Инфрақұрылымы

Зауыт басқармасынан әкімдікке дейін

Құрылысшылардың алғашқы қонысы 1840 жылдардың аяғында басталды. 1895 жылы кент Воскресенск тау-кен өнеркәсіптік қоғамына өтті. 1910 жылы кентті «Сименс» компаниясы басқарды. 1911 жылы Екiбастұз балқыту зауытының иесi ағылшын концессионері Лесли Уркварт қожайын атанды. Кентті арнайы зауыт қызметі басқарған еді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін Майқайында ауылдық кеңес құрылды. Біраздан соң, ауылдық жұмысшы, шаруа және солдаттық депутаттардан құралған кеңес, одан кейін кенттік еңбекші депутаттар кеңесі пайда болды. 1939 жылдан 1971 жыл аралығында басшылық еткен кеңестің барлық төрағалары мен әкімдері А. Төремұратов, Ш. Кенжебаев, У. Жүнүсов, А. Тілеубердин; 1970 жылдан 1975 жыл аралығында К.Сағитов, 1975 жылдан 1987 жыл аралығында Н. М. Әуезов; 1987 жылдан 1995 жыл аралығында Қ. И. Баязитов. 2004 – 2017 жылдары О. Қ. Ермекбаев. Кент 5 ауыл мекенінен тұрады -  Майқайың кенті, Үшқұлын, Майкөбе, Шөптікөл, Сұлужон ауылдарынан.

Қазіргі уақытта әкімшілігі бар  елді мекенде 10 мыңға жуық  адам тұрады. 

Ардагерлер кеңесі

1987 құрылған Ардагерлер Кеңесінің жұмысының басты мақсаты өсіп келе жатқан жас буынды ұлттық, патриоттық негізде тәрбиелеу, елді мекеннің қоғамдық өміріне қатыса отырып тыл, еңбек ардагерлерінің әлеуметтік жағдайын көтеру. Ардагерлер Кеңесінің ұжымы облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің сайыстарына қатысып бірнеше мәрте жеңімпаз атанған. Осы ұжымды 15 жылдай Еңбек ардагері Әбенов Мұхтар Зәпішұлы басқарды, қазіргі таңда ардагерлер Кеңесінің төрағасы Куанбаев Әлжан Кенжебайұлы.

Даңқ алаңы

Отан қорғауда қаза тапқан азаматтарды мәңігі еске сақтау үшін Майқайыңның орталық көшесінде 1975 жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесіне байланысты үлкен ескерткіш тақта орнатып, тасқа қажалып есімдері жазылды. Ол ескерткіш Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай жаңартылды.

 Майқайың мешіті

Халықтың қалауы бойынша 1995 ж. 5 мамыр күні Майқайың мешіті ашылды. Салынуына ат салысқан «Майқайың алтын» комбинаты, «Богатырь», «Майкөбе» көмір кеніштері, «Керегетас» руднигі және жергілікті кәсіпкер азаматтар. Мешіттің бас имамы Бодаубек қажы Солдатұлы. Майқайыңда жас ұрпақты тәрбиелеу бағытында қоғамдық «Ақ қайың» қоры жұмыс атқарады оның төрағасы Солдатұлы Бодаубек қажы.

М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі

Майқайында ең алғашқы мектептің 1930 жылы құрылды. Алғашында ол 2 сыныптық, соңынан – төрт сыныптық орысша-қазақша мектеп болды. 1937 жылы ол орта мектеп болып қайта құрылды. Майқайын қазақ ЖОМ 1939 жылы құрылды, бүгін мұнда алғашқы түлектерді, соғыстан қайтып оралмаған, әрі оралып қайта еңбек сіңірген ұстаздардың еңбегі ұмытылмақ емес. Талғатбек Абдразақов – ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, соғыс және еңбек ардагері. Қабиболла Оспанов – профессор, химика ғылым-дарының докторы. Бақытбала Сүбекова – Қаз.КСРО еңбек сіңірген ұстазы, 1957 ж. Мәскеуде өткен Дүниежүзілік жастар фестивалінің делегаты. Бакір Қазықанов Қаз.КСРО еңбек сіңірген ұстазы, В. И. Ленин орденінің иегері. Мұқаш Сәрсекеев “Қазақстан мектебі” журналының бас редакторы. Тәжібай Шаймерденов – білім беру үздігі, екі мәрте Еңбек Қызыл ту орденінің иегері. Жасұлан Адамов – физика ғылымының  кандидаты.

         2015 жылы 420 орындық жаңа қазақ мектебі ашылды.

Балалар жасөспірім спорт мектебі

Майқайындағы ең танымал спорт түрлері – жекпе жек жарыстары және футбол. 1970 жылдары «Металлург» футбол командасы В.Почтарев, А.Шадрин, А.Борн ойыншылары арқасында бүкіл КСРО ға танымал болған.

Балалар – жасөспірімдер спорт  кешені 2005 ж. қайта жөндеуден өтті. Екі спорт залдары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта онда 500-ден астам оқушы, жастар мен ересектер спортпен шұғылданады. Майқайың спортшылары арасында – түрлі жекпе жек түрлері мен спорттық ойындардан халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері. Дүниежүзі, Еуропа, ТМД және Қазақстан чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Майқайың ауылдық учаскелік ауруханасы (АУА).

Майқайың ауруханасы 1932 жылы құрылған. 1932 жылдан бастап Майқайыңда медициналық көмек тек бір ғана білікті дәрігерден және орташа білімді медбикелерден тұратын. 1936 ж. – 19, 1940 – 35, 1950 – 50. 1960 – 175, 1967 – 225  жататын орын болды. 1936 жылы аурухана бас дәрігері – Макина, Борис Абрамович Котляр, ал емхананың бастығы Л.С.Беляева болған. 1952 – 1964 жылдары бас дәрігер болған Ұлы Отан соғысының ардагері, әскери хирург В.В Рокованов «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері.

1955 жылы 2 этажды типтік аурухана салынды. Аурухана «Майқайыңалтын» комбинатының медико-саниралық бөлімі ретінде 10 000 астам адамға қызмет көрсетті. АУА стационар мен емханадан тұрады. Стационарда хирургиялық, балалар, терапевтік, гинекологиялық палаталар, босану бөлімдері жұмыс істейді. ЭКГ аппараты және емдеу кабинеті бар. Медицина қызметкерлері участок бойынша жұмыс істейді, кесте бойынша терапевтік, хирургиялық, емдеу рентгендік, әйелдерге және балаларға

Ол 1,5 жылдық медбикелер қурсын ұйымдастырды, 175 керуеттік аурухана кешені ашылып, құрамында хирургия, терапия, перзентхана, балалар консультациясы, рентген кабинеті, балшықпен емдеу бөлімі болды.

1964 – 1995 жылдарда аурухананың бас дәрігері болып, Қарағанды медицина институтының түлегі, хирург, 20 жылдан аса денсаулық саласында үздіксіз еңбек еткен еңбек ардагері К.Б.Сейсекенов, Р.О.Мұқатова, Ю.И.Почкин. Кейіннен ауылдық дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері болып Дулат Қуатайұлы Шалғынбаев қызмет атқарды. Аурухана Үшқұлын, ЦЭС, Шөптікөл, Сұлужон тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті, арналған кабинеттерде, сондай-ақ физиокабинеттерде шамамен 190-200 кісілік қабылдауды құрайды.

Майқайың кітапханасы 

1969 жылы Майқайың кентінде кітапхана ашылды. Кітапхана кент әкімшілігімен бір ғимаратта болды. Алғашқы оқырмандар мектеп директоры Ш.А.Жасылғұсованың басқаруымен мектеп мүғалімдері болды, сондай-ақ, К.С.Сағитов, М.З.Әбенов, А.Х.Вальтер, В.Г.Вирт, Л.И.Воеводина т.б. болды. Кітапхана тарихы осылай басталды.Кітапханада Чикаева Роза Қайырбайқызы, Бәкірова Бәну Мұхтарқызы, Х.Қ.Сағитова.

Майқайың кітапханасында бірнеше мәрте облыстық, аудандық семинарлар өткізіліп отырды. ОКЖ құрылғаннан бастап кітап қорының біріктірілуі жақсарды, оқырмандарға қызмет көрсету үлкен деңгейге жетті. 2005 жылы Майқайың ауыл кітапханасы Баянауыл ауданының моделді кітапхана болып белгіленді. Жаңа технология «Рабис» бағдарламасы еңгізілгеннен бастап электронды каталогтарды, өлкетану бойынша мәліметтер базасын құру, интернет мүмкіншілігін белсенді қолдану мүмкіншілігі туды, құжаттарды электронды түрде жеткізу, мамандар үшін қажетті ақпараттарды іздеу мен жеткізу іске асырылды.

Кітапхана МҮ жаңындағы жаңа ғимаратқа көшті. Қазіргі күнде 2000 мыңнан астам оқырмандарға 25 мыңнан астам кітап қоры бар. Бұлар көркемдік, техникалық, жаратылыстану-ғылыми әдебиеттер, анықтама басылымдары, «Мәдени мұра», «Бабалар сөзі» т.б. сериясынан кітаптар. Ауылдың негізгі бөлігіне абонемент әдебиеттермен ауысу орны ғана емес, сондай-ақ рухани қарымқатынас орны болып табылады. Мұнда көпшілік ісшаралар, шолулар, әдеби кештер, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерімен кездесу кештері, дөңгелек үстелдер, оқырмандар конференциялары, ауызша жорналдар өткізіледі. Жиырма жылдан аса біздің кітапханамыздың оқырмандары болып В.А.Байгузина, А.С.Рақымжанова, О.Бейсембаева, Э.Сакман, Ш.Жалмұханова, Л.И.Воеводина, О. Сайфуров, Қ.Ж. Әкішева, Г.Т. Башарова, Т.М. Сүйінбеков, Қ.Қанапин т.б. табылады. Қ.Ж.Әкішеваның  жеке бай кітапханасы бар, ол кісі кітапхана белсендісі, кітапхана кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, біздің кітапханамызда Майқайың кентіміздегі сыйлы адамдардың бірі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Баянауыл ауданының құрметті азаматы - Әбенов Мұхтар Зәпішұлы белсенді оқырмандарымыздың бірі болып табылады. Ол кісінің әдебиет оқудағы қызығушылық шеңбері өте ерекше. Көркемдік әдебиет, ҰОС туралы әдебиеттер, мемуарлар, тарихи және саясатты әдебиеттер, «Бабалар сөзі» сериясындағы кітаптар. Бізде отбасылық формулярлар да бар. Біздің кітапханамызда ең оқырман отбасылар – Воеводиндер, Бейсенбаевалар, Әкішевалардың, Жалмухановтар, Катьетовалар т.б. Көп жылдар бойы кентіміздің кітапханасында қызмет атқарған еңбек ардагері Н.С.Байғұлова қазіргі таңда құрметті демалыста. Бүгінгі күні А.Айтмағамбетова, М.А. Мажитова, , Ш.К. Кенжетаева, Т.И. Абылқасова  кент кітапханасында қызмет атқаруда.

Кітапханада бірнеше клуб және үйірме жұмысын жалғастыруда. 2008 жылы ашылған «Денсаулық» клубы 12 мүшесінен қүралған.

Клуб мақсаты – денсаулық адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауырларға ұшыратының, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту, денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру, денсаулығын күтуге, бағалауға насихатттау.

Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімі жанынан құрылған «Жас азамат» клубы 2009 жылдың 1 желтоқсанында ашылған. Құрамында 13 мүше болған. 2021 жылдың қыркүйек айынан қайта клуб мүшелер құрамы тоғыз болып ауысты.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық біліммен өзін-өзі  жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, өз Отанының тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің жанынан құрылған «Шеберқолдар» үйірмесі 2014 жылдың 15 қазанында ашылған.

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беруге балалардың шеберлігін көрсету . Балалардың  шығармашылық  жұмысқа тарту  арқылы  танымдық қабілеттерін ,  қызығушылығын  арттыру, жетістіктерін  бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру , өздігінен  еңбек  етуге  дайындау , іскерлігін дамыту.

Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің жанынан құрылған «Жас өлкетанушы» өлкетану үйірмесі 2022 жылы 25 қаңтарында ашылды. Мақсаты: Туған жерінің мәдениеті мен тарихына сүйіспеншілікпен қарау. Адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерді бойларына сіңіру. Оқушылардың туған өлкеге, туған жеріне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке насихаттау.