Күрделі шарттар
Сабақ 5. Логикалық есептер
Сабақ 5. Логикалық есептер
Құрметті 7-сынып оқушысы, жаңа тақырыпты бастамас бұрын өзіміздің логикалық ойлау қабілетімізді шыңдап алайық. Ол үшін төмендегі қызықты логикалық тесттерді орында.
Оқушылар бұл тестті орындау арқылы
Өздеріңнің ойлау деңгейлеріңді жетілдіре аласыңдар,
Мәселені әр тараптан қарап шешуді, анализ жасауды, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіре аласыңдар.
1. Машина 90 км/сағ жылдамдықпен асфальт 3,2 сағат, 45 км/сағ жылдамдықпен тас жолмен 1,5 сағат, соңында 30 км/сағ жылдамдықпен қара жолмен 0,3 сағат жүрді. Машинаның орташа жылдамдығын тап.
2. Поезд жолдың алғашқы бөлігін 60 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат, екінші бөлігін 3 сағат жүрді. Поездің орташа жылдамдығы 52 км/сағ болса поездің екінші бөлікте жылдамдығын тап.
3. Машина 53,5 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат, 62,3 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат, 48,5 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Машинаның орташа жылдамдығын тап.
4. Машина жолдың алғашқы бөлігін 40 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат, екінші бөлігін 48,2 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрген болса машинаның орташа жылдамдығын тап.
5. Қайық өзен ағысымен 2 сағат, көлмен 90 км жолды 3 сағат жүрді. Қайықтың барлық жолды жүрген орташа жылдамдығын тап.
6. Жолаушылар поезы бір станциядан келесі станцияға дейін 67 км/сағ орташа жылдамдықпен жүрді. Сонан соң жылдамдығын арттырып екінші станцияға дейін 3 сағат жүрді. Жолдың екінші бөлігінде поез қандай жылдамдықпен жүрді?