МАНСАП ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің қызметтерімізбен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті барлық ақпарат

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының мақсаты – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құрлымдық бөлімшесі және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жарғысына сай жұмыс атқарады. Орталық жұмысының бағыты бойынша түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, университетке оқуға түсушілерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дамытуды ұйымдастыру және сапалы жүргізу. 

МІНДЕТТЕРІ:

ФУНКЦИЯЛАРЫ:

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Смагулова Самал Алпысбековна

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының директоры


Шаймуратова

Гүлжан

Бағдатқызы

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының операторы

Алтай

Айдын 

Алтайұлы

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының операторы

Жаирбекова

Талшын

Асқарқызы

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының операторы

Абдулмуслимов

Жохар

Сулийевич

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының операторы

Сұрақ-жауап

1. Университет түлектерін жұмысқа бөлу қалай жүзеге асырылады?

Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуды аяқтаған жас мамандарды жұмысқа бөлу процесіне университетттің Мансап және жұмысқа орналстыру орталығы жетекшілік етеді. Тұрақты негізде университет жанынан арнайы дербес жұмысқа бөлу комиссиясы құрылады. Ол оқуды аяқтаушылардың ұсынған қатынас хаты негізінде немесе өңірдегі сұранысқа сай жас мамандарды жұмыс орнына бағыттайды.

Аталған тәртіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысындағы Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату талаптарында көрсетілген.

2. Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқыған түлектердің жұмыс өтемі мәселесі қай заңда айқындалған?

ҚР Білім туралы заңының 47-бабы, 17-тармағына сәйкес:

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.

 Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.

3. Жұмыс өтемін қадағалаумен қандай уәкілетті орган немесе мекеме айналысады?

Қолданыстағы заңға сай, міндетті үш жылдық жұмыс өтемін жүзеге асыруы тиіс түлектер жайлы мәліметтерді Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы жинақтайды. Кейіннен, барлық деректер тексерілуі үшін «Қаржы орталығы» АҚ-на жолданады. Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқыған түлектердің қозғалысы, сондай-ақ олардың жұмысқа орналасуын тікелей аталмыш ұйым қадағалайды.

4. Міндетті жұмыс өтемінен жалтарған жағдайда қандай шаралар қолданылады?

«Қаржы орталығы» АҚ уәкілетті органның операторы ретінде, міндетті жұмыс өтемінің орындалуын қадағалауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, түлектер ұсынған деректердің дұрыстығы мен сәйкестігін заңға сай тексереді.

Жұмыс өтемі міндеттелген азамат өз жауапкершілігінен бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган ретінде «Қаржы орталығы» АҚ дербес жұмыс жүргізеді. Айқындалған кемшіліктер немесе заң бұзушылықтар жойылмаса, жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару, оның ішінде сот тәртібімен қаражатты өндіру процесі жүргізіледі.

5. Міндетті жұмыс өтемі бойынша тиісті кеңесті қайдан алуға болады?

Міндетті жұмыс өтемінің тәртібіне байланысты толық ақпаратты және арнайы кеңесті университеттің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ресми ресурстарына жолдау арқылы, сондай-ақ орталық мамандарына тікелей жүгіне отырып алуға болады.

6. Оқуды аяқтаушы түлек қандай жағдайда міндетті жұмыс өтемінен босатылады?

Заңда көрсетілген жағдайларға сәйкес, дербес бөлу комиссиясы төмендегі санаттарға жататын азаматтарды міндетті жұмыс өтемінен босатады:

7. Түлек магистратураға түскен жағдайда жұмыс өтемінен қалай босатылады?

Оқуды аяқтаушы білімін магистратурада жалғастырған жағдайда, ол міндетті жұмыс өтемінен босатылады. Ол үшін түлек оқуға қабылданғанын растайтын құжаттарды жауапты тұлғаларға уақытында өткізуі керек. Ескеретін жайт, бітіруші түлек оқуын мемлекеттік грант негізінде жалғастырса, магистратураны аяқтағаннан кейін, мамандығы бойынша жұмыс жасауға міндеттеледі.

8. Ауылдық квота негізде білім алған түлек басқа қалада жұмыс жасай ала ма?

Білім туралы заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес егер түлек оқуын ауылдық квота бойынша аяқтаған болса, ол ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік мекемеде қызмет жасауы қажет.

9. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуды аяқтаған түлек нақты бір елді мекенде ғана жұмыс жасауға міндеттеле ме?

Егер, түлек ауылдық квота негізінде оқуын бітірген болса, ол ауылдық жерде жұмыс істеуге міндетті. Ал, жалпы мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқыған түлектердің ел аумағындағы мекемелерде қызмет жасауына ешқандай кедергі жоқ.

10. Міндетті жұмыс өтемін растайтын құжаттар қандай және оны қайда өткізу керек?

Бітіруші түлек оқуын жалғастырған жағдайда, әскерге шақырылса немесе мамандығы бойынша қызметке орналасса оны растайтын анықтама мен мөр қойылған бұйрықтың көшірмесін ағымдағы жылдың  1-қыркүйегінен бастап университеттің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығына өткізуі қажет.