УМРА | ХАДЖ | КАЗАХСТАН
Сайт по туризму и путешествиям
🔸Все туры в приложении Zam Zam Qazaqstan
🔸2 года на рынке
Скачать приложение⬇️
Ихрамдағы адамға тыйым салынған іс-әркетттер❗️:
1) Шашты, дененің басқа да түктерін қыруға және тырнақ алуға болмайды.
2) Ихрам кигеннен кейін денеге және ихрам киіміне иіссу себуге болмайды. Ихрам киерден бұрын денеге сепкен әтірдің қалдығына рұқсат етіледі. Ал ихрам киімінде иіссудың қалдығы болса, оны міндетті түрде жуу қажет.
3) Мекке мен Мәдина қалаларынығ айналасындағы әл-Харам аймағына кірген адамға, ихрамда болсын-болмасын, мейлі ер, мейлі әйел болсын аң аулауға, оған көмектесуге болмайды.
4) Мекке мен Мәдина қалаларының айналасындағы әл-Харам аймағына кірген адамға, ихрамда болсын-болмасын, мейлі ер, мейлі әйел болсын, осы аймақта өздігінен өсіп шыққан ағашты, басқа да өсімдіктерді кесуге, сындыруға тыйым салынады.
5) Мекке мен Мәдина қалаларының айналасындағы әл-Харам аймағына кірген адамға, ихрам кисе де, кимесе де, мейлі ер, мейлі әйел болсын, көшеде және өзге жерлерде жатқан (басқа адамдардың) ақша, алтын, күміс және т.б заттарын алуға рұқсат етілмейді. Бұл заттарды тек қана басқаларға хабарлау немесе арнайы мекемелерге тапсыру үшін ғана алуға болады.
6) Ихрам кезінде әйелімен жыныстық қатынас жасауына болмайды.
7) Әйел кісіге қолғап киюге, беторамалмен не басқадай матамен басты жабуға болмайды.
9) Ихрам кезінде екі бөлек ақ матадае басқа, (мысалы: көйлек, шалбар, іш киімдер, сол сияқты тобықты жауып тұратын аяқ киім) киімдерді киюге болмайды. Ихрам киімін ( екі бөлек ақ мата) таппаған жағдайда ғана шалбар киюге, тобықты жауып тұратын аяқ киімді киюге рұқсат етіледі.
Қажылыққа немесе умраға баратын адамдардың ихрамға оранбай өтуге болмайтын жерлерге «миқат» делінеді. Қасиетті Қағбаны🕋 қоршап тұрған мекендер «Харам», «Хил», және «Әфақ» деп үш аумаққа бөлінеді. Қажылық және умра ғибадатын орындауға келетін адамдар осы аумақтарға қарай ихрамға кіреді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) умра және қажылық амалдарын өтеуге ниеттенген адамдарға бес мекенді ихрам киетін жер ретінде белгілеп кеткен. Бұл мекендер (миқаттар):
1. Зул-хуләйфа
Бұл жер Меккеге 450 шақырым жерде орналасқан.
2. Әл-жухфа.
Меккеге 183 шақырым.
3. Қарнул мәнәзил.
Меккеге 75 шақырым.
4. Яләмләм.
Меккеге 92 шақырым.
5. Зәту ирқ.
Меккеге 94 шақырым.
Осы миқаттың ішіндегі ең ұзағы Зул-хуләйфа болып есептеледі. Ол – Мәдина қаласына жақын маңда орналасқан.
Мәдина тарапынан келе жатқан адамдар Зул-хуләйфа миқатынан ихрамға ниет етіп шығады.
Ал, бірінші Джидда қаласына ұшқан қажыларымыз Әл Джухфа миқатынан ихрамға кіреді.
Кәусар travel компаниясы қазан айындағы Умра сапарына тіркеу ашық екенін еске салады.
Умра сапарына ниет етіп жүрген болсаңыз қуаныштымыз
Сыйлыққа 🎁:
Умра сапарына арнайы сөмке жабдықтары, 5л зәм-зам суы.
( фирмалық жакет, сөмке, Қажылық кітапшалары)
Мекен-жайымыз:
📍Шымкент қаласы: Ерімбетова 44/1
Байланыс нөмірі:
8-778–214-50-43
📍Алматы қаласы: Тимирязова 17
Байланыс нөмірі:
8-778-214-50-48