Программалау жолдарын түсінуге арналған үлгі тапсырмалар
1-тапсырма. Тіктөртбұрышты кесте. Төменде көрсетілген өлшемі N * N тіктөртбұрышты кестені экранға шығаратын программа құрыңдар N (1 < N < 20). Тапсырманы орындаудың үлгісі 1-суретте берілген. Программаның шығару жолын талдап, блок-схемасын құрыңдар.
Мысалы
4
Нәтиже
1→2→3→4
5→6→7→8
9→10→11→12
13→14→15→16
1-сурет. Программа коды
2-тапсырма. Палиндром сандар
A-дан B-ға (1 ≤ А, B ≤ 1018) дейінгі палиндром сандарды тауып, экранға шығаратын программа құрастыр. Егер сол аралықта палиндром сан болмаса, онда экранға «–1»-ді шығар. Солға да, оңға да бірдей оқылатын санды палиндром деп атайды. Тапсырманы орындаудың үлгісі 2-суретте берілген. Программаның шығару жолын талда.
Мысалы
1800 2020
Нәтиже
1881 1991 2002
Мысалы
1800 1880
Нәтиже
-1
2-сурет. 2-тапсырманың программа коды
3-тапсырма. Цифрлары әртүрлі үштаңбалы сандар
Цифрлары әртүрлі үштаңбалы сандардың жалпы санын тап (кірістірілген циклдерді қолдан). Тапсырманы орындаудың үлгісі 3-суретте берілген. Программаның шығару жолын талда.
Жоғарыда шешімі берілген тапсырмалардың үлгі программаларын талдай отырып, төмендегі тапсырмаларды орында.
3-сурет. 3-тапсырманың программа коды
1-тапсырма
2-тапсырма
3-тапсырма
4-тапсырма
5-тапсырма
6-тапсырма
7-тапсырма
8-тапсырма
9-тапсырма
10-тапсырма