Лекер қажы ауылының тарихы
Ақбектаудан Қалмаққырғанға дейін, Қызылтаудан Сарытауға дейін осы аралықта Лекер қажы ауылы орналасқан.
Лекер ауылы шамамен 1935 жылдары мал өсіріп, ет дайындайтын шаруашылық болып ұйымдасқан.
1940-1946 жылдары Баян ауыл орталығына қарайтын колхоз мал шаруашылығы болған екен.
1950 жылдары Лекерге Мәуке, Мысықбай аттас ферамалар қосылады.
1957 жылы бастауыш мектеп ашылды.
1957-1960 жылдары тұрғын үйлер салынып, ауыл тұрғындарының саны көбейді.
1961-1962 жылы Лекер мал бордақылау атқорм совхозы болып ашылды.
1970 -1978 жылдары Жосалы совхозына қараса,
1978-1989 жылдары Лекер жеке совхоз болды.
1984 жылы екі қабатты мәдениет үйі ашылып, 1996 жылы жабылды.
1989-1992 жылдары бөлімше ретінде Баянауыл совхозына қарады.
1992-1996 жылдары Павлодар қаласындағы Тұранбанкн қарады «Лекер» ографирмасы болды.
1996-2013 жылға шейін Лекер жеке ауылдық округ болды.
2005 жылы Лекер ауыл кітаптаханасы ашылды.
2007 жылы Ауылдық клуб ашылды.
2010 жылы Мектеп жанына Шағын балбақша ашылды.
2009 жылы ауыл тұрғындары Лекер қажы атамызға ас беріліп зиратының басына ескерткіш қойылды 2013 жылдан Қызылтау ауылдық округінің құрамына енді.
Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Лекер тұрғындарының бастамасымен Лекер қажының құдығы жаңартылып басына ескерткіш қойылды. Ауыл жастарының бастауымен 2018 жылы Лекер мектебіне күрес залы ашылды.
Ауылымызда 3 көше бар. Олар: Лекер қажы көшесі, Жаяу Мұса Байжанов көшесі және М.Ж.Көпеев көшесі. Ол көшелерде ауылдық клуб пен кітапхана, мектеп, балабақша, Лекер негізгі білім беру мектебінің спорт залы және медпукт орналасқан.