Тармақталған алгоритмдер
Сабақ 3. Логикалық есептер
Сабақ 3. Логикалық есептер
Құрметті 7-сынып оқушысы, жаңа тақырыпты бастамас бұрын өзіміздің логикалық ойлау қабілетімізді шыңдап алайық. Ол үшін төмендегі қызықты логикалық тесттерді орында.
Оқушылар бұл тестті орындау арқылы
Өздеріңнің ойлау деңгейлеріңді жетілдіре аласыңдар,
Мәселені әр тараптан қарап шешуді, анализ жасауды, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіре аласыңдар.
Геометриялық мағаналы мәтін есептер
1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 1 м 25 см, ал ені одан 5 есе кем. Периметрі осы тіктөртбұрыштың периметріне тең квадраттың ауданын тап. Берілген тіктөртбұрыштың ауданы квадраттың ауданының қандай бөлігіне тең? (қайсысы қанша есе (пайыз) артық?)
2. Тіктөрбұрыштың периметрі 36 см. Оның ұзындығы енінен 4 см артық болса қабырғаларын, ауданын тап.
3. Тіктөртбұрыштың ауданы 48 см2. Ұзындығы енінен 3 есе артық.. Тік төртұрыштың қабырғалары мен периметрін тап. Периметрі онымен тең квадраттың ауданы одан қанша артық болады?
4. Квадрат формалы жер бөлігінің әр қабырғасын 5 м-ге ұзарту арқылы ауданын 265 м-қа арттырған болса алғашқы квадраттың ауданын тап.
5. Үшбұрыштың периметрі 29 см. Бірінші және екінші қабырғаларының қосындысы 16 см, ал екінші және үшінші қабырғаларының қосындысы 20 см. Әр қабырғаның ұзын-дығын тап.
6. Үшбұрыштың периметрі 64 см бір қабырғасы 18 см ал екіншісі үшіншісінен 12 см қысқа болса белгісіз қабырғаларын тап.
7. Тікбұрышты параллелопипедтің ұзындығы 9 см, ені ұзындығының бөлігіне, биіктігі енінің бөлігіне тең. Оның көлемін, толық бетінің ауданын тап. Көлемі оған тең болатын кубтың қырын тап.
8. 1 м3 судың салмағы 1 тн болады. Ұзындығы 6 м, ені 5 м, биіктігі 2 м тік бұрышты параллелопипед тәрізді ыдысқа қанша су сияды? Барлық өлшемдері 4 м болатын, куб формалы ыдысқа одан қанша (тн) артық су сияды? Бұл ыдыстардың қайсысын жасауға материал аз кетеді?
9. Аквариумның бөлігін сумен толтыруға 20 литр су кетті. Аквариумның көлемі қандай? Өлшемдерін (ұзындығы, ені, биіктігі бүтін дециметрмен өлшенеді) қалай алса аквриум жасауға кететін материал үнемделеді?
Заңдылықты табуға арналған есептер жинағы
Келесі сан тізбектерінің өзгеру заңдылықтарын анықтап, келесі мүшесі мен 21-ші және 60-шы мүшелерін табыңыз.
1) 6, 8, 10, 12, 14, ...
2) 7, 10, 13, 16, ...
3) 6, 9, 12, 15, ...
4) 6, 12, 18, 24, 30, ...
5) 1, 4, 9, 16, 25, ...