Түйіндеме құру

Мінсіз түйіндеменің 10 құпиясы

Түйіндеме – жұмыс іздеу үрдісіндегі негізгі құрамдас бөліктердің бірі. Жұмыс беруші жұмыс іздеуші туралы бірінші әсерін түйіндемеден алады, сондықтан оны дұрыс жасау маңызды. Сіздің түйіндемеңіз басқалардікінен ерекше ұтымды және көрнекі болуы үшін және жұмыс беруші сұхбаттасуға шақырып, Сізбен жеке кездесуі үшін Сізге түйіндеме құрудағы 10 кеңес көмектеседі.

Canva.com сайтында мінсіз түйіндеме құруға болады!

№ 1 құпия. «Дұрыс фотосурет!»

Сіздің түйіндемеңіздің табысты болуының үлкен үлесі - ол сәтті және дұрыс таңдалған фотосурет. Түйіндемеге қандай фотосурет енгізуге болады:  

№ 2 құпия. «Дұрыс электрондық пошта адресі!»

Сіздің электрондық пошта адресіңіздің маңыздылығын жете бағаламауға болмайды. Жұмыс іздеп жүрген кезде, жұмыс берушілерге сіз өзіңіздің кәсіби «ересек» e-mail-ді беруге тиістісіз. Барлық «mishki_gammi95», «kisulya55», «Gulmira1989» қоштасуға тура келеді. Ең дұрысы Сіздің толық атыңызбен gmail.com-да (мысалы, adiletmeirambekuly@gmail.com) жаңа e-mail-ді  тіркеген дұрыс. 

№ 3 құпия. «Егер жұмыс тәжірибесі жоқ болса, түйіндемеге не жазуға болады?»

Жас мамандарға түйіндеме жасау кезінде екі шектеуден аулақ болулары маңызды. 

Бірінші шектеудегі түйіндеме – бұл оның сараңдығы. Өзінің қасиеттері мен қабілеттерін кемітіп жазу, яғни ашық түрде "Мен ештеңе жасай алмаймын" мағынасындағы түйіндеме жұмыс берушіні қызықтырмайды.

Екінші шектеудегі түйіндеме – үміттеніп отырған лауазымға қатысы жоқ, кәсіби дағдыларға байланысты артық және қажетсіз ақпараттың болуы.

Екі шектеудің аралығы сол жинаған тәжірибе мен білімі, біліктілік дағдылары оқу кезінде жинаған дағдылары болып табылады. Ол не болуы мүмкін? Өндірістік тәжірибе, өз бетінше ұйымдастырылған іс-шаралар, конкурстарға немесе конференцияларға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орын иеленуі және жекелеген мамандандырылған білім. Егер дипломдық жұмысының тақырыбы кәсіпорынның қызмет түріне байланысты болса, онда оны көрсеткен жөн болады.

№ 4 құпия. «Түйіндеме файлына жұмыс берушіге ыңғайлы атауды қолданыңыз»

Түйіндеме файлының атауы ең кем дегенде тегі мен қалайтын лауазымы атауынан тұруы қажет. Бұндай форматта жұмыс берушіге өз компьютерінде іздеуге ыңғайлы болады. 

Мысалы: Тегі_Аты_лауазымы – Оспанов_Талгат_Суретші немесе Ospanov_Talgat_Teacher. 

5 құпия. «Әмбебап түйіндемелер болмайды»

Барлық мамандықтар үшін әмбебап түйіндеме жоқ. Әр мамандық үшін түйіндеменің  әр түрлі болуы маңызды. Әр түрдегі түйіндеменің мақсаты – мамандық үшін маңыздылықты көрсету болып табылады. Мысалы, сататын кәсіптерге, сіз уақытында компания үшін ақшаны қалай тапқаныңызды көрсету маңызды. Техникалық және АТ мамандықтарына әр түрлі дағдылар мен білімді көрсету маңызды, маркетингтікте - жүзеге асырылған жобалар және тағы басқалар.

6 құпия. «Отбасылық мәртебеңізді шеттетіңіз, ол тек танысу сайттарына  кірушілерді ғана қызықтырады»

Тек бір жағдайда ғана отбасы мәртебесінің нұсқауы оң рөл атқаруы мүмкін: егер ол ізденістегі жас қыз болса және жұмысқа орналасқан соң бірден декретке шықпайтынын көрсеткісі келгенде. Бұндай жағдайда балаларының санын көрсетуге болады. "Азаматтық неке", "ажырасқан"  нұсқалары бірден  түйіндеменің деңгейін төмендетеді, өйткені тағы басқадай сұрақтар туындайды. "Мен балалымын" деген  нұсқаны  жазудың қажеті жоқ,  өйткені барлық қалыпты адамдар «бала тәрбиелейді».

7 құпия. «Алғашқы қызмет орындарын көрсету қажет пе?»

Түйіндемені құрастыру ережелері бойынша көрсету керек:

Соңғы жұмыс орны: 7-10 жол  міндеттерін және 5-7-жол жетістіктерін.

Алдыңғы жұмыс орны: 5-7 жол міндеттерін және 3-5 жол жетістіктерін. Оның алдындағы  жұмыс орны: 3-5 жол міндеттері және 3-жол  жетістіктерін.

Басқа жұмыс орындары: 3 жол + 3 жол жетістіктерін, егер олар соңғы 10 жыл интервалына кіретін болса.

Барлық, 10 жыл бұрын болғандар: кәсіпорын атаулары мен лауазымдар. Егер ағымдағы лауазымына қатысты жұмыс орны болмаса  — батыл жоюыңызға болады. Мысалы, қазір Сіз маркетинг-директорысыз, ал 15 жыл бұрын зауытта инженер болып  бастағансыз немесе  базарда сатушы  болғансыз.

8 құпия. «Әрқашан жақсы түйіндеме нақты бос жұмыс орнына арналған кезде жақсы құрылады»

Жақсы түйіндеме әрқашан  нақты бос жұмыс орындары үшін құрылады. Бұл жерде анықтылық болуы тиіс. Нұсқа: бағдарламашы немесе бухгалтер, ал, мүмкін, сауда менеджері болып барармын деп көрсету, әдетте, қолайлы емес. Еңбекақы бос орындарға байланысты әр түрлі болып келеді, кейде тіпті бірнеше рет ерекше. Ал енді өзіңізді жұмыс берушінің  орнына қойыңыз.  Сіз адамның түйіндемесін көріп тұрсаңыз, ол еңбек ақысы 300  мың теңге болатын  бағдарламашы болып жұмыс істеуге дайын және орташа 60 - 80 мың теңгеге баратын сату менеджеры болып жұмыс істеуге дайын. Яғни бір адам 2 есе аз ақша алатын басқа жұмысқа дайын және оған барлығы тең болуы мүмкін ба? Бұл оның есебіне ауыр күмән тудырады. Сондықтан,  бір түйіндеме - бір қалаған мамандық екенін есте  сақтау қажет!

9 құпия. «Үлгі сөз тіркестерін өз сөзіңізбен жазыңыз!»

Түйіндеме жасау кезінде жұмыс іздеушілер өте жиі бірсарынды сөз тіркестерін пайдаланады, оларды  интернетте кез-келген түйіндеме үлгісінде оңай табуға болады. Ондай сөз тіркестерін қолданбауға тырысыңыз, өйткені жұмыс берушілер үшін олар бос сөз.

Өз сөзіңізбен өзгертіңіз, мысалы: нәтижеге бағдар = әрқашан өз жұмысымның нәтижесін ойлаймын.

Клиентке бағдарланған қызмет =  клиент мен үшін әрқашан бірінші орында = клиенттің мүдделерін  өзімдікінен жоғары қоямын.

Байланысқа бейімділік = кез келген тұтынушымен/әріптестермен оңай тіл табысамын = тұтынушылармен еркін әңгімелесе аламын.

10 құпия. «Аббревиатураларға жол бермеңіз»

Түйіндемедегі  түсініксіз аббревиатураларды алып тастау қажет.  Ізденуші бір кәсіпорында  бірнеше жыл жұмыс істеген кезде, өзінің қолданысындағы кейбір аббревиатуралар өзіне соншалықты жақын болып көрінуі мүмкін, сондықтан оларды ол түйіндемеде жазады. Бірақ жаңа жұмыс берушіге олар бейтаныс болатындықтан, түйіндемеде көрсетілген маңызды ақпарат жоғалады. Барлық мүмкін жерде аббревиатуралардың болуына жол бермеуге тырысыңыз. Мысалы, АТ маманы үшін "лендинг бет құра аламын" дегенді көпшілік түсінбеуі мүмкін, оның орнына "қарапайым вебсайт құра аламын" деген дұрыс.