Өткен тақырыпта программаны орындау барысында кейбір цикл қадамдарын орындамай келесі қадамға өтуге болатынымен таныстық. Программалау кезінде цикл жұмысы мақсат етілген нәтижеге жеткен уақытта оның жұмысын тоқтатуға болады. Ол үшін break нұсқаулығын пайдаланамыз.
Python-да break нұсқаулығы цикл жұмысына әсер ететін сыртқы фактор пайда болған кезде циклді бұзуға мүмкіндік береді. Break нұсқаулығын for параметрлі циклі мен while шарт циклінде қолдануға болады (1, 2-сызбалар). Сызбалардан көріп тұрғандай, break-тің программада жазылуында continue нұсқаулығынан айырмашылығы жоқ. Тек екеуінің атақаратын қызметі екі түрлі, бірі циклден шығаруды қамтамасыз етсе, екіншісі циклдің белгілі бір қадамдарын орындамай өтуге мүмкіндік береді. Break нұсқаулығы циклдің екі түрінде қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін бір мысал қарастырайық.
Break (үзілу) - белгілі бір қойылған шарт орындалуымен ағымдағы цикл жұмысын бірден тоқтатып, программа жұмысын циклден шығарып, әрі қарай жалғастыратын цикл нұсқаулығы.
1-сурет. FOR мен WHILE циклдеріне қолдану
Break нұсқаулығы циклдің екі түрінде қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін бір мысал қарастырайық.
Мысалы. Ұзындығы N (1≤N≤100) болған сандар тізбегі берілген. Тізбектегі сандардың арасында тек біреуі нөлге тең. Нөл саны орналасқан орынды табатын программа жаз.
Берілген мысалдың break және while көмегімен программасы құрылған (1-сурет). Программа коды орындалғанда 2-суреттегі нәтижені аламыз. Программа сандар тізбегіне нөлді енгізгенде, оның орнын сақтап, break цикл арқылы бірден тоқтатады (2-сурет).
Break нұсқаулығын while шарт циклінде қолдану
Break нұсқаулығын for параметрлі циклінде қолдану
3-суретте break нұсқаулығын for параметрлі циклінде қолдану программасы берілген. For циклінің программасы while цикліне break-ті қолданудан айырмашылығы өте аз екені көрініп тұр. Программа коды орындалғанда 2-суреттегі нәтижені аламыз.
Жоғарыда айтып өткендей, break нұсқаулығы программаны орындау барысында нақты ізделген нәтижеге жеткенде циклден шығу үшін қолданылады. Енді break және continue нұсқаулықтарының графикалық блок-сызбасы қалай өрнектелетінімен танысайық (3, 4-сызбалар).
Талдау
Вreak және сontinue нұсқаулықтарының графикалық блок-сызбасына және олар қолданылған программа кодтарына талдау жасаңдар. Нұсқаулықтардың графикалық блок-сызбаларын программамен салыстырыңдар. Блок сызбаларды тағы да басқаша қалай құруға болады?
Жинақтау
Жоғарыда берілген мысалдағы тапсырманың толық блок-сызбасын құрастырып, ұсыныңдар.
Бағалау
Вreak және сontinue нұсқаулықтары қызметіндегі негізгі ұқсастық пен айырмашылықтарды салыстыра отырып, бағала. Бұл нұсқаулықтардың программа құрастыруды жеңілдетуге қандай пайдасы бар? Екі нұсқаулықтың тек біреуін ғана қолданып нәтиже алуға бола ма? Себебін түсіндір.
Вreak нұсқаулығы цикл жұмысына қалай әсер етеді?
for i in range(1,10): if i ==4 : break циклі неше рет жұмыс істейді?
Вreak-ті циклде шартсыз қолдансақ, қандай нәтиже аламыз?
Циклде бірнеше break нұсқаулығын қолдануға бола ма? Себебін түсіндір.
Тапсырма 1
N натурал саны берілген. Сол санның цифрларының арасында нөл болса, цикл жұмысын тоқтатып, "Error" немесе санның өзін кері қарай экранға шығаратын программа құрастыр.
Масылы:
570256
Нәтиже:
Error
Мысалы:
4589
Нәтиже:
9854
Тапсырма 2
Латын әріптері және "," үтірі бар S жол берілген. Осы жолдағы үтірге дейінгі әріптерді және олардың экранға шығаратын алгоритмнің блок-сызбасын және программасын құрастыр.
Масылы:
Alma, almurt
Нәтиже:
Alma
4
Тапсырма 3
N натурал саны берілген. Сол санның цифрларының арасындағы ең кішісін табатын блок-сызбасын құрастыр. Есептің программа кодын жаз.
Масылы:
78856954
Нәтиже:
4
Тапсырма 4
Төменде берілген 1-ші және 2-программа кодтарын талдаңдар. Программа жұмысын аяқтаған кезде экранға қандай нәтиже шығады?
Тапсырма 5
Код жолдарын дұрыс ретпен қойыңыз, сонда кодты құрастырған кезде сіз қажетті нәтижеге қол жеткізесіз.
Output:
13
14