Файлдармен жұмыс
Сабақ 1. Логикалық есептер
Сабақ 1. Логикалық есептер
Құрметті 7-сынып оқушысы, жаңа тақырыпты бастамас бұрын өзіміздің логикалық ойлау қабілетімізді шыңдап алайық. Ол үшін төмендегі қызықты логикалық тесттерді орында.
Оқушылар бұл тестті орындау арқылы
Өздеріңнің ойлау деңгейлеріңді жетілдіре аласыңдар,
Мәселені әр тараптан қарап шешуді, анализ жасауды, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіре аласыңдар.
Жылдамдық есебі
Логикалық есепті шешу жолы:
Ұшақ 600 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ, 500 км/сағ жылдамдықпен 3 сағ ұшты. Ұшақтың орташа жылдамдығын табыңыз.
Есептің берілгені:
V1 = 600 км/сағ, t1 = 2 сағ,
V2 = 500 км/сағ, t2 = 3 сағ
Қайық тоқтау суда сағатына 18 км жылдамдықпен жүреді. Осы қайықпен көлде 2 сағат, ағыс жылдамдығы сағатына 3 км болатын өзенде ағысқа қарсы 4 сағат жүрген. Барлығы неше км жүрген?
Жылдамдығы 20 м/сек түлкі өзінен 60 метр қашықтағы қоянды 20 секунтта қуып жеткен болса, қоян жылдамдығы қанша болған?
Велосипедші 4 сағат бойы 18 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Барлық жолға жұмсаған уақытын 1 сағатқа азайту үшін жылдамдығын қаншаға арттырады?
Құйынның жылдамдығы 30 м/с. Құйын 9 км қашықтықты қанша уақытта өтеді?
А пунктінен автобус 64 км/сағ жылдамдықпен шықты да, 1 сағаттан соң В пунктінен жүк машинасы 36 км/сағ жылдамдықпен оған қарама қарсы шықты. Олар жүк машина шыққаннан 2 сағаттан кейін кездеседі. А және В пункттерінің ара қашықтығын тап.
Бір қыстақтан қарама қарсы бағытта бір уақытта шыққан екі атты адамның ара қашықтығы 6 сағаттан кейін 144 км болған. Бірінші адамның жылдамдығы екіншісіне қарағанда 2 км/сағ артық болса әр қайсысының жылдамдығын тап.
Екі саяқатшы бір қаланың орталығынан қарама қарсы бағытта жолға шығады. 12 сағат өткенде олардың ара қашықтығы 108 км болған және бірінші саяхатшы екіншісінен 2 есе жылдам жүретін болса әр қайсысының жылдамдығын тап.
Қоян мен қасқырдың ара қашықтығы 120м. 7м/с жылдадықтағы қоянды 8м/с жылдамдықпен қасқыр қуса қанша уақыттан кейін қасқыр қоянды қуып жетеді?
Асан бәсеке болатын қаладан 50 км қашықтықтағы ауылда тұрады. Қалаға велосипедпен баруға шешті. Асан алғашқы 10 км жолды жоспарлаған жылдамдықпен жүріп велосипеді сынып қалғандықтан ары қарай жаяу жүрді. Біраз уақыттан кейін Асан шаршап соңғы 24 км жолды машинамен жүрді. Асанның жаяу жүрген жылдамдығы велосипедпен жүрген жылдамдығынан 2,5 есе, машина жылдамдығынан 6-есе аз. Асан жоспарлаған уақытында қалаға бара алды ма?
Бақыт үйінен мектепке дейін 30 мин, ағасы 40 мин жүреді. Ағасы Бақыттан 5 минут бұрын шыққан болса, Бақыт ағасы мектепке барғаннан соң неше минуттан соң келеді?
Ара қашықтығы 25,6 км екі қаладан екі поезд бір бағытқа бірдей уақытта шықты. Бірінші поездың жылдамдығы 58,4 км/сағ. Келесі поезд бірінші поезды 4 сағаттан кейін қуып жеткен болса, екінші поездың жылдамдығын тап?
Бір ауылдан қарама-қарсы бағытқа 12 км/сағ және 14 км/сағ жылдамдығы бар 2 велосипед мінген 2 бала шықты. Алғашқы велосипед мінген бала екінші велосипед мінген баладан 1 сағат бұрын шықты. Алғашқы бала шыққаннан неше сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 64 км болады?
Ауылдан бала 5км/сағ жылдамдықпен шықты . Оның артынан 2 сағаттан кейін жылдамдығы 10 км/сағ болатын велосипедші шықты. Велосипедші шыққаннан кейін неше сағатта жаяу баланы қуып жетеді?
Қоян мен тасбақа 100 м қашықтыққа жарысты. Қоян мәреге жеткенде тасбақаның мәреге жетуіне 90 м кем қалды. Олар мәреге бірдей жету үшін қоян мәре сызығынан қанша метр қашықтықта болуы керек?
Екі қаланың ара қашықтығы 784 км. Екі қаладан бірдей уақытта біріншісі екіншісінен 10 км/сағ артық жылдамдықта екі поезд қарама-қарсы шығып, 8 сағаттан кейін кезікті. Әр поездың жылдамдығын тап?