Дара тұлғалар

Ауылымыздан шыққан ұлағатты ұстаз, ғалымдар да баршылық. Олар Зәрубай Бекішбекұлы, Томан Жұмаділұлы, Әділхан Нұрғалиұлы шәкірт тәрбиелеген профессор, ғалымдар. Томан Жұмаділұлының «Өмір өткелдері» деген ғұмырнамалық деректі хикаят кітабы, Зәрубай Бекішбекұлының «Өмірім саған, туған жер», «Туған далам- асыл анам» атты өлең жинақтары кітап болып шықты. Томан Жұмаділұлы мен Зәрубай Бекішбекұлы ең алғашқы ұстаздық еңбек жолын ауданның мектептерінен бастаған. 

Бекішбеков Зәрубай

Биология  ғылымдарының  кандидаты, доцент әрі ақын  Бекішбеков Зәрубай Бекішбекұлы 1933 жылдың  3 қазанында  Павлодар   облысы,  Баянауыл  ауданының  1 май (қазіргі Жарылғап) елді  мекенінде дүниеге келген.

1952 жылы Қарағанды Мемлекеттік педагогикалық институтының химия-биология факультетінде оқуға қабылданып, 1956 жылы аталған білім ордасының химия-биология факультетін  бітірген.

1956-1962 жылдары арасында Шәкен Айманов атындағы Баян-Аула қазақ орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарып, жасөспірімдерге химия-биология ғылымынан білімін берді.

1962 жылдың 1 тамызынан 1974 жылғы қазан айының 31-і аралығында Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институты, кейін 1972 жылы ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінде білім берген.

1973 жылы 5 қаңтарда кандидаттық диссертация қорғап, биология ғылымдарының кандидаты, доцент деген атақ алған. 27-сі ғылыми еңбегі баспадан жарық көрді. Халық  ағарту ісінің озық қызметкері атанды.

1974 жылдың 1 қарашасы 1997 жылдар аралығында Қарағанды педагогикалық институтында адам анатомиясы пәнінен студент жастарға дәріс береді. Ара-тұра қол босаған кезде өлең-жыр жазған екен. Ол кісі Туған жер, Ата- тегім, жанұя, отбасы өзі туралы, көңілдің кейбір күйлері, арнау-толғау. Газет – журналдарда жарық көрген отыз шақты өлең-жырлары бар.

Зәрубай Бекішбекұлының «Өмірім саған, туған жер», «Ұрпақтарыма», «Туған далам- асыл анам» атты өлең жинақтары кітап болып шықты.

Зәрубай Бекішбекұлының бұл жинақтарда өлеңдері мен толғаулары енген. Қарағандының жоғары оқу орындарында талай жылдары тәлім тәрбие берген ғалым- ұстаз, ел ағасы Зәкеңнің көкейінен жарып шыққан жыр жолдарында туған жерге деген ыстық махаббаты, ата- ана, туған-туыстары  мен дос- жарандарына ықылас-ілтипат  арқау етілген.

Өкпе Кәрімтай

1930 жылдың 13-інші желтоқсанында Павлодар облысының, Баянауыл ауданының, Жарылғап ауылында дүниеге келген. Шежіреші, сынықшы-емдеуші, құсбегі-саятшы болған екен және Баянауыл ауданының құрметті ақсақалы. Көп жылдар бойы Баянауыл өңірінде тұрған екен, 2008 жылы  Павлодар қаласына қоныс аударды.

1944-1945 жылдары Павлодар қаласынан колхоз мектебінен бір жылдық оқуын оқыды.

1945- 1959 жылдары Бірінші Мамыр ауылының есепшісі болған.

1959-1993 жылдары Баянауыл ұлттық табиғи саябағында орманшы болып қызмет істеген.

Кейін зейнет жасында қол қусырмай, Өлкенің тарихына байланысты деректер, құнды мәліметтер жинақтаған.

Ұлттың дәстүрлі білімін жалғастырушы.

2003 жылы «Арғын: Мейрам шежіреші» кітабын жарыққа шығарған

2007 жылы қажылық парызын өтеген.

2001 жылы «Арғын: Мейрам шежіреші» кітабын жарыққа шығарған.

Жұмаділов Томан

1936 жылдың 2-нші ақпанында Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының Құрама елді мекенінде дүниеге келді.

1945-1949 жылдары-Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы ата-қоныс Қарабұлаққа 1936 жылдың қысында көшіп барып, сол ата-қоныстан 4-5 шақырым жердегі колхоз орталығы Бірінші Мамыр елді мекеніне жаяу барып бастауыш сыныпты тәмамдаған.

1949-1955 жылдары - Қарағандыға Жамбыл орта мектебінде 9 сыныптың ал 5-8-10 сыныптарды Баянауыл қазақ орта мектебінде оқып, мектепті өте жақсы бітірді, яғни күміс медалға бітірген.

1955-1960 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінің физика- математика факультетін бітірген.

1960-1961 жылдары - Баянауылдағы Шөптікөл  мектеп- интернатында физика және математика пәнінің мұғалімі болып қызмет істеген.

1961-1968 жылдары- Жосалы орта мектебі оқу ісінің меңгерушісі болған.

1968-1969 жылдары-  Баянауыл ауданындағы Жайма орта мектебінің директоры болған.

1969-1972 жылдары- Павлодар пединститутының оқытушысы

1972-1975 жылдары- Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің аспиранты.

1975-2009 жылдары-1975 жылдан 2000 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, ал 2000 жылдан бастап  2011 жылға дейін Е.А. Букетов  атындағы мемлекеттік университетінің профессоры

2009 жылы Қарағанда қаласында жарыққа шықты .

Кейкин Ернар Қуатұлы

Биология- география факультеті, ботаника кафедрасының аға оқытушысы, өлкетану зерттеуші, экология ғылымдарының магистрі-Кейкин Ернар Қуатұлы 1978 жылдың 16 қарашасында Павлодар облысы, Баянауыл ауданының 1 Май (қазіргі Жарылғап ) елді мекенінде дүниеге келген.

1986-1991 жылдары Шөптікөл  мектеп – интернатында жатып оқыған.

1992-1996 жылдары Шәкен Айманов атындағы қазақ орта мектебінде түлегі болып шыққан.

1998-2002 жылдар аралығында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, биология- география факультетінде «география » мамандығында оқып бакалавр жоғары білімін алып шықты.

2002-2004 жылдар аралығында аталмыш университеттің «экология» мамандығы бойынша магистратура оқып, «экология» ғылымының магистрі атанды.

2004 жылы Қар МУ-дың биология-геограия факультеті, ботаника кафедрасына оқытушы болып қызметке кірісті. Бүгінде осы кафедрада аға оқытушы қызметін атқарады.

2005 жылы «Көне көктау, байырғы Баянауыл байтағының тарихы» атты монографиялық зерттеу кітабының авторларының бірі.

2016 жылы «Биологиялық экология» атты оқу құралын жарыққа шығарды.

(А.Қ.Ауелбекова екеуі бірігіп)

1 монография, 1 оқу құралы, 3 электронды оқулықтың, 20-ға жуық «оқу-әдістемелік кешеннің», 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы.

2016 жылы Қарағанды қаласында кітап жарыққа шықты. 

2005 жылдың Астана қаласында шығарылды.  Бұл кітапта аталмыш монографиялық зерттеуде кең байтақ қазақ жерінің Сарыарқасында орналасқан,көне түрік заманында Көктау, бергі қазақ заманында Баянаула, ал қазіргі кезеңде Баянауыл атымен белгілі шұрайлы тарихи аймағының жер жайы, археологиясы, сәулеттік жәдігерлері, киелі орындары, тарихи дамуы қарастырылады. Кітаптың мазмұны ғылыми деректерге негізделгенмен, көпшілік оқырман қауымға арналған. Өлке тарихы турасында дәйектелген мәліметтер берілген.