Ауыл азаматтары

Рахимжанова Ләззат Теміртасқызы

 

Ләззат Теміртасқызы  Жүнісбекова (Рақымжанова) 1970 жылдың 10 сәуірінде Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Күркелі округіне қарасты  Шоманкөл  ауылында дүниеге келді.  Жоғары білімді маман. Павлодар педагогикалық институтының тарих пәнін үздік тәмамдаған. Бүгінде облыстық «Ардагер-ветеран» газетінің  редакторы.

  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының елге, жерге, туған өлкеге тағзым ету мақсатында Баянауылдан шығып, жер-жаһанға әйгілі болған бірқатар ұлы ғұлама-тұлғалардың өмірлері, сондай-ақ, туған жерінің мақтанышына айналған бүгінгі күннің белгілі есімдері, сұлу өлкенің табиғаты, Павлодар облысының 80 жылдығы мен Астананың 20 жылдық мерейтойлары жыр болып енген «Баян деп соғар жүрегім» атты жыр жинағы мен уақытынан оза туған ардақты қазақ қайраткерлерінің ұрпақ болашағы үшін күресу жолында Алаш көсемдерінің өмірінен өнеге, азаттық жолында күрескен қайраткерлердің бейнелері сомдалған өлеңдері енген «Алаш аты мәңгілік» атты жыр жинағы жарық көрді. Бұл авторлық шығармалар жас ұрпақтың бойына  патриоттық рух беріп, отаншылдық пен мемлекетшілдік идеясын сіңірудің басты құралындай. Жиырма жылдан аса саналы ғұмырын ағартушылық саласына арнаған Ләззат Теміртасқызы бұл кітаптарының тұсаукесерін  Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған ел» бағдарламасы аясындағы «Мектебіме тағзым» акциясы шеңберінде өзінің түлеп ұшқан мектептері мен қызмет жасаған мектептерінің әріптес-шәкірттерінің қатысуымен туған  Баянауыл өлкесінде өткізіп, ұстаздары мен мектебіне тағзым ретінде ұсынған. Бұл шынайы патриотизм мен ұлтжандылықтың, жігерлік пен табандылықтың белгісі деп білуге толық негіз бар. Бұған дейін оның «Құлын жыр дауысы» жыр кітабы жарық көрген.

  Ләззат Жүнісбекова 2010 жылдан Баянауыл аудандық газетінің бас редакторының орынбасары болып қызмет істеді. 2015 жылы Павлодар қаласына қоныс аударғаннан кейін облыстық ардагерлер ұйымының «Ардагер-ветеран» газетінің жауапты хатшысы, қазақ бетінің редакторы болып тағайындалды. Келгеннен бері газет беттері қазақшаланып, түрлі тарихи-танымдық, салт-дәстүр, тіл мен әдебиетке байланысты көптеген айдарлар ашылды. Оның жанынан қоғамдық өзіндік орны мен ойлары қалыптасқан, тіл мен әдебиетті сүйетін белсенді ардагерлерден шығармашылық топ құрылды. Топ мүшелері әрдайым Ләззат Теміртасқызына тәлімгер ретінде қарап,  онымен  үлкен-жасы да ақылдасып, ойларымен бөлісіп жүруді әдетке айналдырған. Л.Жүнісбекова республикалық газет-журналдарға тек қана өзінің мақалаларын емес, сондай-ақ, осы топ мүшелерінің де мақалаларын жарыққа шығаруда көп еңбегі сіңуде.

  Ләззат Жүнісбекова - қазақтың салт-дәстүрі мен мәдени ұлттық құндылығын, тілі мен ділін жоғары бағалап қана қоймай, оны әр жүрген ортада насихаттап, көтермелеп, «жүректің ыстық жалауы» етіп қолдап жүреді.

   «Ақбалық» хазіреттің басына белгі қою жобасын ұсынған топтың құрамына еніп, «Ақбалық хазірет» туралы шыққалы жатқан кіаптың жинақталған материалдарын өңдеп-дайындауда көп үлес қосты. Бүгінде Май ауданы, Ақшиман ауылындағы Серектас жеріндегі қалмақтармен  шайқас өткен «Қалмаққырылған» тарихи жерінің зерттеу жұмыстарына белсене атсалысушы. Қазіргі күнде қоғамдағы тарихи-танымдық материалдарды жинақтап, шығармашылық жұмыстарын жүргізуде «Ақ Сандық» ютуб каналымен жұмыс жасауда.

Республикалық ардагерлер ұйымына 30 жыл, Астананың 20 жылдығана орай  шыққан Шымкенттің «Жебе» баспасынан  шыққалы жатқан «Ардақты ардагерлер мен билер» атты республикалық автобиографиялық энциклопедиясының ІІ томы мен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай шыққан ІІІ томының Павлодар өңірінен енген ел азаматтарының материалдарын жинақтауда көп еңбек жасаған кітап редакторы, және энциклопедияның алқалық мүшесіне енген.

  2018 жылы Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен алғаш өткен «Батамен ел көгерер»  батагөйлер сайысының жобасын ұйымдастырып, өткізудегі еңбегі ерен. Сондай-ақ, 2019 жылдың желтоқсан айында қазақ ғұламасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орайластырып өткен «Қазақстан – мәңгілік ел» Халықаралық таланттар академииясының мұрындық болуымен өткен республикалық өнер фестиваліне қоғамда белсенділік танытып жүрген  өнерпаз ардагерлер мен жасөспірімдерді жұмылдыруда осы жобаның облыстық деңгейде өтуінің ұйымдастырушысы ретінде Халықаралық  дәрежедегі «Құрмет грамотасымен» және Халықаралық таланттар академиясының мүшелік төсбелгісіне ие болды.

  Журналистік салаға әбден төселген. Газет безендіру техникасын жақсы меңгерген. Әдеби әдіс-тәсілдің түрлерінен хабары мол. Өлеңдері республикалық, облыстық баспалар мен кітаптарға енген.

  Ол - Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Журналистік салада істегеннен бері Павлодар облысы  әкімі сертификатының иегері, Павлодар облыстық Мәслихатының Құрмет грамотасымен, Халықаралық «Платон» дамыту орталығының, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігінінің Құрмет грамотасымен, «Ардагер және қоғам», «Айгөлек», «Ардақты ардагер» журналдарының, республикалық «Ардагер айнасы», «Сарыарқа» облыстық газеті мен облыстық ардагерлер кеңесінің алғысхаттарымен марапатталған. «Ұстаз мерейі», «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл» медальдарының иегері, Халықаралық ұстаздар Одағы бірлестігінің төсбелгісімен, сондай-ақ, журналистер күні қарсаңында облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің грант иегері. Республикалық ардагерлер ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды. «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ-нің, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында оқушылар арасында өтетін мүшайра-оқуларының әділ-қазылар құрамының мүшесі, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің, «Халықаралық ұстаздар Одағы бірлестігінің», облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі. «Ертіс-Баян әуендері» вокалдық тобының жанашыры, әрі белді мүшесі.

Ыдырысов Айбат Сейсенбекұлы

 

1986 жылы 22-ші қазанда Баянауыл ауданы, Күркелі а/о қарасты Шоманкөл ауылында дүниеге келдген. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі.  Көптеген облыстық, аудандық мүшәйралардың бірнеше мәрте жүлдегері.

Өлеңдері басылым беттерінде тұрақты түрде жарияланып тұрады.

  2017 жылдан аудандық Қаныш Сатбаев мемориалдық музейінде қызмет етті. 2020 жылы «Қазақ тілі» қоғамында қызмет етті. Қазіргі таңда Баянауыл ресурстық орталығында директор болып қызмет  істейді.  

Сейсенбек Мұсабек

 

  1993 жылы 20-шы мамырда Баянауыл ауданы, Күркелі а/о қарасты Шоманкөл ауылында дүниеге келдген. Қ.Кемеңгеров атындағы орта мектепте білім алып, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Көптеген  республикалық, облыстық, аудандық жазба ақындар мүшәйраларының жүлдегері. Қазіргі таңда  «Хлықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша Баянауыл аудандық филиалының төрағасы.  

  Мұсабек Сейсенбекұлының  «Қазақтың Қанышы», «Ескі ауылдың бейнесі», «Туған жеріме, Шоманкөліме ғашықпын» атты және әртүрлі мерзімді басылымдарға жарияланып жүрген көптеген шығармалары бар.