Ауыл құрылмай тұрып бұл жерде қара сор болыпты. Сорды тексере келе оның суы ащы екен. Сордың қаралығына оның суының ащылығына байланысты «Қараащы» деген екен.
Қараащының оңтүстүгінде «Шоқтал» деген жер өте қызығарлық. Бұл жерді «Шоқтал» - деу себебі шөбі толы өте қалың және биік болған. Талдың жоғарғы жағы шоқтай қызарып тұрады. Бұл жерде мекен ету өте қолайлы. Ертеде қазақтар киіз үй тігіп малдарына жиі осы талды мекен тұтқан. Келесі Қаращының «Ит жатпас жері». Бұл жердің аталуының екі нұсқасы бар. Біріншісі бұл жердің қысы суық болады екен. Қыстың ұзақ күндерінде боран соғып тұрады. Сол себепті бұл жерге адам бара қоймайды. Суықтығы соншалықты бұл жерде адам түгіл итте тұрмайды. Сондықтан «Итжатпас» деген екен. Бұл атау ауа райына байланысты қойылған, ал енді біреулер бұл жерде итке жағымсыз шөп өсіпті. Шөп улы болғандықтан бұл маңға ит жақындамайды екен дейді. Қаращының солтүстігінде «Шолақ қайың» - деген жердің атауы ақ қайындардың өсуіне байланысты. Шөбі шүйгін, суы мөлдір, мал мен жанға қолайлы жер. Жаз айларында балалар жидек піскен кезде бүлдірген жинауға осы араға жиналады «Найзатас» - тауы ерекше. Биік текше келген алыстан қарағанда найзаға ұқсас.
«Беріктас» - тауының атауы жалпақ қатпар-қатпар арнайы қалағандай тастарына байланысты қойылған. Бұл тасты ежелден осы жерде мекендеген адамдар құрылысқа, маазарды қалауға кеңінен қолдаған. Ұлы Отан соғыс жылдарында бұл жерде алтын да өндірген. Осы атауларды тұжырымдай келсек табиғат ерекшелігіне байланысты қойылған.
«Керегетас» - жері таулы тасты жер. Бұл жерді қалмақтар мекендеген, олар өздерінің жауларынан қорғануға, сақтануға дәл осы тастарды пана еткен. Тастардың ерекшелігі сондай оларды әдилеп қалап қойған тәрізді. Керегетас атауы табиғи ерекшеліктеріне байланысты. Осы жерде қасиетті Көшербай абыз жерленген.
«Қызыл-жар» - атауы. Осы жерді мекендеген адамдардың айтуы бойынша, бұл жердің топырағы қызыл түсті, топырағы өте құнарлы, суы мол, талдары жайқалған, өсімдіктер өсіруге өте қолайлы.
Қараащы ауылының ең биік тауы «Жыланды тауы». Ауыл тұрғындарының осы тау туралы әр түрлі пікірлері бар. Кейбіреулері бұл тауда жылан көп болған, сондықтан «Жыланды» - деп атаған десе, ал енді «біреулері ертеде бұл тауда айдаһар ұясы болған дейді. Қыстың қандай аяз суығында таудың басынан бу шығып тұрады» - дейді.
«Алабас» - атауы да табиғи ерекшелігіне байланысты. Сырт бейнесіне қарағанда тауларының басы алаланып келген.
Қараащы ауылы көлдерге бай, бірақ көлдерінің ағысы жоқ, қар еріген уақытта көктемде суы молаяды да жауынсыз күндері тартылады. Сол көлдердің бірі «Бозша көл».
Жыланды тауының етегінде «Қара сор» бар. Қыста суы қатпайды, бірақ адамға ешқандай пайдасы жоқ.
«Қалмаққырған» - деген жердің аталуы өзі бір шежіре. Осы жерде қлмақтар мен қазақтардың арасында қақтығыстар болыпты. Қақтығыстарда сол жерде қолдан қалағандай қоршалған тастар қорған қызметін атқарған. Сол тастар осы күнге дейін сақталған. Сондықтан сол жерді «Қалмаққырған» атаған.
Қаращының орталығында «Ақтөбе» деген жердің атауы бар. Жауыннан кейін сол төбенің басында өсіп тұрған сол селеу ақ түсті болып көрінеді екен, содан сол жер «Ақтөбе» деп аталыныпты. Ақтөбенің» басында бес жерден қолдан әдейі үйілгендей тастар үйілген. Сондықтан сол жерді Бес тас деп атайды.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ауылы туралы деректер Қ.И.Сәтбаев ауылы Баянауыл ауданының оңтүстік батысында орналасқан.Жер көлемі 1205 шаршы. мм.