Программа орындалу барысында цикл жұмысын басқарып отыруға, оның жұмысына араласуға тура келетін жағдайлар көп болады. Программалау кезінде ағымдағы цикл қадамы (итерация) жұмысын шарт қою арқылы тоқтатып, бірден келесі цикл қадамына (итерация) өтуіңе болады. Бұлай істеуге continue нұсқаулығы көмектеседі.
Continue нұсқаулығы циклдің басына бірден ауысуды қамтамасыз етеді. Бұл нұсқаулық арқылы кей жағдайларда циклдерді кіріктіріп пайдаланудан сақтайды. Continue нұсқаулығын циклдің екі түрі: for параметрлі циклі мен while шарт циклінде қолдануға болады (1, 2-сызбалар).
Continue (жалғастыру) – белгілі бір қойылған шарттың көмегімен ағымдағы цикл итерациясын тоқтатып, келесі цикл итерациясына ауыстыратын цикл нұсқаулығы.
Continue нұсқаулығының циклдік екі түрінде қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін мысалдар қарастырайық.
1-мысал. N мен M бүтін сандар аралығындағы барлық тақ сандарды экранға шығаратын программаның кодын құрастыр.
Мысалдың шарты бойынша N мен M аралығында цикл жүргізіп, цикл параметрінің жұп немесе тақ екенін тексереміз. Цикл параметрі жұп болған жағдайда бірден цикл басына қайтып, кейінгі цикл қадамын орындауға өтеміз. Мысалдың программа коды 1-суретте, ал нәтижесі 2-суретте берілген.
Continue нұсқаулығын for параметрлі циклде қолдану
Continue нұсқаулығын while шарт циклінде қолдану
3-суретте сontinue нұсқаулығын while цикліне қолдану программасы берілген. Екі циклде де қолдануда үлкен айырмашылық жоқ. Программа коды орындалғанда дәл 2-суреттегі нәтижені аламыз. Егер дәл осы типтес есептерді орындау керек болса, онда екі циклдің кез келгенін қолдануға болады.
Сontinue нұсқаулығын тиімді қолдану программада цикл құрылымын оңайлатып құруға көмектеседі. Бұл нұсқаулық кейбір есептердің программасын қарапайым етіп құруға ыңғайлы. Оны төмендегі мысалдан байқауға болады.
Талдау
Практикалық жұмыста орындалған есептің программа кодын (3-сурет) талдаңдар. Программаның әрбір қатарының атқаратын қызметіне түсініктеме жазыңдар.
Жинақтау
Практикалық жұмыста берілген есептің шартын өзгертіп, берілген санның құрамындағы нөлдерді анықтау керек болса (3-сурет), онда программа кодына қандай өзгеріс жасауға болады? Программа кодын өзгертуге ұсыныс жасаңдар. Ұсыныстарыңды дәлелдеңдер.
Сontinue нұсқаулығының қызметі қандай?
Сontinue нұсқаулығын программа құруда пайдалану қандай қажеттіліктен туындаған?
Сontinue нұсқаулығын қолдануға мысалдар келтір.
Тапсырма 1
К мен Р аралығындағы барлық соңғы цифры t-ға тең сандарды экранға шығаратын программа кодын құрастыр.
Мысалы:
10 39 7
Нәтиже:
17 27 37
Тапсырма 2
N натурал саны берілген. Сол санда кездесетін барлық Р цифрын өшіріп таста. Санды кері ретпен экранға шығаратын программа кодын құрастыр.
Мысалы:
2547585 5
Нәтиже:
8742
Тапсырма 3
Ағылшынның кіші әріптерден тұратын S жол берілген. Осы жолдан дауысты әріптерді өшіріп, дауыссыздардын экранға шығаратын программа кодын құрастыр. Ағылшын тілінде алты дауысты әріптер бар: а, e, i, o, u, y.
Мысалы:
knkauseqiytraa
Нәтиже:
knksqtr
Тапсырма 4
Наурыз айында Қазақстанның барлық өңірлерінде ауа райы құбылмалы келеді. Көктем шығып, күн жылынса да, кей күндері ауа температурасы нөлден төмендейді. Еліміз бойынша наурыз айының А мен В (1≤А≤В≤31) күндері аралығындағы орташа ауа температурасы берілген. Сontinue-ні пайдаланып температура нөлден жоғары болған күндердің санын анықтайтын программа құрастыр. Деректерді енгізу тігінен арындалады.
Мысалы:
10 19
-5 3 4 -2 3 -1 4 7 10 7
Нәтиже
7
Тапсырма 5
Кодты мұқият қарап шығыңыз, кодтың орындалуынан қандай нәтиже шығады?
for letter in 'Python':
if letter == 'h':
continue
print('Current Letter :', letter)
Тапсырма 6
Компиляция кезінде қажет нәтижеге жету үшін код жолдарын дұрыс ретке келтіріңіз.
Output:
Found an even number 2
Found a number 3
Found an even number 4
Found a number 5
Found an even number 6
Found a number 7
Found an even number 8
Found a number 9