Aуыл тарихы

Баянауыл ауданының оңтүстігі, Қарағанды облысына қарасты Егіндібұлақ, Қарқаралы аудандарының жерлерімен қойындаса шектесіп жатқан кең байтақ жерде бұрын «Жана ұйым», содан сон «Большевик», кейіннен 1963 жылдын сәуір айында «Южный» (Южный деп аталған себебі, Баянауыл ауданының ең оңтүстік көлемінде орналасқан) кеңшары құрылып, үйлер тұрғызылып, нысандар салынды, мал шаруашылығы (30 отар қой), кен көлемде егістік алқабы да дамып, аудан бойынша үздік совхозы болып саналды.

1980 жылы «Қ. Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі» салынып, 1982 жылы эксплуатацияға берілді. Бірінші директоры Анафин Қаткен Жанахметович.

1991 жылы еліміздің Тәуелсіздік алуымен қатар, әртүрлі экономикалық өзгерістер болып, басқа елдімекендер сияқты ауылдың да жекешелендіруі жүріп, қауымдастықтар ашылды.

1992 жылы «Жұмат Шанин» қауымдастығы (АМП) .

1993 жылдан Күркелі селолық (ауылдық) округінің орталығы болды. Ауылдың Күркелі деп аталу себебі, сол ежелгі таудың атауымен байланысты. Күркелі тауы алыстан киіз үйдің күркесі сияқты дөңгеленіп, төбесі шошақтанып тұрады.

2000 жылдары ауылдын түрлі өзгерістерге ұшырауы кезінде округ орталығына Қапар (осы аймақта өмір сүрген қажы, ауыл маңындағы көлде сол атқа ие) атауы да берілген болатын.

2002 жылы дәрігерлік пункт, 2003-2005 «Ауыл жылы» бағдарлама бойынша кітапханалар, 2009 жыл «Жол картасы» бойынша мәдениет үйі ашылды.

Қазақтан шыққан жерлесіміз, тұңғыш режиссер-драматург Жұмат Шаниннің 125 жылдығы аясында, атын беру мәселесі тұрғындардың өтініш-тілектері бойынша ұсынылды.

2017 жылдың 15-ші тамызындағы облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысында Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің орталығын Жұмат Шанин ауылы деп қайта атау туралы шешім шығарылды.                                                                                                                                   

2017 жылдың 16 қазанында «Жұмат Шанин» ауылы деп толықтай аталды. Ірі ауыл шаруашылығының орталық мекенжайы Күркелі тауының теріскей баурайы мен Қапар көлінің орталығында, табиғаты әсем жерде орналасқан.

Ауылдың жалпы аумағы - 80032 га, елді мекен аумағы - 9218 га. 

Аумағында төрт орналасқан елді мекен – Жұмат Шанин, Шоманкөл, Жарылғап, Қойтас, Желтау ауылдары.               

Жалпы халық саны – 931 адамды құрайды.                       

Жұмат Шани н ауылында – 503 адам. 

Ауылымыздың тарихында, тынбай еңбек еткен, мәңгілік есімдері қалған:

  Механизаторлар: Айтмағанбетов Нүриден, Айтмағанбетов Қабыкен, Шекебаев Игілік, Абиев Жазубай, Ерғалиев Совет, Искаков Сағадат (Социалистік Еңбек Ері аталды), Қадыров Әбіш, Молдабеков Рымтай, Амиров Муратбек.  

Нүриден Айтмагамбетов 1941 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қойтас  ауылында дүниеге келген. Ауылда 5 класс оқып, тәмамдаған. 1973 жылы Павлодар облысындағы ауылдық кәсіптік-техникалық училищесінде тракторист-машинист мамандығында 3 ай оқып, тракторист қызметінде жұмыс жасайды. 1962 жылдың шілде айында «Қазақстан Лениншіл коммунистік жастар одағы» қатарына кірді. 1969 жылы кәсіподақ қатарына кірген. 1975 жылдың маусым айында Қазақ ССР-інің Павлодар облысындағы, Баянауыл ауданының еңбекшілер депутаттарының Южный селолық (қазіргі Ж.Шанин) Советінің депутаты болып сайланды. 2000 жылдың 31 мамырында зейеткерлікке шықты.

Марапаттары: «Двадцать лет победы в великой отечественной войне 1941-1945 гг.», «Победитель социалистического соревнования 1974 года» 

Шопандар: 

Сейфуллин Қинаят (Ленин орден иегері), Жапаров Бадаш, Садвакасов Мырзатай, Елемесов Қабылақат, Бисеков Асылтай, Әблешов Қазель, Жантемиров Болат, Сламбеков Ғабдынәсір, Айболтин Сабыр, Закарьянов Олжабай.


Директорлар: 

Михаил Егорович Предёха 1963-1969жж.                                                   

Ахметов Момынтай 1969-1981жж.                                                                                         

Шокеев Рымтай 1981-1987жж.                                                                                                 

Альгожин Бақыт 1987-1990жж.                                                                                 

Айтпышев Ерахмет 1990-1992жж.                                                                                 

Сагинов Серік 1992-1995жж.                                                                                                       

Түскенов Рамазан 1995-1997жж.

                                                                                                                                          

Сельсовет председатель: 

Көмек Орынбаевич 1997-1998жж.                                                                    

Мукушев Амантай 1998-1999жж.                                                                                   

Сарсенбаев Ерсін 1999-2002жж.                                                                                                

Джалбиров Нурабек 2002-5 ай 

Сейфуллин Мубарак 2002-2005жж.   

    

Әкімдер: 

Искаков Ерғанат 2006-2013жж.                                                                

Толеутаев Дүйсенбек 2013-2016жж.                                                                                      

Сагтнтаев Танат 2017-2022жж.                                                                                         

Сапабеков Әлібек 2022ж. 

Михаил Егорович Предёха 

Ауылымыздан «Серектас» шайқасына қол бастап барған сардарлар: 

Толыбай Шобайұлы - Ж.Шанин, Тоқтар Әубакіров сынды алаштың ерлері өрбеген ұлық бабамыз. Есімі ел ішінде аңыз болып, күні бүгінге дейін айтылып жүреді.                                                                                                      

Қарағай Манақұлы - батыр, алып денелі адам болған екен.                    

Жауқаштыұлы Шоқпар - жоңғарларға қарсы соғыстарға белсене қатысқан батыр.

Сәдірұлы Қараке - қалмақтарға соққы берген батырлардын бірі.              

Жайналыұлы Есенаман - қол бастаған атышулы батыр бабаларымыздың бірі. Ата қоңысы Жарылғап ауылының «Ескі қоңыс» деп аталатын жерде.

 

Кеңесары ұлт - азаттық көтерілісіне қатыскан елінің қас батырлары:

Азнабайұлы Сейтен (1800ж.туғ. - қайтыс болған жылы белгісіз). Кенесары Қасымұлы жүргізген ұлт -  азаттық қозғалысының батыры. Сейтен -дүниетанымы кең, ұлтжанды, бар ғұмырын елінің тәуелсіздігіне арнаған ел азаматы.                                                                                                            

Азнабайұлы Тайжан (1802 - 1839). Тайжан батырдың өмір дерегі мен күрес жолын Ілияс Есенберлин «Каһар» атты романында толық жазып кеткен.

Таймас Шоманұлы, Олжагұл Баймырзаұлы -Төлеп- Кенесары жүргізген ұлт - азаттық қозғалысының қас  батырлары.                                                                

 

Арқаға аттары аян Шанин елінің билері:

Қошан Жансарыұлы - елге жасаған жақсылығымен, шарапатты ақыл кеңесімен, ел құрметіне бөлінген.

Құдайберген Қуандықұлы (1823-1896ж.ж.) -  Ел ішінде, бұл кісінің есімі «Шөкең» деп аталып кеткен.

Жандосұлы Ахмет – өңіріне таңымал тұлғалы аталарымыздың бірі.

Ақтай Барлыбаев - ХІХ ғасырда өмір сүрген тарихи түлға.

 

Күркелінің әйгілі бас палуандары мен халық каһармандары.

 

Мамай баласы Жақып ( 1846-1932ж.ж.) - палуан.

Байкелдіұлы Жаманқара - «Бас палуан» деген атақты жеңіп алған Баянауылдық Жаманқара палуан», деп жазады Мәшһүр-Жүсіп атамыз.

Бәкіұлы Бақтыбай – ақылына күш – қайраты сай ер тұлға.

Темірбекұлы Оразбай - ерен күш иесі, жауырыны жерге тимеген палуан.

Сәлемхатұлы Ахат Күленов (1932-2008 ж.ж.) – Халық қаһарманы, (1994ж), мемлекеттік сыйлықтың лауреаты          (1985ж.) Инженер ғылым академиясының корессподент-мүшесі. 

Оңғарбайұлы Тоқтар Әубәкіров (1946 ж.т.) - Бүл адам Күркелі еліне туған жиен болып келеді. Анасы Қамия Еңсебайқызы біздің Желтаудағы әйгілі Толыбай батырдың ұрпағы.

 

Күркеліден шыққан Алаштын алты асылы

Әрине олар біздің Күркелілік,                                                                                               

Есімдері тарихта тұр мәңгілік.                                                                                            

Ұлты үшін жанын қиған, бабаларым                                                                                       

Ар жолын бәрінен де қойған биік. 

Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин (1892, Желтау маны, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы – 26.05.1938, Алматы) режиссер, драматург, актер, қазақтың ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардын бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АҚСР-інің халық әртісі (1931) 

Қошмұхамбет Дүйсебайұлы Кемеңгеров (15 шілде 1896, бұрынғы Ақмола облысы, Омбы уезі, Беке болысы, Қаржас ауылы – 21 қараша 1937, Омбы) – алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист.

Білім мен білікке ұмтылған Қошке Кемеңгерұлының тағдыр-талайы зиялыларымыздың жарқын ғұмырымен қат-қабат байланысып жатыр. Ол 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында Қошке өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін 30-жылдары басталған Кеңес өкіметінің репрессия науқаны үзді.


Барлыбаев Ахметолла Ахтайұлы (1880-1937) «Алаш» жұмысына белсене қатысқан, Қоғам қайраткері, сот мүшесі. 1937 жылы «Халық жауы»  деген жаламен атылды.                                          

Қадылбек Нұрғали (1899-1936). Бұл ағамыз Қазақстандағы кеңес құрылысына белсене қатысушысы, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған.                                                    

Қадылбек Мерғали (1907-1938) қазақ халқының алқашқы инженер геологтарының бірі. 1930 жылдары Оңтүстік Қазақстан аймағында қорғасын-мырыш кен орнын ашқан. Бос жаламен ұсталып, 1938 жылы 27 ақпанда түрмеде атылады.                                                                               

Сарсенбаев Төлеутай Әбілдәұлы (1899-1971) Қошке Кемеңгеровтың шөбере туысы. Жұмат пен Төлеутай, Омбыдағы оқу қазақ жастарының «Бірлік» ұйымының істеріне араласа бастаған. Кейіннен Алаш қозғалысының серкелері қатарында болуының зор ықпалын тигізсе керек.


Әулие-дарын әлемі

Жанақ Жаңабатырұлы – бұл кісі туралы деректі материалдар мен дәйекті мысалдар Мәшһүр-Жүсіп жазбаларында жиі кездеседі.

Исабайұлы Айтмұхамет - Лекер әулиенің бел немересі. Бұл адамды ел іші Айтмағанбет молла деп атап кеткен. Айтекеннің желеп-жебеушісі, хабаршысы, емші-атасы Лекер әулиеден қалған аса таяғы болатын.        Тәйтекеұлы Омар дәрігер – Омар – аңыз дәрігер. Қара кездік пышағымен сүйектің құрт, мерез ауруларына ота жасап емдеген. «Омар дәрігер» қыстағы бар. «Жарсорда» жайлауы болған. Зираты Экибастұз ауданы, Жарсор бөлімшесінде орналасқан. Омар дәрігер жайлы мәлеметтерді толығырақ Омбы қаласының музейінен алуға болады.