Павлодардан 145 шақырым жерде қойнауы бай мекен кеншілер кенті, атауы да ақындық негізбен аталған Майқайың орналасқан. Осыдан болар, Қазақстанда оған аттас жер жоқ. Бұрындары осы жерде көптеген қайыңдар өскен деседі. Жағалай құм басқан, тасты өлке, суы тапшы. Бұл жерге ешқандай өсімдік бітпейді. Ал бұл қайыңға ешқандай кедергі жоқ көрінеді. Ол өз тамырын кеңінен жайып, өсіп келеді. Ыстықта көлеңке түсіріп, кең жазық далаға ерекше әр беруде.
Бұл 1876 жылы генерал-майор Н.Щербинамен жасалған топографиялық экспедиция кезінде анықталды. Ол сол кезде Үлкен тұзды көлінен Майқайындық екі еселік жолаққа (оның ортаңғы бөлігі миллиондаған жылдар бұрын өшкен ежелгі вулканнан тұрады) дейінгі жерде геодезиялық түсіріліммен айналысқан көрінеді. Сол кезеңнің өзінде отряд құрамына енген геожұмысшы, қайыңның ерекше жапырақтарын, сол кезде әр бір жапырақ майлы пленкамен жабылғандай, ерекше құрылымды аңғарған екен. Осы ерекшеліктің арқасында әр бір ағаш ыстық ауа райында тіршілік етіп, ауадан ылғалдылықты сіңіре білген (олар 1940 жылдарға дейін сақталынып, әскери құрылым жылдарында жаппай кесілген). Адамдар бұл жерлерді сонау 2800 жыл бұрын игере бастаған. Мұнда табылған ең ежелгі карьердің орны бұған айқын дәлел болып табылады, ол кездері сақтар кенді өндіріп, қоланы балқытып, қару-жарақтар мен еңбекке қажетті құралдар дайындаған. Майқайын өлкесі он шақты тарихи дәуірді басынан кешірді. Оның кең алқабынан ғұндар мен монғол тайпалары, көшпенділер өткен. Баянауыл мен Қызылтау қыстағына жол алған көшпенділердің аялдамасы болғанын санамағанда, көптеген уақыт бойы оның аумағында адамдар тұрақтамаған. 500 жылдай бұл Ертіс бойы жазығының алтын мекені атаусыз қала берген. 18 ғасырдың соңында, Сібір бойымен өткен «Алтай жерінен және Томь өзені бойынан орыс көпестері осы жаққа алтын көпір болып өткенде» Майқайың мен Баянауылдағы жер қойнауындағы байлықты тапқан. Баянауылдық көпес Поповтардың, қазақтың кен тапқышы Қосым Пішенбаев, және ағылшын өнеркәсіп иегері Лесли Уркварттың арқасында ол Ресей империясы, кейін КСРОның экономика картасында өз орнын алды. Әсіресе, өндірістік Поповтар отбасы жайында тоқталып өткен жөн. Оның ішінде ең дарындысы Степан Попов, Баянауыл станцияда орнын тапқан, Шөптікөлде балқыту зауытын ұстаған. Ол ұлдарымен Баянауыл ішкі округінің кең байтақ жерінде кен мен көмір өндіру құқығына ие болған. Поповтарда ерен еңбек сіңірген жұмыскерлердің бірі Қосым Пішенбаев 1866 жылы конторға Майқайың кенінің үлгісін алып келеді, сол кезде көп ұзатпай кіші Степан Попов бір топ қызметкерлерді сол жерге жібереді. Майқайың жеріне ең алғаш тұрақты тұрғындар 1912 жылдың сәуірінде қоныс тепті. Осы күннен бастап кенттің тарихы жазыла бастады, бүгінгі күнде тура 100 жыл толып отыр. Ең алғашқы үйлер мен шаруашылық құрылыстар ағылшын өнеркәсіп иегері Лесли Уркварттың Екібастұз балқыту зауыты жұмыскерлерімен салына бастады. Осы адамды Майқайынның негізін қалағандардың бірі ретінде санауға толық негіз бар. Уркварт геолог болды, мыс және металлургия ісінің үздігі, ұлты шотланд, Смирн түрік қаласының тумасы, Бакуде мұнай өндірістерін, Оралда, Батыс Қазақстан мен Алтай өлкесінде соңғы технологиялардың көмегімен кен өндіру өнеркәсібін ұйымдастырған. Ол өзіне Екатеринбургтен бастап Кенді Алтай өлкесіне дейін созылған 400 метр шаршы көлеміндегі барлық мыс политехникалық көздерін концессияға алған. Майқайынның кенді өлкесін зерттей келе, ол бұл жерде алтынның қойнауы бар екендігін анықтады. Өз тұжырымдамасын жасыру үшін, ол алтын кендерін қорғасынды рудалармен жапқан. Ол аздай, кейінірек ағылшын журналында, Майқайың – бұл кішігірім полиметалдық орын, және ол соншама маңызды өндіріс бола қоймас деген. Осылайша ол басқа ірі қарсыластарының назарын аудармауына тырысқан. Ал өзі болса АҚШтағы Перфири-Коппер кішігірім кенін аралап шыққан, ол Майқайыңнан айнымайтын көрінеді. Уркварт барлығын бөлшектей зерттей келе, Екібастұзда қорғасын – цинктік балқымасымен айналыса бастайды, ол жасырын түрде алдын ала балқыту жұмыстарын жүргізіп, концессионер кішігірім Клондайкқа тап болғанын түсінеді. Уркварт бояуларды дайындау сылтауымен жергілікті құрамында қорғасыны бар шикізаттан кенді өндіру ісін оңтайлы шешеді, және Екібастұзда өз қолымен алтын мен күмісті балқытқан, ал олардан кірпіштер жасаған. Алтын мен күміс балқымаларын қорғасынмен қаптап, Ертіске жеткізген. Воскресендікте арнайы баржаға тапсырады, бұл жерден Кенді Алтай, Риддерге жеткізіледі. Осы жерге Майқайыңнан алынған кенді апарып, темірді алмастыратын металл деген желеумен өнеркәсіпті іске қосады. Бірақ ақиқатты жасыра алмайсын, Урквартуға балқыманы Екібастұзда жасыруына тура келді. 1916 жылға дейін бұл жер Екібастұз зауытының басшылығына бағынды. Алайда Майқайың кенінде жұмыскер қайтыс болады, Уркварт жедел түрде кен орнын Майқайыңда қайта өндейтін кәсіпорын ретінде бұл жерлерді уездік басшылыққа тапсырады. Кентте өмір тоқтап қалады. Он жыл бойы Майқайыңдықтар ірі қара малмен айналысады. Кент өз орнында қалады, онда бұрынғы кен орны мен байыту фабрикасының жұмыскерлері қалады. Олар өздерінің табиғи шаруашылықтарымен айналысты. 1922 жылы бұл жерлерге геологтар келеді және қайтадан майқайындық кен көзін ашады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін үкімет шешімімен 1924 жылы Қазақстан кен байлығын барлаушылар – Н.Г.Кассин, Р.Г.Барукаев, Г.И.Медоев және басқалар Майқайыңда кен байлық көзіне барлау жұмысын бастап, 1928 жылы Баянауыл өңірінің пайдалы түсті металл кендерін зерттеу, барлау жөнінде геологтар партиясы құрылды. Оның басшысы болып В.Н.Гуцевич тағайындалды. Барлаушы геологтар партиясының жұмысшылары мен мамандарының негізгі міндеттемелері бірінші бесжылдықта Баянауыл өңірінде бірініші тау – кен өндірісін ашу болды. Гуцевичке үлкен міндет артылды – кеннің құрамындағы мыстың барлығын тексеру. Барлаушылар үлкен аумақты қамтыды. Александровкада марганецтің көзі, ҚызылШілік пен Майқайыңда – алтынның, Бозшакөлде – мыстың, қорғаныс және күмістің бар екендігі анықталды. Аумақтық зерттеу жұмыстарын аяқтаған соң, геологтар Майқайыңның пайдалы қазба кен байлықтың молдығына көзі жетеді. «Прибалхашстрой» трестінің бұл жерге деген қызығушылығы артып, бір топ жұмысшы топты осы жаққа жібереді. Олар көптеген терең скважиналарын салады, бұл жерлерде жүз жыл бұрын кен орны болатын. Осы ретте Баянауыл ауданының аумағындағы, Майқайыңның маңайындағы кен байлықтарын іздеу, кеніштер ашып, оларды орналастыру жұмыстары жүргізілді. Олар: Жосалы, Найзатас, Шөптікөл, Александровка, Қазанауыз және Төртқұдық. Зерттеулер арқасында, Майқайыңдағы байытылған кеннің келешекте алтын өндіріп, барлық шығындарды өтеп, жақсы пайда әкелетініне көз жетті. Нәтижесінде кен көзін ашқан барлық топ «мыс» аумағымен бірге алтын бар деп танылады. Бұл аз уақыт ішінде Қазақстанның түсті металлургиясының дамуына жол ашты. Қайта жаңғырған Майқайыңдық кен өңдіру орны ең бір айтулы орталықтардың біріне айналды. «С» бай кен орнының геологы Черников аумағы 48 де 25 метр, тереңдігі ді 20 м. құрайтын ежелгі карьерді тауып алады. Геолог қазбалай түсіп, оның астына түседі де, онда мыс кенін, бұрындары пайдаланған тас құрылғыларын тауып алады. Бұл ашылулар Ленинград геологиялық институтында сақталынды, кейін Алматыға көшірілді. Барлау жұмыстары ұзақ уақытқа жоспарланды. Ол үшін көптеген жұмыскерлер қажет болды. Тұрғындардың саны көбейе бастады. Кентте жаңа тұрғын үйлер салына бастады. Жаңа құрылыс объектілері болашақ қазіргі заманғы Майқайың кентінің іргетасы еді. 1930 жылы Майқайыңда алғашқы мектеп ашылды, дәрігерлік участок пайда болды, жаңа жергілікті атқарушы орган құрылды. Кентті ауыл кеңесі басқарды. Одан кейін Жұмысшы, Шаруа және Қызыл әскер депутаттарының Кеңесі болды.Майқайың елді мекені жұмысшылар ауылы саналып, Ауылдық Кеңес болып жарияланды. 1932 жылдың 11 қыркүйегінде халық комиссариаты ауыр өнеркәсіп бас басқармасының бұйрығымен, «Майқайың алтын» комбинаты құрылып, Майқайың кенті алтын түрінде бағаланды. Бұл жүктелген міндеттемелердің орындалуын комбинаттың алғашқы директоры К.И.Меньшиков басқарды. Сол жылдан бастап Майқайың өндірісінің Баянауыл өңірінде кен игеру жұмыстары өркендей бастады. 1933 жылы жұмыс қыза бастады. Комбинат кен шығара бастады, іріктелген алтын, байытылған қоспалар, бағалы заттар мен құрылыс материалдарын игерді. Майқайыңдықтарға алғашқы автокөліктер келеді – төрт Газ-АА және 14 ЗИС-5. Локомобиль-генератор және тағы 10 автокөлік әкелінеді. «Майқайыңалтын» комбинатының қарамағына кен барлау партиясы, ондағы жұмысшылар, техник-мамандар, кәсіпорын бөлімшелері, құрылыс мекемелері тегіс беріліп, кен барлау жұмысы, алтын өндіру, күрделі құрылыс кеніштері, фабрика, электр станциясы, кәсіпорындар, тұрғын үй салу жұмыстары жүктелді. Келесі жылы алтын айыру фабрикасы салынды. Сол жылдары Отанға сол фабрикадан алынған Майқайыңның бірінші мәртебелі алтыны берілді.
Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, үлкен Майқайың мен кіші Майқайыңның аралығыни алып жатқан ақшыл желкенді майлы қайыңды алқаптың орналасуына байланысты «Майқайың» деп аталған. Қойнауы кенге бай өлкенің ашылуы 1895 жылы барлаушы – геолог А.А. Краснопольскийдің есімімен байланысты.
Ал 1914 – 1919 жылдары ағылшын концессионері Лесли Уркварт Майқайыңда кен барлау жұмысын жүргізіп, пайдалы қазба кен байлықтың молдығын анықтайды.
Ағылшын концессионерлері патша үкіметі мен оның жергілікті әкімдерінен Майқайың жерінің топырағынан «бояу жасап шығаруға» рұқсат алады. Сөйтіп, жер бетіне таяу, аса терең емес үш скважина орнатылып, тереңдігі 20 м-ге дейін үш шахта барлау орыны қазылады. Алтын, күміске бай кен топырағын қазақ кедейлеріне қолмен қаздырып, қолмен тергізіп, Екібастұздағы қорғасын – қалайы зауытына жеткізіліп, онда алтын, күміс түрінде өңделеді. Таза және жартылай қорытылған алтынды ешкім сездірмес үшін, оны қорғасынмен араластырып, Англияға жөнелтіп отырған. Олар Майқайың жерінен 5000 тоннадан аса қазба кең байлық топырағын қазып алып, одан шыққан алтын, күмісті пайдаланады.
Қазан тоңкерісі бүкіл елде түпкілікті жеңді. 1919 жылы ағылшындар мен олардың олжалас сыбайластары Екібастұз бен Майқайыннаң біржола қуылады.
Үкімет шешімімен 1926 жылы Қазақстан кен байлығын барлаушылар – Н.Г. Кассин, Р.Г.Барукаев, Г.И.Медоев және басқалар Майқайыңда кен байлық көзінің барлау жұмысын бастап, 1928 жылы Баянаула өңірінің түсті металлургиясын, пайдалы қазбалар кендерін зерттеу, барлау жөнінде геологтар партиясы құрылады. Оның басшысына В.Н.Гуцевич тағайындалады. Барлаушы геологтар парьтиясының жұмысшылары мен мамандарының негізгі міндеттемелері – бірінші бесжылдықта Баянаула өнірінде тау – кен өндірісін ашу болды. Геологтар партиясының жұмысын партия ұйымы қадағалап отырды. 1929 жылы 12 тамызда Майқайыңда Солтүстік Баянаула кен – барлау партиясының ВКП (б) мүшелерінің ұйымдастыру жиналысы өткізілді.
Партия ұйымының хатшысы болып, партия мүшесі 1924 жылдан бұрғылаушы мастер Д.М.Севастьянов сайланды, ал 1930 жылдан партия ұйымының Қабыш Жанағұлов басқарды. Майқайың 1926 – 1939 жылдары ең ірі күкірт қышқылын өндіретін кәсіпорын болып есептелінді.
1932 жылғы 11-қыркүйектегі ауыр өнеркәсіп халық комиссариаты бас басқармасының бұйрығымен, «Майқайын алтын» комбинаты құрылып, Майқайың кені алтын түрінде бағаланды.
Майқайың кен байлығын халық игілігіне пайдалану, қолдану жұмысы басталды.
1932 жылғы 1 қазанда ауыр өнеркәсіп халық комиссариаты бас басқармасының бұйрығымен «Майқайың алтын» комбинатының қарамағына кен барлау партиясы, ондағы жұмысшы – мамандар, кәсіпорын бөлімшілері, кен барлау жұмысы, алтын өндіру, күрделі құрылыс кеніштері, фабрика, электр станциясы, кәсіпорындар, тұрғын үй салу жұмыстары тапсырылды. Сол жылы кішкентай шеберхана, ағаш бөлімшесі, кен қазу, алтын айыру жұмыстарымен байланысты кеншілерге деп тұрғын үй, жатақхана, мәдениет орталықтары салу ісі қолға алынды.
1932 жылдан бері «Майқайың алтын» комбинатының орталық кеніші қазба байлықтарды өндірумен айналысуда. Жабық кен щахталары қазылып, ондағы негізгі құралдар қайла, күрек, сүймендер болды. Шахта астынан сыртқа шығарылған кен фабрикаға көлікпен тасылып жеткізілетін. Сол жылдары жол асуына жүктер тасу, қазылған кен, кеннің бетіндегі тау жыныстарын және шахтадан шығатын кенді тартатын негізгі күш көлік – ат болды. «Кәләмәшкеә дейтін екі доңғалақты арбаға ат жегіп, жүк тасылып, күнделікті берілген тапсырма асымен орындалатын. Майқайың өңдірісінің күнделікті жол қатынасына, тасымалға көбінесе ат, түйе, өгіз күштері пайдаланылды.
Еліміздің өндірістерінде стахановшылар қозғалысы кеңінен таралып, стахановшы – рекордшылар шыға бастады. Майқайыңда стахановшылар қозғаласын Тақу Қожанов бастап, ең алғаш «Алтын – платина өнеркәсібінің» стахановшысы белгісін алған еді.
2-ші, 5-ші, 8-ші нөмірлі, «Үлкен» және «Кіші» шахталарында стахановшылар жарысының атағына ие болушылар – Жұмаш Жәкеев, Мәйміш Усалинов, Мәжит Смағұлов, Төкен Сыздықов, алғашқы шахтер Оралбай Асқаров т.б. Екінші шахтаның смена мастері, алғашқы оқыған азаматтардың бірі – Мәруан Қажыкеев (1938 ж. бітіріп келген). Қани және Әди Шәріповтер бұғанасы қатпастан еңбекке араласты. Ысқақ Иманов, ағайында Шайпыран, Бәзкен Оспанов, Қабыш Әбенов, Ғаббас Асылов т.б. 1937 жылы кен мастері Нұрғали Шәденовтің сменасында жас шахтар Жолдас Бейсекеев рекорд жасаған. Ол кен қазу және шығару нормасын 537 пайызға орындап, стахановшылар қозғалысының жеңімпазы атанған. Шәкір Кенжебаев алғашқы бесжылдықтар тұсында екпінді стахановшы болып, жұмыс нормасын асыра орындап, есімі бүкіл облыс, республика жұртшылығына әйгіленді. Ол 1932 жылы партия қатарына қабылданып, кеніш бастығының орынбасары, кейіннен 1940 – 1957 жылдар аралығында Майқайың ауылдық Кеңесінің төрағалығына сайланды. 1938 – 1952 жылдар аралығында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
1939 жылы фабрика алтын өндіруді амальгациялық және цианистік әдіспен жүргізді. Амальгациялық фабриканың құрылысы кеңейіп, 1945 жылы алты «Бейльдон» чашасы қойылды. Алтынды бөліп алу 80-85% дейін жетті. Осылайша Майқайың мемлекетке өзі өндірген жоғары сынамалы таза алтынды тапсыра бастады. 1930 жылдардың соңында газет беттерінде жазық далада орналасқан жаңа индустриалды өлкенің суреттемесі былай баяндалған; «Көше артындағы кеншілер үйінің үстінен күңгүрт-сары тұқым (дымқыл ярозит) қазған экскаватор көрінеді, ол Майқайыңның қолданыстағы эмблемасы. Төбешік жиегінде түтінделген құбыры бар айналма фабрикасының корпусы тұр – мұнда айналма – диірменде кен ұсақ шикізатқа айналады. Кеннен кенге дейін бағаналар мен трансформаторлық дүмбешектер тізілген, олардың арасынан сым желілері тартылған су құбыры жүргізілген. Темір сылдыры, дабыл гуілі, ысқырық және байыту фабриканың тарсылы». Алайда «Майқайыңалтын» тресі алғашқы күндері іске қосылған күннен бастап көптеген қиыншылықтарға тап болды. Өндіріске автокөліктер мен электрқуаты және білікті жұмыскерлер жетіспеді. Әлі де болса жер қыртысын әзірлеу үшін старательдік артелдер тартылды. Алтынды бутарах арқылы шайып, кеннің бай сым темірлерінен бөлініп шығарылды. Шахтаның пештерінде күміс, мыс және қорғасындар балқытылды. Қазанауызда (Майкайынның оңтүстігі 75 шақырым) кварц желілерін ұсақтап, «Качкарка» типінде амальгамамен алтын шығарылды. Қыстыгүні Александровский шурфтарда және Төртқұдықта старательдік жұмыстар жүргізілді.
Сумен жабдықтау мәселесі Майкайынның оңтүстігінде 20 шақырым жерде орналасқан әк тас Кайдульск мульдасында (астаупішініндегі шоғыр) су қоры бассейннің ашылу есебінен шешілді. Бұл сумен жабдықтаудың негізгі қайнар көзі болды. 1940 жылы одан су құбырының алғашқы желісі тартылды. Су бөгеттері барлау ұңғымалары бойынша жүзеге асты. Майқайыңға су асбоцементті құбырлар арқылы тартылды. Тұщы су жеткіліксіз болғандықтан, тұзды сумен араластырылды. Судың жетіспеушілігінен Майқайыңда жиі іркілістер байқалып, ол өндірістің үдерісіне кері әсерін тигізді. Алтынды өңдейтін өндіріс қарқынын үдету кәсіпорынның энергетикалық базасын одан әрі дамытуды талап етті. 1939-1940 жылдары барлығы өзгерді. КСРО-ның үкіметі комбинатты техникалық қайта жабдықтау және кенттің барлық әлеуметтік құрылымын толық жоспарлай отырып, өңірге үлкен күрделі салым жіберді. Өндіріс шығынсыз жұмыс істей бастады. Майқайыңшылардың өмірі күрт өзгерді. Кірпіш және әктас зауыттары салынды, тағы бір пилорама, ағаш өңдейтін шеберхана орнатылды. Шикізат өңдеуін аяқтайтын фабрика іске қосылды. Шахтада скипті өрлеулер шығарылды. Шөптікөлде мехшеберхана, ал Майқайыңда - орталық шеберхана ашылды. 1940 жылы циандау және ұнтағыш бөлімшесін іске қосу жоспарланған. Майқайыңнан 40 шақырым жер арқылы өтетін Ақмоладан Павлодарға дейін салынған жол арасы көптеген мәселелер мен міндеттерді шешуге көмектесті. Кадр мәселесі орындарда шешілді. Кеншілер ауысым жұмыстарын аяқтап, аралас кәсіптерді меңгерді. Майқайыңға кен кәсібі бойынша арнайы дайындықтан өткен Қани мен Әди Шәріповтер келді. Олардан кейін басқа да білімді білікті кадрлар келді. Стахановшылар қозғалысы кең етек жайды. Комбинаттың ұжымында 225 стахановшы, өндірістің 333 озатшылары болды. Кенші Жолдас Бейсекеев жоғары нәтижелерге ие болды. Ол ауысым нормасын 537 % асыра орындады. Еңбек майталманы, стахановшы Шәкір Кенжебаев Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Соғыс ойлағанды жүзеге асырмады. Барлық қаражаттар Майқайың алтынын өндіруге бағытталды. Соғыс жылдары алтынды өндіру күрт өсіп, жылына екі тоннаны құрады. Осы көлемдегі үлестің біразы Найзатас кеніне тиісті еді. Майқайыңның оңтүстік-батысындағы 110 шақырым жерде кварц кені 1940 жылы ашылып, соғыс бойы жұмыс істеді. Соғыс жылдары еңбектегі ерлігі үшін «Майқайыңалтын» комбинатының ұжымына Сергей Луняковпен бірге КСРО Қорғаныс Мемлекеттік Комитетінің Қызыл Туы табыс етілді. 1942 жылы 19 сәуірде бұрғылаушы О.Ф. Фатеева күндізгі нормасын 100,2 пайызға орындады. Ол Майқайыңда алғашқы жұмыскер болып, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды. Соғыстан кейін «Майқайыңалтын» комбинаты шикізат қорларын одан әрі барлау үшін шаралар қолданды. Іздеу барысы кезінде полиметалл кені анықталып, Майқайыңдық кендері салынды. Алтын өндірісі өсе бастады, сондықтан химикаметаллургиялық бөлімшесіне ерекше көңіл бөлінді. Ең негізгі алтын өндіру фабрикасы кентте салынып, кеңейді. Алдымен селективті флотация жетекші болды. Одан кейін фабрика жанында флотациялық бөлімше құрылып, ұжымдық флотацияның әдісі бойынша түрлі концентраттар алынды: алтын - 80%, мыс - 50-60%, қорғасын - 60% және мырыш - 65%. Содан кейін байыту цехтары әрбір кенде салынды. Әсіресе тұрғын үйлерде су жетіспеді. Комбинаттың геологтары іздеу жұмыстарын жүргізіп, қосымша жер асты су қайнарын тапты. Сумен жабдықтауды арттыру үшін № 17 ұңғымадан екінші сутартқыш құрылды. Тұрғындарды сумен жабдықтауды қамтамасыз етуде бас геолог С.Н. Мурзалев, геолог-барлаушылар П.Н. Геронин, Н.Н. Сиромаха, шебер-бұрғылаушы Н.М.Дегтярев, 3.С. Тарасов, забойшы Әді Шәріпов, Хамит Ақышевтер үлкен үлес қосты. Төлеу Макішев бригадасы да екпінді еңбек етті. Ертіс-Қарағанды арнасы арқылы су жіберілгенде, Майқайыңға 46 шақырым жерге су құбыры тартылды және оған насос бекеті салынды. Одан кейін тағы бір құбыр тартылды. Ертіс-Қарағанды арнасы іске қосылғаннан кейін Майқайыңда су мәселесі толығымен шешілді. Өндіріс өзгерді, байыту фабрикасының қызметкерлері оттың қолданусыз және жоғары температурасыз металдарды өндіретін мамандар болды. Өзіндік құнның төмендетуінен шығынсыз жұмыс істеуге мүмкіндік берді және үш миллионнан астам рубльдің үнемдеуі комбинат пен кенттің әлеуметтік саласын жақсартуына пайдаланылды. Майқайыңнан 25 шақырым ара қашықтықта орналасқан Шөптікөл карьері әзірлеу есебінен және комбинаттың құрамына енген қоңыр көмір кентті жылу беру көмірімен қамтамасыз етті. Көмір карьер тәсілімен тереңдігі 15-20 метр жерден шығарылды. Жылына 20-30 мың тонна көмір шығарылады. Жұмыстың артуынан Майқайыңда электроэнергияның жетіспеушілігі байқалды. № 59 мехколонна көмекке келіп, Майқайыңға дейін салынып жатқан Екібастұз ЖЭС-нан бос тұрған металл тірекке электротасымалдағыш желісінің (ЛЭП) құрылысын салды. Майқайың отын электрстанциясы тоқтатылды. 1951 жылы Шөптікөлде газгенераторлы электростанция іске қосылып, Екібастұз ЖЭС-мен бірге параллелді түрде жұмыс істеді. Оның екі қозғалтқышы жаңартылып, станция кентке қосымша ток көзін ұсынды. Майқайың кеншілері комбинаттың өндірістік даму жылдарында Майқайыңды байланыс бөлімшесімен және Төртқұдық кенті, ЖЭС, Шөптікөлді орталық қазандықтарын салды. Майқайыңшыларда қалдықтарды өңдейтін технология пайда болды. Алтынды өңдегеннен кейін қалдықтар көп қалды. Олардың қалдықтарынан көптеген қажетті жаңа өнімдерді алуға болады, атап айтқанда: баритті ауырлатқыш, құрылыс қиыршықтасы, индий металлы, лак пен бояулар үшін пигменттер. Майқайыңның көптеген кеншілері түсті металлургияны дамытуда жоғары жетістіктері үшін КСРО-ның ордендерімен және медалдарымен: Ленин орденімен - 9, Қазан Революциясы орденімен-4, Еңбек Қызыл Ту орденімен -34, Халықтар достығы орденімен-2, Құрмет белгісі орденімен-37; Еңбек даңқы орденімен -8; «Еңбектегі ерлігі үшін» медалмен-30; «Еңбектегі еңбегі үшін»медалімен -38 марапатталды.
2005 жылы басқаруға «Ресей мыс компаниясы» келді. Оның келуімен кәсіпорынды дамыту концепциясы өзгерді. Жаңа инвестор 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын әзірлеп, алдына өздігінен жүретін техниканы қолданумен жерасты өндіруіне көшу, барлық жабдықтарды ауыстыру және технологияны жаңарту жылына өндірісті 500 мың тоннаға дейін жеткізу міндетін қойды. Қазір тау өндірісі кешенінде екі рудник: ЖерастыМайқайың және «Алпыс». «Майқайың-Б» руднигі классикалық сызба бойынша аршылған: электровоздық жолмен екі тік діңгек, горизонт бойынша «кесім» және бүйірлік түбі бар камералар жұмыс істейді. «Алпыс» руднигі өздігінен жүретін техникаға ыңғайлы етіп аршылған және «кесілген». Көлемді арттыра отырып, өндірісшілер Майқайың-Б карьерінің жиектік қорларын аршу және өздігінен жүретін техниканы қолданумен 280 метрден төмен жатқан қорларды аршу жұмыстарын ұйымдастыруға арналған қайта жарақтауды бастады. 2011 жылы 80 жыл ішінде тұңғыш рет кеншілер Майқайың үшін рекордтық 400 мың тонна руда өндірді. Осымен қатар байыту фабрикасын алдағы 40- 50 жылға рудамен қамтамасыз ету үшін жерасты байлықтарына қосымша барлау жұмыстары жүргізіледі. Құрамында жер бетінде сирек кездесетін металдары бар үйінділер құнды болып саналады.
2009-2011 жылдары «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Майқайыңда кентішілік жылумен жабдықтаудың инженерлік желілеріне күрделі жөндеу және «Екібастұз-Майқайың» су тартқышына қайта жарақтаумен күрделі жөндеу жүргізілді. 420 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектеп салынды. Бүгінгі күні Майқайың облыстық орталықпен және басқа да қалалармен асфальтталған жолдармен қатынасатын және барлық кешенді қызмет көрсету түрлері бар заманауи қала тұрпатындағы кент.
Майқайың – Баянауыл ауданындағы кент, округ орталығы Баянауыл ауылынан солтүстік – батысқа қарай 80 шақырым жерде, құрғақ дала белдемінде орналасқан.