Ардагерлер

Ауылымыздан Ұлы Отан соғысына Жоңқабай Жұмаділұлы, Қоңқабай Жұмаділұлы, Кәкен Жүзкенұлы,  Михаил Кневец, Көшер Есжанұлы, Балақ Бұқарбекұлы, Байтоқа Алтайбайұлы, Сақа Әділбекұлы, Кәбира Нұршекеұлы, Рахымбек Маханұлы,Базкен Нұрланұлы,  Күлшарып Кәрімқожаұлы, Дауылбай Жұмжұмаұлы, Әймажан Шайхин, Сембі Уәлиұлы, Қайыржан Ермекбайұлы, Құлжан аталар қатысты. Осы  аталған аталардың кейбірі тек біздің ауылдан аттанып кеткені болмаса, қалған өмірі басқа ауылда өткендер. Осы барғандардың ішінен Байтоқа атамыз Ресейдің Липецк облысы жерінде қаза болды. Ол кісі көп жылдарға дейін «жоғалған солдаттар» тізімінде болып, бертін ғана нақты жерленген жері табылып, ұрпақтары басына барып, құран бағыштап  қайтты. ал, Сақа, Кәбира, Қоңқабай аталар осы күнге дейін соғыста жоғалған жауынгерлердің қатарында, ұрпақтары іздестіріп жерленген жерін анықтай алмады. Ал, Құлжан ата соғыста қайтыс болды.

Жакупов Жоңқабай Жұмаділұлы


    1922 жылдың 5 сәуірінде Қарабұлақ қыстағында дүниеге келген. 2- жастан асынан айырылып, жетім қалған. Қалмақұлы Молдақаш Омбы қаласында 2 жасар жетім баланы өзімен бірге алып кеткен. Омбыда оқып жүрген кезінде Ұлы Отан  соғысына әскер қатарына шақырылды. Соғыста қатты жарақат алған кезде, ауылға қара қағаз келген кезде болған. Бірақ Алланыңжазуы бойынша Ұлы соғыстан еліне тірі аман-есен оралған екен. Соғыстан кейін еңбекке араласып кеткен. Дүкенші, есепші және совхоз жұмыстарына қатысып еңбек еткен.  

Марапаттары:

орден Великой Отечественной войны 

«Двадцать пять лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 


«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»               

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»  

«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»                                                             

«50 лет Вооруженных Сил СССР» 

«60 лет Вооруженных Сил СССР» 

Есжанов Көшер Есжанұлы.


   1905 жылдың 29 қаңтарында Белағаш ауылында дүниеге келген. Әкесінен 11 жасында қалған. Білімі 3 жыл ескіше молла алдында оқыған.. Жазуы, оқуы арабша Совет мектебінде оқымаған, бірақ оқып жазып білген. Соғыс басталғанда алғашқы-сында еңбек  әскеріне алынды, кейіннен 1942 жылы Әскер қатарында соғысқа кірген.  Соғыстан кейін 1944 жылы ауыр жаралануына байланысты елге оралған. Кейін еңбекке араласты. Ферма меңгерушісі,  қойма ұстауышы, қойшы, бақташы сияқты еңбек еткен. Еңбек майданында 1970 жылға дейін істеп зейнеткерлікке шыққан. 1993 жылы 30 қаңтарында дүниеден өтті.

Марапаттары:

Медальдар:  

«Двадцать пять лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 


«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»               

«Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Еңбек ардагері»

Ермекбаев Қайыржан


1926 жылы Баянауыл ауданының Жарылғап ауылында дүниеге келген. Елімізге күн туғанда  Ұлы  Отан соғысы басталып кетеді. Бозбала қатарластарымен, ағалармен бірге Отанын қорғауға аттанады.
    Майдан даласында әскер қатарында бірнеше шайқастарға қатысады. Сұрапыл айқастардың бірінде аяғынан жарақат алып, госпитальге түседі. Емделіп шыққан соң, 1950 жылға дейін әскер қатарында қызметін атқарады.  Туған жеріне оралған соң, есепшілік жұмыс атқарады. Көп жылдар бойына «1 Май» (қазіргі  Жарылғап ауылы) бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет етті.  Майдандағы ерліктері үшін, бейбіт жылдардағы  еңбегі үшін бірнеше орден, медальдарымен  марапатталған. Майдангер 2004 жылы өмірден озды.

Тыл ардагері.

Досжанова Қаратай Жұқашқызы

 

1932 жылдың 8 наурызында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жарылғап ауылында дүниеге келді. Қаратай Жұқашқызының өмірі 10 жасқа толғанда күрт өзгереді. 1942 жыл еді, сұрапыл соғыс кезі.  Қостанайға егін жинауға әр ауылдан жұмыскерлерді жинайтын, оның ішінде әкесі Жұқашты алып кетеді. Анасы Шәмшит төрт баланы құшақтап қала береді. Анасы ешқандай қиыншылыққа қарамастан, балаларды жалғыз үйге тастап, егін жинауға кететін. Кешкілік үйге оралғанда Қаратай  қыз шайын қойып, тезек теріп, үйдегілерді  үлкені болғасын бас көз болып қалатын. Анасы мен бірге кешке жүн иіріп, байпақ тоқумен айналысатын. Әкесі Жұқаш амандығын айтып 2 рет хат жазады, одан кейін хат хабарсыз кетеді. Осындай қара жұмыс істеп 4 баланы тәрбиелеп қызын қияға, ұлды ұяға қондырады.

Қаратай Жұқашқызы 1949 жылдың 16 тамызында  Қожанұлы Тұрсын мен бірге көңілі жарасып,  тұрмыс құрып өз жұбайымен бірге жүріп,  үш айлық шаферлік (Трактор) оқуды оқып алып, егін салыпер адамдармен қатар жұмыс істеген. Жолдасынан ерте айырылып, 8 баламен қалғанменен өзінің еңбекқорлығыменен балаларын жақсы тәрбие беріп өсіреді. Қазір кезде 19 немере, 37 шөбере сүйіп отыр.

Қазіргі таңда сый-құрметпен ауылдастары құрметтеп, немере-шөбере сүйіп, ардақты ана, асыл әже болып отыр.

Қаратай Жұқашқызы  2010 жылында 25 тамызындағы Жарлық бойынша «Алтын алқа» алқасымен наградталды. Мерекелік  медальдармен, «Тыл ардагері»  атты  атағына ие болып марапатталды.


Деректерді балалары, келіндері айтуымен, өңделіп жазылды.