Сызықтық алгоритмді программалау
Сабақ 6. Логикалық есептер.
Сабақ 6. Логикалық есептер.
Құрметті 6-сынып оқушысы, жаңа тақырыпты бастамас бұрын өзіміздің логикалық ойлау қабілетімізді шыңдап алайық. Ол үшін төмендегі қызықты логикалық тесттерді орында.
Оқушылар бұл тестті орындау арқылы
Өздеріңнің ойлау деңгейлеріңді жетілдіре аласыңдар,
Мәселені әр тараптан қарап шешуді, анализ жасауды, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіре аласыңдар.
Сызықтық алгоритмді программалауға арналған логикалық есептер:
Бір және екі өркешті түйелер саны 28, өркештерінің саны 45 болса бір өркешті түйе санын тап?
Шешуі: 45 - 28 = 17 өркеш екі өркешті түйенің 2-ші өркештерінің саны → 2 өркешті түйе 17. 28 - 17 = 11 бір өркешті түйе саны.
Сүт толытырған ыдыстың салмағы 7кг. Жартылай сүт құйылған ыдыстың салмағы 4 кг. Ыдыстың салмағын тап?
Шешуі: 4 · 2 = 8кг 2 ыдыс, 1 толы ыдыс сүттің салмағы 8 - 7 = 1 кг ыдыстың салмағы.
Мысық Матроскин мен Шарик бір шөркені аралап кесуге 3 минут уақыт жұмсайды. Олар ұзындығы 3 метр бөренені 1 метр ұзындықтағы шөркелерге бөлуге қанша уақыт жұмсайды? Олар 20 минутта бөренені неше бөлікке бөліп кесе алады?
Шешуі: 3л бөренені 2 рет кесу керек. 2 · 3 = 6 минут, 3 мин · 6 = 18 мин
Жауабы: 18минутта 3 бөренені 9 бөлікке бөледі.
Ағайда үштік тиыннан 4, апайда екілік тиыннан 10 дана бар. Олардың тиыны тең болу үшін апай ағайға неше тиын беру керек?
Шешуі: 3 · 4 + 10 · 2 = 32, 32 : 2 = 16
Ағайда 12
Апайда 20 20 - 4 = 12 + 4
Екі дос көшеде келе жатып 10 теңге тауып алды. Егер 5 дос келе жатса неше сом тауып алар еді?
Жауабы: 10тг тауып алады.