«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде» өзіңді қалай ұстау керек?
Жәрмеңкеге келген бойда қатысушы мекемелердің стендтерінің орналасу ретімен танысып, сізді қызықтыратын жұмыс берушілердің қай жерде отырғанын анықтап алыңыз.
Есіңізде болсын, кадрлық резерв деген түсінік бәрінде бар, сондықтан түйіндемеңіз болса, таратып беріңіз. Ал, жоқ болса, сауалнама толтырып кетіңіз. Көп жұмыс берушілерде ол бар.
Қызметке алушы маманнан сізді қызықтыратын мәселелерді сұраңыз, болашақ сұхбаттасу кезінде ол септігін тигізеді.
Жұмыс берушілердің жас мамандарға қоятын талаптарын сұрап біліңіз. Сіз оларға қаншалықты сәйкес келетініңізді саралаңыз.
Ірі компаниялар мен мекемелерге, ұйымдарға көңіл бөліп, олар туралы мол ақпарат алуға тырысыңыз. Олар сізді есінде сақтап қалуына күш салыңыз, бәлкім болашақта сізді қызықтыратын жұмыс орны сол компаниядан табылар.
Ұйымдар мен компаниялардың презентацияларына қатысыңыз, өйткені сол арқылы сіз қажетті ақпараттарды біле аласыз. Ол сізге тек сұхбат кезінде емес, сонымен қатар өз таңдауыңызды жасауға да көмегі тиеді.
Осындай іс-шараларда болатын тренингтер мен мастер-кластардан қалмауға тырысыңыз, ол сіздің дағдыларыңыздың артуына және өзіңізді көрсетуге мүмкіндік береді.
Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болсын. Көңілсіз, әрі немқұрайлы адам ешкімге ұнай қоймас.
Белсенді және сыпайы болыңыз. Уақытты босқа өткізбей, өзіңіз үшін көбірек ақпарат алуға тырысыңыз.
Есіңізде болсын, сәттілік Сіздің өз қолыңызда!