Шоманкөл ауылының ҰОС – ның және еңбек ардагерлері
Шоманкөл ауылынан ҰОС – на көптеген адамдар аттанған. Солардың ішінде от ортасынан оралмағандар қаншама. Абдрахманов Махмет. Москва қаласына дейін барып жеіңсті тойлап келген де бар. Ол адам Күмісбеков Сейфолла атамыз. Ауылға аман есен оралып, еліне қызмет еткен Сапбеков Мұхаммедсадық, Сапабеков Мұхаммедсалық, Бабиев Ашу. Соғыс даласынан жараланып келген Шахметов Төлепберген, кейін ауылда көптеген қызмет атқарды.
Қоқымбаев Жантұрсын, Жалбыров Тұрсынбек, Үрпеков Рахметолла, Ұзақбаев Айткен, Сарбасов Ыдырыс. Абдрахманов Ахмет, Иманбеков Хакім, Иманбеков Қабдығалым, Сыздықбеков Ақмұқан, Сыздықов Сансызбай, Дүйсекеев Жұмабай, Бұланбаев Слан т.б.
Дүйсекеев Жұмабай
1890 жылы туған, ҰОС – ның ардагері 1998 жылы дүниеден озды.
Бұланбаев Слан
1893 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Күркелі округінің Қызылшілік елді мекенінде дүниеге келген. Ауылдан Ыдырыс ата, Шекей ата, Сағынбек аталармен бірге соғысқа аттанған. Кейін жараланып елге оралды.
Сарбасов Ыдырыс
1897 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шоманкөл ауылына қарасты Қабырғасары деген жерде, «Жарық» өзенінің бойында, Сарбас қорасында туған. (Құжатта туған жылы 1913 деп көрсетілген) Медреседе оқып, арабша білім алды. ҰОС – ның ардагері. 1941 жылы Брянск облысында атқыштар дивизиясы құрамында майдан шебінде болды. 1943 жылы жараланып, 2 топтағы мүгедектігімен елге оралды. 1 – ші дәрежелі ҰОС – ның орденімен марапатталды. Одан соң елде ауылнай, колхоз басқармасының басшысы болды. Кейін пошташы болып қызмет етіп, еңбек демалысына шықты. Шайда әжеміз екеуі 6 перзент сүйіп, немере, шөбере көрді. 1992 жылы дүниеден өтті. Шайда әжеміз 2009 жылы дүниеден өтті . екеуі де дінге берік, бес уақыт намазын қаза қылмаған адамдар. Елдің, ұрпақтарының амандағын тілеп, дұдғада болды.
Марапттары:
орден Отечественной войны I степени
Берденов Сағынбек
1898 жылы қызылшілік ауылында туған,әскерге 22,05,1942 жылы Баянауыл АӘК арқылы шақырылған, қатардағы жауынгер. 1942 жылдың қыркүйек айында хабарсыз кеткен.
Шахметов Төлепберген
1901 жылы туған. 1942 жылы Баянауыл аудандық әскери комиссариаттың шақыруымен майданға аттанды. Ол кезде фашисттер Ленинградты қоршауға алып, қалаға қатынайтын жолдарды қиып тастап, күні түні бомбалаған. Ленинград, Карел майданының жауынгерлері жан алысып, жан берісіп,ерлік көрсетіп жатты. 138 ерекше атқыштар бригадасының құрамында болады. 1943 жылы жаз айында майданда кескілескен қанды шайқаста аяғынан жараланып, 11 ай госпитальда жатты, одан шыққан соң комиссия шешімімен соғыс мүгедегі атанып елге оралады. Соғыс және еңбек ардагері. Елге келген соң Қазкенқызы бибіқазилаға үйленіп, 6 ұл, екі қыз тәрбиелеп өсіреді. Ол денсаулығы қалпына келе бастағаннан колхозда әртүрлі жұмыстар атқарды. Большевик колхозының қоймашысы болды.
Марапттары:
орден Отечественной войны II степени
Медальдар:
«За оборону Ленинграда»
«За отвагу»
«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
Сапабеков Мұхаммедсадық
1905 жылы Шоманкөл ауылынан 4-5 шақырым жердегі Бәби қыстауында туған. Бұл жер бабалары Нияз, Жансарыдан бергі қыстауы. Әкесі Сапабек ел арасында абыройлы, діндар адам болған. Анасы Жанпейісқызы Қалыш пен інісі Мұхаммедхалық ерте қайтыс болады. Апасы Мәкен ұзатылып кетеді. Інісі Мұхаммедсалық екеуі анасынан ерте қалып жетімдіктің дәмін татып, ерте есейеді. ҰОС – ның және еңбек ардагері, ақын, атбегі, әнді сазына келтіріп айтатын әншәлігі де бар. 1942 жылы наурызда отан қорғау міндетіне шақырылып, жеңіс күніне дейін ұрыс даласында жаумен жан аямай соғысқан. Соғыстағы ерлік істерінің айғағы ретінде «1 – ші дәрежелі ҰОС – ы» орденімен, «Кенигсбергті азат еткен үшін», «ҰОС – дағы жеңіс үшін» бірнеше медальдармен марапатталады. Соғыс даласынан аман оралған соң Торайғыр ауылында 1947 – 1951 жылдары колхоз басшысы болды. 1951 – 1967 жылдар арасында «Қарақуыс қыстағында озат аға шопан атанып, зейнетке шықты. 1967 жылдан Шоманкөл ауылында тұрып, 1985 жылы дүниеден өтті.
Марапттары:
орден Отечественной войны I степени
Медальдар:
«За взятие Кёнигсберга.»
«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»
Сапабеков Мұхаммедсалық
1908 жылы Баянауыл ауданы Күркелі округі, Шоаман ауылының Бәби қыстағында туған. Жасатайынан оқуға алғыр, зерек, ынталы болған. Кеңес кезінде 7 – класстық қысқа мерзімді курсты бітіреді. Арнайы орта білімді зоотехник мамандығы бойынша алды. 1927–1929 жылдары конфескені көріп, ағасы Садық екеуі майқайың кен өндірісінде (шахтада) жұмыс істейді. 1932 жылы әкесі Сапабек қайтыс болғасын Омбы мен Петропавловскі арасында «Есілкөл» стансасында жүк тасушы болады. 1939 жылы «Жаңаұйым колхозына жұмысқа келеді. 1941 жылы осы жерден ҰОС – на аттанып, 21 моторландырылған атқыштар батольонына алынды, өзінің батылдығының арқасында қатардағы жауынгерден сержант дәрежесіне көтеріліп, орталық майдандағы 3 – ші екпінді әскердің 49 – шы атқыштар дивизиясы. 139 – шы гвардия атқыштар полкының командирі болып, ерен ерліктің үлгісін көрсетеді. 1943 жылдың 3 – ші қарашасында Калининград облысындағы бекіністі ұстап тұру үшін болған қиян – кескі ұрыста қатты жараланып, жарты жыл госпитальда жатып, өкпесіндегі неміс оғы алынбай, сол аяғы оң аяғынан 10 сантиметр кем болып, 2 – ші топтағы мүгедек ретінде елге қайтарылады. ҰОС – дағы ерлігі үшін 1947 жылы 3 – ші дәрежелі Даңқ орденімен, 2 – ші дәрежелі ҰОС орденімен және « Ерлігі үшін» медальімен марапатталған. 1965 жылы ҰОС – ның жеңісіне 20, 30 жыл, 1968 жылы КСРО қарулы күштеріне 50, 60 жыл мерекелік медальдарымен марапатталды. Елге оралысымен «Большевик» ұжымының зоотехнигі, «Жамбыл» ұжымының төрағасы қызметін атқарды. 1957 – 1963 жж Баянауыл кеншарының зоотехнигі болды. 1963 – 1971 жылдары «Южный» кеншарының ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарып, осы қызметінен зейнеткерлікке шықты. Сапабеков Салық қай қызметте істесе де еліне, халқына, ісіне адал болған. Мінезінің әділ, ойының парасаттылығымен ауыл арасында, ел ішінде абыройлы, жора жолдасқа сыйлы бола білді. ҰОС -– ның және еңбек ардагері Сапабеков Салық Сапбекұлы 1981 жылы 18 наурызда Шоманкөл ауылында дүниеден озып, сол ауылда жерленді.
Марапттары:
орден Отечественной войны II степени
орден Славы III степени
Медальдар:
«За отвагу»
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«50 лет Вооруженных Сил СССР»
«60 лет Вооруженных Сил СССР»
Сыздықов Сансызбай
1909 жылы Қызыл шілік ауылында туған. 11.02.1942 жылы Банауыл АӘК арқылы шақырылған. Қатардағы жауынгер. 1943 – 1945 жылдар арасында тұтқында болған. Босатылған.
Әбенов Нұртаза
1910 жылы туған. Баянауыл ауданы 16 – шы ауыл. 29.09.1939 жылы Алматы қаласының Сталин АӘК арқылы шақырылған. Қызыл әскер. 01.08.1941 – 28.08.1944 жылдар арасында тұтқында болған. Босатылған.
Абдрахманов Махмет
1913 жылы Жаманқыстау ауылында туған. 1941 жылдың 20 желтоқсанда Баянауыл АӘК арқылы шақырылып, қатардағы жауынгер болған. Содан хабарсыз кеткен.
«Қаз қатар тігілген киіз үйлердің бірін Асыл апа ұстайтын. Асыл апа кешегі сұрапыл соғыс жесірлерінің бірі еді. Ол кісінің хабарсыз кеткен жарына (Абдрахманов Махмет) деген шексіз махаббаты жеке әңгімеге лайық» деп жерлес ақын – жазушы Сүлеймен Баязитов жазған «Пайымдау» кітабында.
Жалбыров Тұрсынбек
Баянауыл ауданында туған. 1941 жылы Қарағандының Тельман аудандық әскери комисариатынан майданға аттанды. Украина жерінде соғыс тәсілдерін үйреніп 12 – ші атты әскер полкінің құрамында батыс украина жерінде кескілескен шайқастарға қатысады. Жеңісті Германияда қарсы алған. Соғыстан кейін туған ауылына оралып, өз ауылында дүниеден өтті.
Қоқымбаев Жантұрсын
1925 жылы туған.
1990 жылы қайтыс болды.
Үрпеков Рахметолла
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Үрпек елді мекенінде дүниеге келген. 1928 жылы Кереку қаласындағы педогогикалық училищесіне оқуға қабылданады. 1931 жылы оқуын бітіріп Кереку балалар үйінде қызмет атқарады. 1936 жылдан бастап Баянауыл ауданының бөлімшелері Мұрынтал, 1- ші май, 2-ші ауыл, сарыөлең ауылдарында мұғалім болады. 1942 жылы қаңтар айында әскери комиссариаттың шақыруы бойынша отан қорғауға аттанады. ҰОС–ы кезінде шығыс шекарасын қорғайды. 1944 жылдың аяғында елде мұғалім жетіспеушілігіне байланысты шақырту алып, елге қайтады. Өзінің ауылы Большевик (Қазіргі Шоман) сегізжылдық мектебіне орналасып, қызмет жасайды. Көптеген марапаттарға ие болып, білімді шәкірттер тәрбиелейді. 1971-1972 оқу жылында «Сарыөлең» бастауыш мектебінен зейнеткерлікке шығады. Жұбайы Көбешқызы Злиха екеуі 9 бала тәрбиелеп өсіреді. 1979 жылы 1-ші маусымда 73 жасында дүниеден өтті.
Сарбасов Ғабдысаттар
1928 жылы қарапайым отбасында өмірге келген. Өмір жолын білім беру саласына арнаған. Баянауыл ауданы, Шоманкөл ауылында бастауыш мектепте, ол кезде «Большевик орта мектебі аталды, 40 жылдан астам уақыт ұстаз болды. «Қарағанды педогогикалық техникумын» бастауыш мұғалімі болып бітірген. Одан соң қарағанды мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша бітірді. 1966 жылы Искакова Қапизамен отбасын құрып, 4 бала тәрбиелеп өсірді.
Білім саласындағы еңбегі еленіп, «КСРО» және «Қазақ КСР оқу ағарту ісінің үздігі» марапатына ие болды. Аталған бастауыш мектебінде талай шәкіртке білім беріп шығарды. Солардың бірі Ашуов Жұмабек халықаралық Абай қорының директоры, Павлодар педогогикалық университетінде тарих ғылымдарының кандидаты Сабданбекова Замзагүл. Сол сияқты қаншама шәкірттері әр салада қызмет жасап жатыр. Әке жолын қуған қызы Арман Ғабдысаттарқызы қазір Баянауылдағы Зейтін Ақышев атындағы мектепте бастауыш сыныптар мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісіболып қызмет істеуде.
Сабданбеков Әблеш
Әбілеш Сәбденбекұлы 1929 жылы, қазіргі Сарытауда дүниеге келеді. Әбілеш ақсақал: «Шешем марқұм, сен жылқы жылы, соғым сойып жатқанда тудың дейтін. Біз бес ағайынды едік. Үлкен ағам – Ермек, оның сыңары – Лапруза. Тағы бір ағам –Қабдолла. Менің атымды Абдолла деп қойыпты. Пайғамбардың есімін атап жүреміз бе деп, Әбілеш деп атап кеткен. Тағы бір Ләйлі деген апам болды. Барлығы Алланың ажалымен кетті», - дейтін. Ағасы Ермек Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтып оралмады. Денесі Украинаның Михайловка селосындағы бауырластар зиратында жерленген. Қалған бауырлары 30-жылдардағы ауыр зұлматтың құрбаны болды.
Сөйтіп, Сәбденбек атадан жалғыз – Әбілеш (Абдолла) атамыз ғана аман қалып, Сәбденбек ұрпағын жалғастыру міндетін мойнына алып, оны абыроймен орындап шықты деуге болады.
7 сыныпты жаңа аяқтаған Әбілеш атамыз, Ұлы Отан соғысы кезінде совхоздың ауыл шаруашылығында еңбек етіп, Ұлы Жеңіске өз үлесін қоса білді. Кейін 1948 жылдың қарашасында Бесқарағай ауданындағы, Бурас поселкісіндегі малдәрігерлік курсты тәмамдайды. Алғашқы қызмет жолын 1950 жылы, Торайғыр совхозының Ақшокы белімшесінін мал дерігері кызметінен бастайды.
1952 жылдың 20 қаңтарында Әйдекқызы Мәпішке, балаларының анасына үйленеді. 15 құрсақ көтерген Батыр Анамыз Мәпіш Айдекқызы, Әйдек әулетінің тұңғышы. Руы – Айдабол - Малқозы. Мәпіш анамыз жаны жайсаң, мейірімді жан болатын.
«Қазіргі Егіндібұлақ ауылында малдәрігері болып қызмет істеп жүргенде, әке орнына әке болған әкемнің ағайындары Ырысбек, Нұрбек ақсақалдар, елге қайт бір жерде болайық, біз қартайдық, сені арқа сүйеу еткіміз келеді деген сөздеріне шешем қосылды. Осы екі ақсақалды ренжітпе, менде елге барып Шоманда жатқан әкеінің қасында болсам, арманым болмас, иманды құдай береді»,- дейді. Сөйтіп, отбасымен Шоманға көшіп келіп, өмірінің соңына дейін осында еңбек етіп, Баянауыл ауданы құрметтеген азаматына айналды.
Шоманкөл ауылының көне көз қариясы, тыл ардагері Әбілеш (Абдолла) Сәбденбекұлы мен 15 баланы дүниеге әкелген Батыр Ана - Мәпіш Айдекқызы, ұрпақ тәрбиесіне зор үлестерін қосып кетті.
Омаров Тауекел
1934 жылы 8 наурызда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Күркелі а\о ( бұрынғы Южный), Шоман ауылында, «Сарытау» тауының бауырында дүниеге келген. Жеті жасқа келгенде соғыс басталып, соның салдарынан оқуға бармаған. 10 жасынан ұйым жұмыстарына араласып, әр түрлі жұмыстарды атқарған. Оның ішінде жер жыртуға соқаға жеккен өгізді айдау, егін егу, егінді жинау т.с.с. сол кездегі қолмен атқарылған жұмыстың барлығын орындаған. Әуелі мал шаруашылығымен айналысып отырған кішкентай ауылға «Жаңа ұйым» аты беріліп, колхоз құрылған. «Колхозды қолымен құрған сол кездің жасөспірімдері мен жастары біз болдық» дейді Тауекел ата. 1954 жылы Нақый атты қазіргі жұбайына қосылып, екеуі дүниеге 7 қыз, 1 ұл әкеліп тәрбиелеп, өсірген. Одан кейін совхоз болып, бөлімшелер құрылды, шаруашылықтың қандай жұмысы болса да мойымай жұмыс істеген Тауекел ата еңбегіне қарай алған марапаттаулары да жетерлік, оның ішінде «Еңбек ардагері» медалі, ҰОС - дағы жеңістің мерейтойларының медалдары, алғыс хаттары бар. Кеңес үкіметі кезінде 40 жыл үздіксіз мал баққан. Қажырлы еңбегінің арқасында 1991 жылы зейнетке шыққан. 1995 жылдан «ҰОС-дағы жеңістің 50 жылдығына» медалімен марапатталып, тыл ардагері атанды. Содан бері әр бес жылдықта ҰОС-дағы жеңістің мерейтойларының барлығымен марапатталып келеді. Қазіргі таңда немере, шөбере сүйіп отыр.
Марапттары:
Медальдар:
«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Еңбек ардагері»
Жанахметов Зада
Жанахметов Зада 1936 жылы тамыз айының 7-ші жұлдызында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шоман ауылының «Анафия қорасы» қыстауында дүниеге келген. 1944 жылы, яғни 8 жасынан «Жаңа ұйым» колхозында шаруаның бұзауын бағып жұмысқа кіріскен. 1945 жылы сәуір айынан бастап жер жыртуға соқаның өгізін айдайды. Соқа бітісімен жазғы шөп шабуға сырғының өгізін жетелейді. Келесі жылы ат тырнауышында атпен шөп жинайды. 1949 жылы Қарағанды қаласына барып Жамбыл мектебінде 7-9 сыныптарды оқиды. 1955 жылы қазан айында әскер қатарына шақырылып, Ташкент қаласында әскери борышын өтейді. Әскер қатарында жүргенде жазуы өте әдемі, әрі сауаты жетік болғандықтан штабта құжат толтырушы жұмысын атқарған. 1958 жылы Октябрьдің 40 жылдығы совхозына жұмысқа орналасып, онда 5 жыл істейді. 1961 жылы Сапабекова Амина екеуі отбасын құрды.
1963 жылдан өз туған ауылы Южный совхозына келіп, мал шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосты. Кейінгі жылдары «Первокласный механизатор» атанып, зейнетке шыққанша жұмыс істейді. Жұбайы Амина екеуі 5 ұл, 6 қыз бала тәрбиелеп- өсіріп, бар балаларын оқытып, әр қайсысына әр түрлі мамандық әпереді. Жұбайы Амина Салыққызы «Алтын алқа» иегері.
Осы еңбектерінің арқасында «За доблестный труд» медалімен 1970 жыл, «За трудовую доблесть» медалі 1973 жыл, «Еңбек қызыл ту» орденімен 1980 жылы марапатталады. ҰОС-дағы жеңісінің 40 жылдығына алғыс хатымен марапатталды. ҰОС-дағы жеңістің 50, 55, 60, 65, 70 жылдығы мерекелік медальдарымен марапатталды.
1993 жылы зейнетке шықты. 2016 жылы «Баянауыл ауданының құрметті азаматы» дәрежесін алды.
Ауыл өмірінің барлық шаруашылығының қыр сырын толық меңгерген әкеміз қолынан келгенше тұрғындардың өтініштерін жерге тастамай, көмегін көрсеткен адам. Жолаушы жүргенде ешбір кісіні жолда қалдырмаған. Сол адалдығының арқасында аудан көлеміне сыйлы болып, құрметті азамат деген атаққа ие болды. Қазақтың 7 қазынасын қастерлеп, бәріне жете мән беріп берен мылтығын, жүйрік атын, қыран бүркітін де баптап ұстағанын көзіміз көрді.
Ауыл кітапханасының оқырманы ретінде де көп мәліметтерімен бөлісіп, әлеуметтік желілерде бейнежазбалары қалды.
Марапттары:
орден Трудового Красного Знамени
Медальдар:
«За трудовую доблесть»
«За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» «Пятьдесят пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» «Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Шестьдесят пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Семьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
Сейфуллин Ғинаят
1939 жылы 14 ақпанда Баянауыл ауданы, Жаңа ұйым колхозында малшы отбасында дүниеге келген 1957 жылы Сыланқызы Рымтаймен отбасын құрып дүниеге 5 ұл, 3 қыз бала әкелген.
Еңбек жолын мал шаруашылығынан бастаған. Қой шаруашылығымен айналысып, жақсы көрсеткіштерге ие болған. Әр бес жылдықта жүзіне жүз жиырмадан қозы алып, үкіметтен «Еңбек қызыл ту», «Ленин» орденімен марапатталған. 1972 жылы Мәскеудің Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланған. 1973 жылы Мәскеуде ВДНХ – ға қатысып, адал еңбегі үшін «Москвия» көлігіне ие болды. 1973 жылы Красноармейка ауыл шаруашылық техникумында агроном мамандығын аяқтап, ауылда агроном болды. 1976 жылы Қойтас бөлімшесінде управляющий қызметін атқарды. 1977 – 1990 жылдар аралығында Шоман бөлімшесінде управляющий болып тағайындалды. 1990 жылы «Ақтас» фермасына келіп, ұлы Берік екеуі қой шаруашылығымен айналысты. Берік бас шопан, өзі шопанның көмекшісі болды. 1994 жылы зейнеткерлікке шығып, жеке меншік «Мекен» шаруа қожалығын құрып, өз еңбегінің әрі қарай дамуына үлесін қосты. 2003 жылы ұзақ науқастан кейін дүниеден өтті.
Марапттары:
орден Трудового Красного Знамени
Ленина
Алькенов Балтабай
Құндыкөл елді мекенінде 1946 жылы 17 наурызда дүниеге келдім. Әкем әлкен Омарұлы Майқайың алтын комбинатында «Найзатас» алтын кентінде еңбек етті. Соғыс кезінде арнайы броньмен елде қалып, күндіз түні шахтада ауыр жұмыста болды, сол себепті екі аяғынан жүре алмай 1946 жылы 1 топтағы мүгедек болып қалады. Содан ұзақ жылдар жатып, 1961 жылы өмірден өтті. Анам Жамал Қазиқызы Бұқар жыраудың алтыншы ұрпағы. Ол кісі де «Найзатас» алтын кентінде жұмыс істеген, түнде жіп иіріп жауынгерлерге қолғап, шұлық тоқып, киім тігіп майданға жөнелтіп отырған. 1962 жылы Павлодар автомектебіне түсіп, жүргізуші куәлігін 1963 жылы алып шықтым. Ауылда маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарына кірісіп, трактормен жер жырту, егін науқанында комбайн тізгінін ұстадым. Одан экспедитор болып әр салада жұмыс істедім. 1978 жылы егістік бригадирі болып қызмет қылдым. 1990 жылы жұмыссыздық белең алғанда «Сарышоқы» шаруа қожалығын ашып, 2006 жылға дейін талмай еңбек еттім. Қазір зейнеткермін балалардың қызығын қызықтап 16 немере, 3 шөберенің атасымын. Жұбайым Сарқыт Тұрсынбекқызы екеуміз 53 жыл отасып келе жатқан бақытты отбасымыз.
Үрпекев Рашид
1949 жылы 20 қазанда Баянауыл ауданы, Сарыөлеңде дүниеге келді. 1968 жылы Баянауыл орта мектебін бітіріп, 1969 – 1971 жылдарда әскер қатарында болды. 1971 – 1973 жылдар арасында Красноармейка ауыл шаруашылық техникумын «Техник – механик организатор» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1973 – 1990 жылдар аралығында Южный совхозында бригадир болып қызмет жасады. 1990 – 2013 жылдарда Шоманкөл ауылында есепші болып, зейнетке шықты.
Жұбайы Түкбаева Жұмагүл екеуі 1976 жылы отбасын құрып 4 бала тәрбиелеп, өсірді. Қазіргі күні немере, жиендерінің сүйікті ата әжесі болып отыр.
Сланов Болат
1953 жылы 18 шілдеде Баянауыл ауданы, Шоманкөл ауылының Байқожа жерінде туған. 1960 жылы Большевик орта мектебіне 1-ші сыныпқа бардым. 1969 жылы Ш.Айманов атындағы мектеп интернаттан 9-сынып бітіріп, 1970 жылы Жаңа тілек орта мектебінен аттестат алды. 1971 ж. Отан алдындағы борышын Германияның Фюрстенвальд қаласына өтейді. 1973 жылы Екібастұз қаласының кең профильді жүргізушілер курсын тәмамдады. 1975 жылы Диманова Қорланмен отбасын құрды. 1982 жылы ауылшаруашылық күніне орай Еуропаның бес мемлекетіне, яғни Болгария, Румыния, Венгрия, Югославия, Чехословакия елдеріне «Круиз по Дунаю» путевкасына ие болды. 1978 – 2017 жылдар аралығында зейнеткерлікке шыққанша автобус штурвалында елге қызмет етті. «Алланың жазуымен 1993 жылы жолдасым қайтыс болып Аймульдинова Кенжетаймен бас қостым. Кенжетай Сағитқызы жоғарғы санатты ұстаз, балаларды туғанындай тәрбиелеп, бәрін бір бір үй қылды. Қазіргі күні еңбегімнің зейнетін көріп, балалар мен немерелерді қызықтап, 70 тен астып барамыз», - дейді Болат аға.
Осындай адал еңбектің жемісін көріп отырған Болат Сланұлы ауыл кітапханасының тұрақты оқырманы. Ауылда өтетін барлық мәдени шараларға қатысады.