Шоманым құтты мекенім,
Ай – күні көлге шомылған,
Таусылмас тарих беттері
Таңба боп тасқа соғылған....
Марал Задақызы
Шоманкөл ауылы Жұмат Шанин ауылының 1-ші бөлімшесі.
1930 - шы жылдары «Жаңа ұйым» колхозы болып ашылған, кейін 1957-1963 жылдар аралығында «Баянауыл» кеңшарының бөлімшесі болды, одан соң «Южный» совхозының 1- ші бөлімшесі болды. 1992 жылы «Жұмат Шанин» ауылы, Күркелі ауылдық округі құрамында. «Шоман ауылы» осы өңірде өмір сүрген Сатылған руының белді, беделді азаматы Шоман байдың есімімен байланысты болды.
Шоман Қазанұлы 1751 жылы Баянда туып, старшина, би болған. Шоман бидің 12 ұлы болған екен, ұлдарының бәріне бірдей құдық қаздырған. Сол құдықтар арнасынан асып, бірігіп көлге айналған – мыс. Шоман көлі әуелде ауыл тұрғындарының қысы – жазы қолданатын ауыз су көзі болған, таза әрі тұщы. Кейін мал шаруашылығы өркендегесін құдықтар қазылған.
Шоманның аумағы 29960 га. 455 шаршы шақырымды құрайды.
Соғыс жылдарынан кейін Баженеев Қайырбек деген осы елде басшы болған. Кейін 1993 жылдан Жұманбаев Соқырбек ферма бригадирі болып, одан осы ауылға көп жылдар бойы басшы болды. Ол кісіден кейін Сейфуллин Ғинаят 1977 жылдан 1990 жылға дейін басшы (управляющий) болып істеді.
Шоман ауылы, бұл ауылдың өзі дерлік қаншама тарих, қаншама сыр, қаншама құпия бұғып жатыр десеңізші.
Шоман көлінде құс сұлуы Аққудан бастап көптеген құстар мекендейді. Шағала, үйрек, қаз т.б. әр үйдің шаңырағына қасиетті құс Қарлығаш жылда ұя салады.
Ауылымыздың табиғаты әсем.
Қарақуыс жері аса бір кербез көріністі мекен.
Жұмат Шанин ауылының тумасы, ақын Жанаргүл Қадырова Қарақуыс жайлы
«Самал жел ғашық ән жазад...
Түн керім мұнда, таң ғажап.
Қарақуысты бір рет
Көрсе ғой шіркін бар қазақ» деп сүйсіне жырлаған.
Бұл жердің тауында арқар, киік, ақбөкен сияқты сирек кездесетін аңдар мекендейді.
Шоманкөл ауылында бастауыш мектеп, кітапхана және дәрігерлік пункті жұмыс істеп тұр.
Шоманкөл бастауыш мектебі
Бұл ғимарат 1994 жылы салынып, 1995 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда мектебімізде спорт залы, асханасы, компьютер сыныбымен жабдықталып, әлеуметтік желіге қосылған. Шоман бөлімше боп құрылғаннан қаншама ұстаз еңбек етті, Сарбасов Ғабдысаттар, Искакова Қапиза, Жамила Дәрімқызы, Бақыттыгүл Әпсәләмқызы, Шахметова Кенжегүл, Омарова Қазкен, Омарова Өрік, Сарбасова Арман. Қазіргі таңда Мұхамедьярова Роза, Сүлеева Айдана, Бейсембаева Дана ұстаздық етуде.
Осы мектептен білім алып түлеген түлектері алғашқы білім табалдырықтарын ұмытпай, жыл сайын ат басын тіреп, сый сияпаттарымен қуантып жүреді.
Шоманкөл ауыл кітапханасы
Кітапхананың қазіргі ғимараты.
Омарова Марал Задақызы
2007 жылдан бастап кітапханашы болып қызмет істейді.
1982 жылдан бастап 1988 жылға дейін кітапханада ауыл тұрғыны, зейнеткер Абдрахманова Гүлзира қызмет жасады.
Көбешова Баян
1969 ж. 15 маусымда Шоманкөл ауылында туған. 1979 жылы Шоманкөл ауылында 1 сыныпқа бастауыш мектепке барып, Большевик орта мектебін 1986 жылы бітірді.
Ермак қаласындағы «Жаяу Мұса атындағы мәдени ағарту» ущилищесін бітіріп, 1988 жылы ауылда кітапханашы қызметін атқарды. 1990 жылы отбасын құрды. Қазіргі таңда Ақсан ауылының мәдениет үйінде мәдени ұйымдастырушы болып жұмыс істейді.
1990 – 1993 жылдар аралығында ауыл кітапханасында Смагулова Әсемгүл Болатқызы қызмет еткен.