Ауыл тарихы

•  1928 жылы осы жерде 15 үйден ТОЗ құрылды. Қажкенов Іргебай, Қажкенов Қамыш, Шағырбаев Әмірхан, Иманбеков Бәтен, Жарылғапов Шәрден, Шәдетов Мұқыш, Жаңабаев Балғабек, Шәдетов Мерғали, Иманбеков Бәтен, Елубаев Рахмет, Омаров Ахметбек, Омаров Оспанбек, Оспанов Рақымтай, Оспанов Хайболат.


•   1928 – 1930 жылдары артельде алғашқы ұйымдастырушы басшы Елубаев Рахмет болды. 1931 жылы Теңдік артельі болып құрылды. 1931 – 1932 жылдары артельге Молшин Ыбырай басшылық етті де, 1932 – 1934 жылдары аралығында Қожахметов Райхан ағамыз басшылық етті. 1940 жылы Сарқамыс пен Теңдік аттельі қосылып «Теңдік» колхозы құрылды. 1940 – 1954 жылға дейін колхоз председателі болып Сарбасов Қалышбек аға басшылық етті.


Колхоз председателі С. Қалышбек ағамыз 1945 жылы Қазақстанның 25 жылдық мерекесі құрметіне СССР жоғарғы советінің призидиумының ұсынылуымен Ленин орденімен наградталды. Бүгін өзі туып, еңбек жолын өткізген ауылындағы көшеге аты берілді.


•   1943 жылы колхоз коллективіне СССР мемлекеттік қорғаныс коммитетінің ескерткіші Қызыл туымен, ақшалай  20 мың сом сыйлығы тапсырылды. Колхоз еңбеккерлері «Тылдан майданға көмек» ұранымен жұмыс істеді. 1945 жылы Теңдік пен Көкдомбақ қосылып Қазақстанның 20 жылдығы атындағы колхоз атанды. Оған басшылық еткен екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысының иегері Әмірлен Сыздық.Қазақстанның 20 жылдығы атындағы колхоз иелері Ленин орденінің жылқышысы Ибатаев Хамит, Ленин орденінің жылқышысы Иманбеков Бәтен, Ленин орденінің қойшысы Дүйсеекев Рақымжан. Еңбек ерлігі үшін медальдің иегері Әбенов Мара. Алғашқы техниканың майталмандары. Трактаристер Ысқақов Қамыш, Кенжебаев Әбу, Қалиев Мәди, Мұзапаров Жәпіш. Алғашқы жүргізуші Мусин Насыр.