Ардагерлер
Таймасов Шәріпжан
1894 жылы мамыр айының 20 жұлдызында дүниеге келген. Шәріпжаш аға “Ақкелін” мектебінде Қ.И.Сәтбаевпен бірге оқып, бірге жүрген. Соғысқа дейін “Майкаинзолото” комбинатында “Продснабтың” басшысы болып еңбек жасаған.
1942 жылдың тамыз айының 20-шы жұлдызында соғысқа кетіп, 1943 жылы Орлов облысы, Федоровка селосында Отанын жаудан қорғау жолында қаза тапқан. Отан үшін отқа ұшып, жанын пида еткен ағамыздың ұрпағы бүгінде Қараащы ауылында тұрады.
Марқұм ағаның есімі ел есінде мәңгі қалады.
Хомутов Кабе
1919 жылдың 5-маусымда дүниеге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылады.
1941-1945 жылдар аралығында соғыста болады. 1959 жылдың 1-наурызында Қарағанды облысы Ворошилов ауданының депутаты болып сайланады.
1997 жылы Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков медальімен марапатталады. 1998 жылы 3-сәуірде бұл өмірден мәңгіліке сапар шекті.
Марқұм ағаның есімі ел есінде мәңгілікке сақталады.
Шитов Әліпбай
1918 жылы Баянауыл ауданы Сарқамыс ауыл советінде туды. Еңбек жолын осы туған жерінде бастап, колхоздың әртүрлі жұмысына араласты. Соғыстың алғашқы күндері майданға аттанып, алғашқы соғысқа Брянск түбінде қатысты.
1942 жылы маусым айында Горький бағытындағы соғыста аяғанынан ауыр жараланып, алты ай госпитальда жатты. Осы жараның зардабынан елге қайтты. Елге қайтып оралған соң, үзақ жылдар жылқышы болып еңбек етті.
Марқұмның бейнесі ел есінде мәнгі сақталады.
Мұзапаров Жәпіш
Баянауыл ауданы Теңдік колхозында 1905 жылы туды. 1929 жылдан бастап осы колхозда тракторшы болды. 1942 жылы армияға шақырылып, Коломна қаласында әскери дайындықтан өтті.
1942 жылы Белорусс майданында Минск түбінде жараланды. Алты ай Горький қаласында госпитальда жатып, 1943 жылы елге қайтып оралды. Елде тракторшы болып еңбек етіп, жастарға өзінің іс тәжірибесін үйретеді.
Назаров Сұңғат
1920 жылы Баянауыл ауданы Сарқамыс ауыл советінде туды. 1937 жылы банк бухгалтері болып жұмыс істеді.
1940 жылы қаңтар айында армия қатарына шақырылып, үш айлық даярлықтан өткен соң, Тула-Москва бағытындағы соғысқа қатысады. 1941-1942 жылдары Сталинград майданында жауға қарсы шайқасты. 1946 жылы туған еліне келіп, совхозда есепшілік қызмет атқарады.
2004 жыл маусым айында дүниеден өтті.
Марқұмның бейнесі мәңгілік ел есінде.
Кенжебаев Абу
1905 жылы Баянауыл ауданында туған. Әскерге аудандық әскери комиссариат арқылы шақырылған. 1945 жылы аман-есен елге оралып, 1970 жылдарға дейін еңбек істеген.
Бірнеше ордендармен, медальдармен марапатталған.
Марқұм атаның есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Муканов Үкібас
Баянауыл ауданы, Құндыкөл кеншарының Егіндібұлақ бөлімшесінде 1915 жылы өмірге келген. Көкшетау педагогикалық училищесін 1938 жылы бітіріп, елге физик-математик мамандығын алып оралады. Еңбек жолын Ульянов ауданы Үлгі ауылында бастап, сонда майданға аттанғанша қызмет етті.
1941 жылы желтоқсан айында Отан қорғаушылар қатарына қосылып, қанды майданға аттанады. Көп күткен жеңіс күнінде елге аман-есен оралады. Демобилизациядан кейін өз мамандығы бойынша мұғалім болып мектпеке орналасады.
1976 жылға дейін Шадыра орта мектеп қабырғасында ұстаздық жұмысын атқарып, алдынан мақтанарлықтай үлгілі оқушыллар ұшырды.
Марқұм ағаның есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Муканов Мағау
1922 жылы Біржан көлінің ар жағында Сарықамыс жерінде дүниеге келген. 1932 жылы қазақ халқына кездескен аштық жылдарында отбасымен Павлодар қаласына, одан Сібірге барып жан сақтаған. 1941 жылы Қарағанды қаласының Жамбыл атындағы орта мектебін аяқтап, сол жылы әскер қатарына шақырылады. 6 айдан соң курсант ретінде соғысқа аттанады. Соғыстың аяқталуына 20 күн қалғанда Берлинге 60 км-ге жақындағанда аяғынан жараланады.
Жеңіс туы желбіреп, бостандық туы бозарып атып еліне аман-есен оралады.
Марқұмның есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Омаров Зейдекпар
1942 жылы армия қатарына шақырылды. Төрт айлық әскери даярлықтан соң Ржинцево түбінегі соғысқа қатысты. Великие Луки түбінде ауыр жараланады да, осы жаранын зардабынан 1944 жылы госпитальдан туған елге оралады.
Елге қайтып оралған соң, ұзақ жылдар есепшілік қызмет атқарды.
Закирянов Шияп
1910 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызыл Ту ауданында дүниеге келген.
1941 жылы майдангерлер қатарына қосылды.
Берлин топырағына табаны тимес бұрын Германияның отары Польша, Румыния, Чехославакия сияқты жерлерді жау қолынан азат етті. 1945 жылдың көктемінде қатардағы жауынгерлермен бірге ұрыс үстінде фашистердің қоршауында қалады.
жеңіс туы желбіреп, бостандық танында аман-есен туған елге қайтарылады.
Ұзаққа созылған ауыр кейін 1987 жылы шілде айының 29 жұлдызында бұл өмірден мәңгілікке сапар шекті.
Марқұм атаның есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Жусупбаев Тұмар
Баянауыл ауданы Южный совхозында 1913 жылы туды. Соғысқа дейін Баянауылда Райфоның инспекторы болып жұмыс істеді. 1942 жылы майданға аттанып, Екінші Белорус Оңтүстік Батыс майданы құрамында соғысты. Соғыста батальонның саяси бөлімін басқарды. Аға лейтенант Тұмар ағай екі рет жараланып, ақырғы рет Шығыс Пруссияда Кенисберг қаласы үшін болған соғыста жараланды.
Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Ту, 2-ші, 1-ші дәрежелі медальдармен марапатталды. Соғыстан қайтып оралған соң бірнеше жыл партия қызметінде істеді.
Марқұм атаның есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Балғабаев Жанпейіс
Павлодар облысы Баянауыл ауданында туды.
Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқы күндері Отан қорғауға аттанды. Бірінші рет соғысқа қатысуы Брянск бағытында болды. Тула түбіндегі соғыста ауыр жараланып алты ай госпитальда жатып шықты.
Соғыстан кейінгі жылдары ұзақ жылдар бойы туған жерінде бейбіт еңбекке араласты.
Смағұлов Жазкен
1925 жылы Баянауыл ауданы Көкдомбақ ауылында туды. Соғысқа дейін Алексеевка МТС-да трактор жүргізушісі болып істеді.
1942 жылы майданға аттанды. Украинаны, Белорусияны жаудан азат етуге қатысады. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін “3 – Даңқ орденімен” және бірнеше медальдармен наградталды.
1945 жылы елге қайтып, бейбіт еңбекке араласады.
Марқұм атаның бейнесі ел есінде мәңгі сақталады.
Закиров Рахымтай
1941 жылы ел басына қауіп төнген әскер қатарына шақырылып, Целиноград қаласында әскери даярлықтан өтеді.
1942 жылы соғыс шебіне аттанады.
1942-1943 жылдары Воронеж түбіндегі соғысқа қатысады. 1944-1946 жылдар аралығында Прибалтикада соғыста қираған шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстарына қатысады.
Соғыстан кейін елге оралып еңбек етеді.
Марқұм атаның есімі ел есінде мәңігі сақталады.
Жармуханов Кәмәлбек
27 қаңтар 1920 жылы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауыл советінде туған. 1934 жылы Петроапвловск қаласына барып жұмысқа орналасады.
1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады.1940-1943 жылдар аралығында Приморск өлкесінде Қиыр Шығыс Әскери округінде болады.
1943 жылы Бірінші Украин майданына аттандырылып, Шепетовка түбіндегі соғысқа қатысады.
Кәмелбек атаның майдан жолы Польша арқылы Берлинге дейін жетеді. Соғысты Берлинде аяқтайды.
2 мамыр 1997 жылы дүниеден өтті.