Еңбек ардагері

Мафруза Рақымқыз

Ауылдың кітапханашысы, еңбек ардагері  Мафруза Рақымқызы. 

Мафруза Рақымқызы 1925 жылы 25 желтоқсан күні Баянауыл ауданы «Болшевик» (Қазіргі Ш.Шанин) ауылында орта дәулетті шаруаның отбасында дүниеге келді.

  Лекер ауылдық кітапханасында ұзақ жылдар еңбек еткен – Мафурза Рақымқызы да тыл ардагері еді. Ер-азамат соғысқа аттанып, бар тауқымет ақ жаулықты аналар мен балаларға түскен қысылшаң шақта өзіңдей құбыларымен қатар үлкен ауыртпашылықты көтере білді. «Большевик» колхозының белді қызметкерлерінің бірі болды. Қаршадай қыз күндіз соқамен жер жыртып, егін салып, кешке үлкен әйелдермен бірге майдандағы жауынгерлерге жылы киім тігуге көмектесетін. Сонау зұлмат соғыс жылдары «Бәрі де майданға, бәрі де майдан үшін» деген қағиданы ұстанған ауыл адамдары тойып тамақ әшпей, бел шешіп демалмай, қажымай- талмай Ұлы Жеңісті жақындатан білді. Мафруза сол жұмыстарды ұйымдастырып, өзінің күнднлікті қарапайым еңбегімен ауыдастарына өнеге бола білді. Ат жалын тартып мініп, азаматтарша еңбек етті.

Соғыстан кейінгі ауыр жылдарда Баянауланың пошта – байланыс саласының белді қызметкері болды. Талай жауапты істерді мүлтіксіз атқарып, тынбай  қызмет жасады. Еткен еңбегі жоғары бағаланып, «Ерен еңбегі үшін», «Жеңістің 30 жылдығы» медальдарымен, «Үздік пошта қызметкері» белгісімен марапатталды.

1968 жылы отбасы жағдайымен Лекер аулына қоңыс аударуына байланысты, ауылдың кішкентай кітапханасына қызметке тұрды. Лекер қажы  ауылының кітапханасында ұзақ жылдар үздіксіз еңбек етіп, 1985 жылы ауыр науқас салдарынан өмірден өтті.

Мафруза Рақымқызын ауылдастары бірнеше рет жергілікті жердің депутатығына сайлап, үлкен құрметтерін білдірді. Депутат ретінде халықтың өзіне артқан сенімін білетін Мафруза ауылдастарының мұқтаждығын шешуге үнемі ат салысатын. Ол кісі ауылдың қоғамдық  өміріне де тынымсыз араласып, қолынан келген көмегін жерлестеріне  көрсете білетін. Өр мінезді, бір сөзді аса мейірбандығы  үшін Мафруза Рақыммқызы Лекер ауылының тұрғындары қатты құрметтейтін. Кітапханаға келген әр оқырманға керек кітабын тауып беріп, алдағы уақытта мамандығына орай немесе қызығушылығына байланысты ауыл тұрғындарының кітап оқуына өз кеңесін  беруден эсте жалықпайтын. Сабырлы, не нәрсеге болсын байыппен қарайтын, өз ісін әр кез құрмет тұтатын, қатал тәртіпке бағынатын, еңбек етуді, білім алуды ұрпағына үлгі етіп қалдырған осынау абзал жанның өнегелі істері мен ғибратты сөздері ұрпағының жадында мәңгі сақталарына сеніміміз мол.

Назымбеков Дәнібай

Назымбеков Дәнібай 10 ақпан 1937 жылы  Успенка ауданы, Максимовка ауылда туған. Баянауыл ауданына Лекер ауылына 1939  жылы көшіп келді. 2004  жылы 16 маусымда дүниеден өтті.

1956 жылғы «Тың жерді игерейік» деген үндеуден кейін, Баянауылдағы 3 айлық трактор дайындайтын  курста оқып, тракторист мамандығын алған. 1959 жыл отбасы құрып, жұбайы екеуі 9 бала тәрбиелеп өсірген. Ұлдары әке жолын қуып механизатор, шофер мамандықтарын алған. Дәнібай Назымбеков  бірнеше рет ауылдық кеңес депутаты болып сайланды.

Еңбегімен елге елеулі болып, төмендегідей мақтау қағаздарымен марапатталып, бірнеше дипломдар алды.

1969 жылы обылыстық кісіподақ комитетінен Мақтау қағазы.

1970 жылы В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты ауыл шаруаршылық  кәсіподақ комитетінің Мақтау қағазы.

 1972 жылы социалистік жарыстың жүлдегері, еңбектері жетікстері үшін , марапатталды.

1973 жылы Ұлы Октябрьдің 56 жылдығына Баянауыл аудандық кәсіодақ комитетінің жарлығымен марапатталды.

1980 жылы Соцаллистық жарыстың жеңімпазы аталды.

1986 жылы Баянауыл ауданың Құрмет грамотасымен марапатталды.

1988 жылы Павлодар облыстық депутаттар кеңесінің шешімімен «Еңбек ардагер» медалімен марапатталды. Осы уақыт арасында Лекер ауылында еңбек етіп,  знйнет дамалысына  шықтын.