Еркін Садықов
1935 жылы 12 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Большевик колхозында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы мұғалім.
Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек еткен. 1942-1945 жылдары Большевик колхозында бақташының көмекшісі болған.
1942 жылы бірінші сыныпқа барып, 1952 жылы Баянауыл орыс орта мектебін тәмамдаған. 1952 жылы жоғары оқуға барып, Алматыда ҚаЗГУ-ге тарих факультетіне түскен. 1955 жылы сырттан оқып, 1957 жылы оқуын бітірген. 1955 жылдан бастап 1984 жылға дейін мұғалім болып істеген.
1985 жылдан бастап Лекер ауылына көшіп келген. 1985-1995 жылдары еңбек демалысына дейін заготовкада жұмыс істеді. Осы жылдар ішінде бірнеше грамоталармен, дипломдармен марапатталды.
2018 жылдың шілде айында дүниеден өтті. Отбасында 5 бала тәрбиелеп-өсірген.
Марапаттары
Медальдар:
2005 жыл «Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
2010 жыл «Шестьдесят пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
2015 жыл «Семьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
Самар Иманбаев
1937 жылы 25 ақпанда Баянауыл ауылының бөлімшесі Қызылтау ауылында дүниеге келген. Білімі: орташа.
Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек еткен 1942-1947 жылдары Южный совхозында 7-8 жасында ауылдың бұзауларын бағып, анасына көмектескен. Сол кездегі колхоздың әртүрлі жұмыстарын істеген. 1947-1957 жылдар арасында Южный совхозында жылқы баққан. 1957-1982 жылдар аралығында Жосалы совхозында жылқышы болған. 1982-1991 жылдар кезінде Май ауданына қарасты Ақшиман совхозында жылқышы болған, сол жақтан еңбек демалысына шыққан. 1993 жылы Лекер қажы ауылына көшіп келген. 9 бала тәрбиелеген.
Марапаттары:
Медальдар:
«Золотая медаль» 26.10. 1973, 07.05.1974 жж.
«Лучший табунщик» 1971 жыл
«Семьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.», 2015 жыл
«Семьдесят пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 2020 жылы
«Құрмет белгісі» 1973 жыл.
Қасқатай Жумаканов
1936 жылы 26 наурызда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.
Ұлы Отан Соғысы кезінде 7-8 жасар Қасқатай атамыз ауылдың бұзауларын, қозы-лақтарын бағысып, анасына көмектескен. 1956 жылдан бастап Жосалы өндірісінде жұмыс істеген. 1975 жылы денсаулығына байланысты екінші топтағы мүгедектікке шыққан. Осы жылдар ішінде бірнеше грамоталармен марапатталды. Отбасында 6 бала тәрбиелеген-өсірген. 2020 жылы дүниеден өтті.
Марапаттары:
Медальдар:
2010 жылы «Шестьдесят пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
2015 жылы «Семьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
2020 жылы «Семьдесят пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
1988 жылы «Еңбек ардагері»
Исағали Жакенов
1928 жылы 25 сәуірде Семей облысында дүниеге келген. Семейден Баянауылға 1930 жылы келеді. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысы кезінде колхоздың малын баққаны үшін Саталиннің медалімен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейін, Жосалы өндірісінде жұмыс істеген.
1956 жылға дейін ауылдың әртүрлі колхоз жұмыстарын істеп, отбасына қамқор болған. 1956 жылы Зипаш Садықовамен отбасын құрған. 1956 жылдан бастап өндірісте еңбек етіп, әртүрлі салада жұмыс жасаған. 1965 жылы Лекерге көшіп келіп, мал бордақылау откорм пунктінде жұмыс істеген. Кейіннен зейнеткерлікке шыққан. 2013 жылдың 24 қазанында дүниеден өтті.
Марапаттары:
Медальдар:
«За доблестный труд В ознаменование 100-летия со дня рождения В.И.Ленина» 1970 ж.
«Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 2005 жыл,
«Шестьдесят пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 2010 жыл
«Ветеран труда» 1988 жыл
Зипаш Садықова
1934 жылы 25 наурызда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жосалы колхозында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбы деген жерде анасына пәуескемен жер жыртысып, бұзау баққан, әртүрлі жұмыстар істеген. 1947 жылдан Жосалыда сауыншы болған. 1956 жылдары тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасы Исағали Жакеновпен қой баққан. 1965 жылдан Лекерге көшіп келіп, жолдасына көмекшісі болған, зейнеткерлікке шыққан. Жолдасымен елу жылдан аса уақыт бірге өмір сүрген. 2013 жылдың 7 шілдесінде дүниеден өткен.
Марапаттары:
Медальдар:
«Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 2005 жыл,
«Шестьдесят пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 2010 жыл
Сақыпжамал Шақышова
1924 жылы 24 қазанда Баянауыл ауданы, Көкдөңбақ ауылы, Найзатас жерінде дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып, соғыс кезінде «Найзатас» жерінде алтын рудасын өндіруші болып жұмыс істеген. 1942 жылы Мұздыбай Смагуловқа тұрмысқа шыққан. 1945 жылы ескі Жосалыға көшіп келіп, өндірісте жұмыс істеген. 1956 жылдан мал бақты. 1970 жылы Лекер ауылына көшіп келіп мал баққан. 1974 жылдың қараша айынан жасына байланысты зейнеткерлікке шықты. 2009 жылы 17 қаңтарда дүниеден өтті.
Марапаттары:
«Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» мерекелік медальімен марапатталды. ҚР Президентінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 1439 Жарлығы бойынша.
Қабдолла Рысбекұлы Рысбеков
1936 жылдың 1 қаңтарында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Южный колхозында, Сарыөлең ауылында дүниеге келген. 1942 жылдан бастап еңбекке араласып мал баққан. 1952 жылдары Жосалыға көшіп барып қой баққан. 1973-1994 жылдар аралығында Лекер ауылында қой баққан. 1994 жылы зейнет демалысына шыққан. Жұмыс істеген уақытында Ұлы Октябрь 57-58 жылдығына Алғыс хатымен марапатталған. 1975-1974 жылдары, жақсы жұмыс істеген үшін 1 май мерекесіне орай Алғыс хатпен марапатталған. 2014 жылы өмірден өткен. Отбасында 4 бала тәрбиелеген.
Марапаттары: жұмыс істеген уақытта еңбек кітапшасына тіркелген.
Фарида Ахметова
1931 жылы 1 мамырда Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылының Қызылшілік бөлімшесінде дүниеге келген.
1941-1945 жылдары соғысқа киімдер тігіп, пошта арқылы жіберген. Сол кезде қоғамдық жұмыстардың бәріне қатысқан. Ауылдың малдарын бағысып, әскерге құрт-май жинасқан. Торайғыр ауылында мектепте оқыған. Соғыс аяқталған соң, 1948 жылы Семейдегі мал дәрігерлік техникумында оқыған.
1963-1964 жылдары Лекер ауылына жолдасы Мәтәй Ахметовпен көшіп келеді. Лекерде қоймада қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген, кейіннен зейнетке шыққанға дейін жанармай бөлімінің үлестірушісі болып жұмыс істейді. Басқада қоғамдық жұмыстарға қатысып, өз қолөнерін Алматыға дейін апарып марапатталған. 2016 жылы дүниеден озды. 5 бала өсіріп-тәрбиелеген.
Марапаттары:
Медальдар:
«Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Шестьдесят пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
1988 жылы «Еңбек ардагері»
Шәкира Иманбекова
1925 жылдың 25 мамырында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Южный совхозында дүниеге келген. Қарағандыдағы 2 мектеп-интернатында оқып 7 сыныпты бітірген.
Соғыс басталған жылдары Шәкира апамыз 16-17 жастағы қыз бала еді. Сұрапыл соғыста еңбек еткен. Күз бойы қырманда масақ теріп, көктемде егін салысып жұмыс істеген. Қыста қолғап, шұлық тоқып, тігіп майданға жіберіп отыруға көмектескен, сол уақытта майданнан келген хаттарды үй-үйге тасып, майданға жазып беріп тұрған, соғыс аяқталған уақытқа дейін осылайша жұмыс істеген. Соғыстан кейін тұрмысқа шыққан. 2009 жылы өмірден өткен. 12 бала тәрбиелеп-өсірген.
Марапаттары:
Медальдар:
2010 жыл «Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
1988 жылы «Еңбек ардагері»
Бибіжамал Данаділова
1914 жылы 24 наурызда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Южный совхозында дүниеге келген.
1942 жылдары тылда еңбек еткен, соғысқа байпақ, киім-кешек тігуге көмектескен. 1944 жылы тыл ардагері медальімен марапатталған. Кейін тұрмысқа шығып мал бағу шаруасында болған, жолдасымен қой баққан. Зейнетке шыққанға дейін Күркеліде тұрған. 2000 жылдары Күркелі ауылынан Лекер ауылына көшіп келген. 2012 жылы 98 жасында дүниеден өткен . 7 бала тәрбиелеген.
Марапаттары:
Медальдар:
«За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
1985 жыл
«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
1995 жыл
«Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 2005 жыл
«Шестьдесят пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 2010 жыл