«Майқайың Алтын» комбинаты
Көрсеткіштерге жеткені үшін Кеңес үкіметінің шешімімен мемелекеттік Қорғау комитетінің «Қызыл Ту» мәңгі сақтауға берілді. IX – бесжылдықта комбинат кеншілері 5 рет Қазақстанның Түсті металлургия министрлігі мен ҚР Кен металлургия өнеркәсібі еңбекшілері кәсіподағының ауыспалы «Қызыл Туын» жеңіп алса, 1979 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан Компартиясының, Республика Министрлер Кеңесінің, Қазақстан кәсіподақ және Қазақстан комсомол Орталық Комитетінің ауыспалы «Қызыл Туын» иеленді. Ал 1980 жылдың және Х – бесжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Республика Министрлер Кеңесінің, Қазақстан комсомол Орталық Коимитетінің Құрмет дипломымен марапатталды.1997 жылы 5 қарашада алтын кенін басқару тізгіні Кипрдің «Ист Поинт Холдинг ЛТД» компаниясының құрамына енетін «ДП Хандел ГМБХ» фирмасының басқаруына берілген болатын. Іскер басшы О. Қабдоловтың табандылығы мен төзімділігінің арқасында аз ғана уақыт ішінде Майқайың кен байыту фабрикасының ісі мықтап қолға алынып, тозығы жеткен құрал-жабдықтар түгелімен жаңартылды.
1997 – 2000 жылдар аралығында акционерлік қоғамға 12 «Бел – Аз», 9 «Кам – АЗ», 11 «КрАЗ» автомашиналарымен 4 автобус, 10 жеңіл машина, 18 бульдозер мен 8 арнаулы машиналар алынды. Орталық қазандық пен су құбыры және поселкенің канализациясы жүйесі акционарлік қоғамның құрамына берілді.
1998 жылы «Майқайың алтын» ААҚ–ы мен поселке үшін елеулі жаналық – орталық қазандықтың күрделі жөндеуден өтіп, жылу құбырлар жүйесінің жаңартылуына 14302 мың теңгенің бөлініп, жалпы аумағы 25 мың кв. метрді құрайтын 700 отбасы тұрағының жылытылуы.
199 - жылғы 1 қаңтарда «Ист Поинт Холдинг ЛТД» фирмасының есебі бойынша 2905819 АҚШ доллары Майқайыңға жұмсалды.
Ұзақ жылғы тоқыраудан кейін алынған кеннің көрсеткіші: кен өндіру – 25 мың тонна, кенді өндеу – 43,9 мың тонна өнім шығаруда: гравно қосындысы -467,1 тонна, мыс қосындысы – 3307,4 тонна, мырыш қосындысы – 986,0 тонна, гравио қосындыны жөнелту – 32,5 тоннаны құрады.
Бұл көлемде көрсеткіштер фирма басшысы Зоран Каденович мырзаның, «Майқайыңалтын» ААҚ – ның бас директоры Қ.О.Қабдолов пен оның орынбасары Е.М.Ордабаевтың қажырлы еңбегінің арқасы.
Жергілікті тұрғындар өндіріс орындарын сумен қамтамасыз етуде зор еңбек сіңірді байырғы геолог – барлаушылар, бас геолог – С.Н.Мурзалиев, П.Н.Геронин, геолог Н.Н.Сиромаха, бұрғылау мастері – Н.М.Дегтярев, З.С.Тарасов, забойшылар – Әди Шәріпов, Хамит Ақышев, Уахит Ақышев. Бұл жүйеде Төлеу Мақышев бастаған бригада қызмет етті. Сумен қамтамасыз ету мәселесі 1978 жылы Ертіс – Қарағанды каналынан Екібастұз – Майқайың су құбырын тартумен шешілді.
Ең алғаш «Май» заутында әк зауыты ашылып, оның басшылығына Қани Шәріпов тағайындалды. Содан әк тас өндіріп, Майқайыңның алтын шайқау фабрикасына жіберілетін. 30 жұмыскері бар зауытты кейін Қайролла Инкебаев басқарды.
1938 – 1940 жылдары «Май» зауытының жанынан кірпіш зауыты ашылып, Жұмаш Омашевтың жетекшілігімен онда қызыл кірпіш шығарылды.
1939 жылы орталық электр жүйесі (ЦЭС) құрылды.
Майқайыңда 64 электр станциясының қуаты өсіп, 1945 жылға қарай 4 ЛМ – 40 локомобиль «Фильвиль» фирмасының бір локомобилі мен екі шағын дизелі орнатылды. Жалпы қондырғының қуаты 1200 ат күшіне тең. Судың сапасыздығы, оның тазаланбауы станцияның кейбір қазандықтарының тоқтауына соқтырды. Электр станциясының нашар жұмыс істеуі, өндірістің қарқынды дамуына кедергі келтіріп, цехтардың ағымдағы қажетің қамтамасыз ете алмады. Сондықтан Майқайыңнаң 20 шақырым қашықтықта Шөптікөл көмір орнында газгенераторлы электр станциясының құрылысы басталды.
Соғыс жылдарында құрылыс тоқтатылып, станцияны салу 1950 жылы аяқталды. Жұмыс ауқымының кеңеюіне байланысты 1950 жылдан бастап электр қуатының жетіспеушілігі байқала бастады. Сондықтан Екібастұз – Майқайың аралығында темір бағаналар орнатылып, электр желісін тарту басталды. Желінің құрылысы 1957 жылы аяқталып, сол жылдың шілдесінен бастап Екібастұз электр станциясымен қосарлана жұмыс істей бастады. Электр станциясының іске қосылып, пайдалануға берілуіне байланысты Шөптікөлдің газгенераторлары электр станциясында екі двигательдің жұмысы тоқтады. Кейін Майқайың электр қуатының сұранысы Екібастұз электр станциясының есебінен өтелді.