Ұлы Отан соғысы 

«Майқайыңалтын» комбинатында 78 комсомол еңбек етіп, жоспарларын артығымен орындап отырған.

Жасөспірімдерден: Григорий Зубов, Александар Шадрин, Григорий Подгайнов, Шиш Әбдірахманов келді. Олардың көбі ерлер атқаратын бұрғылаушы болған О.Ф.Фатеева бір жұмыс сменасы уақытында 648 тонна кенді қопарып, күнделікті тапсырманы 1100,2 пайызға орындап, КСРО Жоғарғы Кеңесі «Құрмет Белгісі» орденімен, кен қолпарушы шахтер Қайкен әбілев берілген күнделікті тапсырманы 120 – 150 пайызға орындап, еңбектегі табыстары үшін ең жоғарғы марапат «Ленин орденімен», жұмысты 256 пайызға орындап, рекорд жасаған Белгібай Байқанов «Еңбектегі Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Майқайың кеншілері қажырлы еңбегінің арқасында Отан алдындағы міндеттерін – алтын өндірісін өркендету жұмыстарын нәтижелі орындап, жоғарғы көрсеткіштерге жетті.

«Қазақстан Пионері» танк колоннасының құрылысына 13 жасар пионер мүшесі Клара Пауанова 5000 мың сом ақша, Майқайың орта мектебінің 5 сынып оқушысы Қадылбек Ералин 5000 сом ақша, 12 жасар пионер мүшесі, Баянауыл қазақ орта мектебінің оқушысы Қапура Бұланбаева 1000 сом ақшаны жеңіс үшін деп майданға жіберген.

Аға буындарының ерлікке толы жанқиярлық әрекеттері ұрпақ үшін үлкен патриотизмнің мектебі болды. Ұлы Отан соғысында туған жерді қорғауға Майқайыңнан 500 – ден аса азамат қатысты.

Соғыс жылдары Майқайыңда майданға кеткен ер орнына шахтаға, карьерге, қара жұмыстарға әйелдер келді. Олар: Қайша Тайсалақова, Мүгілсім Сыздықова, Ольга Усова, Жаңылшақ Кенжебаева т.б. қажырлы еңбектерімен жеңіске өз үлестерін қосқан ер – азаматтар: Мүсілім Тасболатов, Александр Лабко, Серғазы Қауменов, ағайынды Жікіш, Қинаят Бралиновтер, Зияда Садуов т.б.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін елге оралған азаматтар өндіріс жұмысына араласып, оның өркендеуіне өз үлестерін қосты.

Майқайың жерінен 2 Кеңес Одағының Батырлары шыққан, олар Кудин Иван және Христенко Василий. 

Иван Назарович Кудин (03.05. 1923 жылы туған, Украина, Днепропетровск облысы, Кривой Рог ауданы, Новолозатовка селосы - 24.11.1983, Киев) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, старшина, взвод командирі. Кеңес Одағының батыры.

Соғыс басталғанда Кудиннің отбасы Павлодар облысына көшіп келді. Мұнда ол «Майқайың-алтын» тресінде есепші болып жұмыс істеді.

1943 жылы мамыр айында Ұлы Отан соғысына шақырылып, Борисов, Лида, Гродко, Расейный, Вильнюс, т.б. қалалар үшін болған ұрыстарға қатысты. 1944 жылы 29 - 30 маусымда 192-атқыштар дивизиясы 753-атқыштар полкінің бөлімдері Борисов қаласы үшін (Беларусь) ұрыстар жүргізді. Кудин 76 мм-лік зеңбірегімен жаудың 3 атыс ұясын жойды. Келесі бір шайқаста Березина өзенінен өте бастаған Кудиннің взводын жау авиациясы бомбаласа да, екі зеңбірегін танкіге тіркеп өзеннен өтті. Алайда жау бір зеңбіректі қиратты. Кудин аман қалған зеңбірекпен бір қанатқа шығып, жаудың екі станокты пулеметін және 30-дан аса гитлершіні жойды. Борисов қаласын алу және Березина өзенінен өту үшін болған ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін Кудинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3. 1945).

    Соғыстан кейін ол Ресейдегі Орынбор облысы, Бугуруслан қаласында тұрып, жұмыс істеді. 1983 жылы Киев қаласында жерленген. Павлодар қаласында  Әскери Даңқ аллеясында батырдың бюсті орнатылған. 


Марапаттары :

ордендер: Ленина

Орден Отечественной войны I степени

Орден Отечественной войны II степени

Красного знамени

"Знак почета"

"Золотая звезда" медалі

Христенко Василий Тимофеевич (1925-2010жж.)


1925 жылы 12 сәуірде Қазақ КСР Үлкен Михайловка ауылында қызметші отбасында дүниеге келген. Василий Тимофеевич Қазақстанның Павлодар облысының Майқайың кентінде 10 сыныпты бітірген. Ол шахтада бұрғылаушы болып жұмыс істеген. Кеңес Одағының батыры.

1943 жылдың қаңтарынан бастап Қызыл Армияда. Тамбов әскери жаяу әскер училищесінде оқыды. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушысы 1943 жылдың тамызынан бастап.

Василий Тимофеевич барлау ротасының барлаушысынан старшинаға дейінгі жолды жүріп өтті. Бірнеше рет в. т. Христенко шайқаста батылдық пен батылдық танытты.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін старшина в.т. Христенко Жапониямен соғысқа қатысты.

1946 жылы В.Т. Христенко демобилизацияланды. Орал политехникалық институтын және Свердлов заң мектебін бітірген. 1950 жылы Алтай қаласына жіберілді, тергеуші, прокурордың көмекшісі және Топчиха ауданының прокуроры болып жұмыс істеді.

1953 жылдан бастап в. т. Христенконың партия және кеңес басшысы ретіндегі мансабы басталды. Ол Топчиха, содан кейін Алей аудандық атқару комитетін басқарды, Змеиногорск қалалық комитеті мен КОКП Шипунов аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Алтай аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, КОКП XXIV және XXV съездерінің делегаты, РСФСР Жоғарғы Кеңесінің және Алтай аймақтық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

1992 жылдан бастап Василий Тимофеевич Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Алтай өлкелік комитетін басқарды, Алтай өлкесінің соғыс және әскери қызмет ардагерлерінің қоғамдық ұйымының төрағасы болды. Ресейдің соғыс және әскери қызмет ардагерлері комитетінің мүшесі. Алтай мемлекеттік техникалық университетінің құрметті профессоры.

Барнаулда Тұрды. 2010 жылдың 9 ақпанында қайтыс болды. Барнаулда Власиха зиратының Даңқ аллеясында жерленген.

Ленин (13.12.1972), Қазан төңкерісі, I (11.03.1985) және II дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, "Құрмет Белгісі", IV дәрежелі "Отанға сіңірген еңбегі үшін" (2005) ордендерімен, Құрмет орденімен, Достық орденімен, медальдармен марапатталған. Василий Тимофеевич-I, II, III (екі рет) және IV дәрежелі Даңқ орденінің иегері. 1997 жылы 30 Қарашада Василий Тимофеевичке "Алтай өлкесінің Құрметті азаматы"атағы берілді.


Марапаттары :

ордендер: Ленина

Орден Отечественной войны II степени


         Тоқпаев Жұмабек

(1921 – 2017)

Жұмабек Тоқпаев 1921 жылы Павлодар облысы  Григорьевка ауылында туған.

Еңбек жолын Ворошилов колхозында тракторшы болып бастады. Кейін 1939 жылдан бастап Павлодар ауданы Чернорецкий совхозында еңбек етті.

1942 жылы әскери қызметке шақырылды. 1942 жылдың тамыз айынан 1945 жылдың тамыз айына дейін атқыштар батальонының 72-ші бөлімінің құрамында пулеметші болған. 1946 жылы запасқа алынды.

   Әскерден кейін 1957 жылға дейін Чернорецк совхозында жұмысын жалғастырды. Осы жылы Баянауыл ауданы Майқайың кентіне көшіп, "Майқайыңалтын" комбинатында механизатор болып 1991 жылға дейін жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап еңбек демалысына шықты.


Марапаттары:

Медальдар: 

«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.»  

"За победу над Японией" 

Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков медалі
"Ерен еңбегі үшін"

"Тың өнімін жинауға қатысушы" медалі

"1975 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы" құрметті белгісі

"Еңбек ардагері" медалі

Баянауыл ауданының Құрметті азаматы атанды.

Жұмабеков Ырғыбай (Іргебай)

(1915 – 2015)

 

1915 жылдың 10 мамырында туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Егіндібұлақ а. тумасы.

Әскери білімі. Оқу полкі (РКФСР Владивасток қ.)

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың тамызында шақырылған. 4-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында атқыштар бөлімшесінің командирі ретінде соғысқан. Сталинград қ. үшін шайқастарға, Ростов-на-Дону, Таганрог ққ. (РКФСР), Украинаны азат етуге қатысқан. 1944 жылдың қаңтарында жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

«Майкаиналтын» комбинатының №1 фабрикасында аға шебер, бригадир, байыту фабрикасында жіктеу маманы, аға жіктеу маманы, күзетші, кочегардың көмекшісі, қосалқы шаруашылық цехында слесарь, «Бірлік» кеңшарында (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) қара жұмысшы. Павлодар автокөлік тресі 2566 автоколонасының косалқы шаруашылығында, Ленин автокөлік экспедициялық кәсіпорнында малшы, № 242 жол-пайдалану учаскесінде (Павлодар облысы) жол қызметкері болып істеген.

Баянауыл ауданының құрметті азаматы.


Марапаттары. 

Ордендер: 

Отечественной войны I степени, 

Трудового Красного Знамени; 

медальдар: 

«За отвагу», 

«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; 

«Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», 

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», 

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», 

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жыл», 

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жыл», 

«60 років визволения Украіни від фашистських загарбників» (Украина); 

белгі: «1941-1945 жж. соғыс ардагері».


Аудан ауыл шаруашылығының даму мен кадрларды тұрақтандыруда басты назар аударғын ұйымның бірі -  аудандық кәсіподақ ұйымы. 1941 жылы Баянауыл мен Майқайың поселкесінде алғашқы кәсіподақ ұйымы құрылды. Кәсіподақтар жұмысшылар арасында социалистік жарысты ұйымдастырып, басқарды.

Алтын шайқау фабрикасында Ұлы Отан соғысы жылдары Серікбай Каликов 1942 – 1945 жылдар аралығында басшылық етті. Майқайың кеншілері отты жылдардағы қиыншылықтарға қарамай 1934 – 1944 жылдар аралығында 7494,5 кг. алтын, 13328,4 кг. күміс өндіріп, жоғары көрсеткіштерге жеткен.

Майқайың кеншілері Ұлы Отан соғысы жылдарында түсті металлургияны өркендеті жөнінде кен қазу, алтын, күміс, мыс, қорғасын және басқа бағалы кеңдерді шығаруда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Кеңес үкіметінің шешімімен Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің Қызыл Туы мәңгі сақталуға берілген. 

Сұрапыл жылдары қазақ халқымен бірге өзге ұлт өкілдері фабрикада еселі еңбектің үлгісін таныта білді. Ұлы Отан соғысы жылдары Польшадан екі мыңға тарта босқындар  жер аударылған еді. Босқындарды жергілікті халық жатсынбай қарсы алып, ажалдан, аштық қырсауынан аман алып қалды.

Сол жылдары фабрика жұмысшыларының жартысына жуығын поляктар құраған.

Алтынды жуу фабрикасында Ұлы Отан соғысына қатысушы Іргебай Жұмабеков 1930 – 1970 жылдар аралығында ауыр еңбек жолдарынан өтті. Қажырлы еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.