Өткен тақырыптарда break және сontinue цикл нұсқаулықтарын циклдің екі түрінде қолдану жолдарымен таныстық. Бұл нұсқаулықтарды циклдің ішінде шарт тексеру операторымен бірге қолдандық. Тағы осындай нұсқаулықтың бірі – else цикл басқару нұсқаулығы. Еlse нұсқаулығы – алдыңғы екеуінен айырмашылығы for және while циклдерінің сыртында орналасады. Еlse нұсқаулығы цикл барлық қадамдарды толық орындап, қалыпты жағдайда өз жұмысын аяқтағанын немесе break арқылы бірден тоқтағанын көрсетеді. Еlse нұсқаулығы цикл тек break-ті пайдаланбай, өз жұмысын қалыпты аяқтағанда ғана орындалады.
1-сызбада for циклінің толық құрылымы берілген. Егер цикл денесінде break нұсқаулығы болмаса, онда цикл өз жұмысында барлық қадамдарды толық аяқтайды. Содан кейін ғана еlse блогындағы оператор не өрнекті орындайды. Ал енді 2-сызбадағы while циклінің толық құрылымына назар аударайық. Бұл цикл жұмысын цикл шартын тексеруден бастайды. Егер шарт ақиқат болса, онда цикл жұмысын жалғастырады. Ал егер шарт жалған болса, онда еlse блогындағы командалар орындалып барып, цикл операторы жұмысын аяқтайды. 3-сызбада while циклінің алгоритмдік блок-сызбасы берілген. For циклінің алгоритмдік блок-сызбасы да осы құрылымға ұқсас болады. Циклдердің еlse блогымен бірге қолданған жағдайдағы жұмысын түсіну үшін практикалық тапсырмалар қарастырайық.
1-сызба. for циклінің толық құрылымы
2-сызба. while циклінің толық құрылымы
3-сызба. While циклінің алгоритмдік блок-сызбасы
№1-практикалық тапсырма. Ұзындығы N(1≤н≤20) бүтін сандар тізбегі берілген. Осы тізбек тек оң сандардан тұрса, онда тізбектің қосындысын немсе «Tizbekte teris san bar» жауабы экранға шығатын программа құрастыр.
1) Мысалы
N=5
2
3
5
6
7
Нәтиже
S= 23
2) Мысалы
N=5
2
3
5
4
-3
Түсініктеме
Tizbekte teris san bar
Түсініктеме. Тапсырманың программасын құру үшін for циклін еlse блогымен бірге қолданайық. Тізбек мүшелерін енгізуді цикл денесіне орналастырамыз. Тапсырманың программа коды 1-суретте берілген. Программа коды орындалғанда 2-суреттегі нәтижені аламыз.
№2-практикалық тапсырма. Санның цифрларының құрамында 5-тен кіші цифр болмаса, онда мұндай санды «мықты сан» деп атайды. Х натурал саны берілген. Осы сан «мықты сан» болса, онда «Ia» немесе «Joq» жауаптарын экранға шығаратын программа құрастыр.
Мысалы
х = 59867
х = 977479
Нәтиже
Ia
Joq
Түсініктеме: Тапсырманың программасын құру үшін while циклін еlse блогымен бірге қолданамыз. Санның цифрларын қалдықты анықтау амалымен бөліп алып, 5-пен салыстырып шықсақ жеткілікті. Тапсырманың программа коды 3-суретте, нәтижесі 4-суретте берілген.
Талдау
1, 2-практикалық тапсырмалардың программа кодын талдаңдар (1, 3-суреттер). Екі программадағы еlse блогының қызметіне түсініктеме беріңдер.
Жинақтау
For циклінің алгоритмдік блок-сызбасын құрастырып, оны ұсыныңдар.
Бағалау
Вreak, сontinue, еlse цикл нұсқаулықтарының негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып, бағала. Бұл нұсқаулықтардың программа құрудағы маңызы қандай? Программа құруды қаншалықты жеңілдетеді? Ойыңмен бөліс. Вreak, сontinue, еlse цикл нұсқаулықтарының негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып, бағала. Бұл нұсқаулықтардың программа құрудағы маңызы қандай? Программа құруды қаншалықты жеңілдетеді? Ойыңмен бөліс.
Тапсырма 1
Тапсырма 2
Тапсырма 3
Тапсырма 4
Кодты мұқият оқып шығыңыз. Осы кодты құрастырған кезде қандай нәтиже болуы мүмкін?
i = 1
while i < 6:
print(i)
i += 1
else:
print("less than 6")
Тапсырма 5
else операторды қандай циклдармен қолдануға болады?
Тапсырма 6
Код жолдарын дұрыс ретпен қойыңыз, сонда кодты құрастырған кезде сіз қажетті нәтижеге қол жеткізесіз.
Output:
Буквы a в строке нет