Кітапханашылардың ақпараттық мамандар ретіндегі рөлі өзгеруде және бүгінгі күні олар жас ұрпақтың негізгі сауаттылығын дамытуда "маңызды агенттер" болып табылады. ЮНЕСКО-ның айтуынша, ТМД елдерінде мектеп кітапханашылары арасында медиа және ақпараттық сауаттылық (МАС) біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілде тақырыптық оқу материалдарын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр. (Цифрлық әлемдегі медиа және ақпараттық сауаттылық: мұғалімдерді қалай оқыту керек. / ред. Ю.Ю. Черный, Т.А. Мурована).
“SauattyKeleşek” жобасы Ақмола облысында 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында жүзеге асады.
Ақмола облысының мектеп кітапханашылары мен оқушыларының медиа және ақпараттық сауаттылық, сондай-ақ инклюзия бойынша білімдерін, шеберліктерін және дағдыларын қалыптастыру
Нысаналы топтың МАС бойынша бастапқы деңгейін және олардың инклюзия саласындағы білімдерін анықтау
Бастапқы кездесулер және проблемалық талқылау
Қатысушылар арасында сауалнама жүргізу
Нысаналы топтың анықталған деңгейі негізінде материалдар мен вебинарлардың мазмұнын әзірлеу
Ақмола облысының мектеп кітапханашылары мен оқушыларын МАС, сондай-ақ инклюзия саласында білімдерін арттырып, ақпараттандыру
Оқыту вебинарларын өткізу
Оқыту материалдарын онлайн жариялау
Мектеп кітапханашысының нұсқаушы ретінде қатысуымен оқу үрдісіне МАС және инклюзия тақырыптарын еңгізу
МАС және инклюзия жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және тарату
Консультациялық қолдау, сүйемелдеу және әдістемелік көмек
Кітапханашылар мен оқушылар МАС және инклюзия негіздерін игереді, ал алынған білім, білік пен дағдылар маңызды фактор ретінде қарастырылады 1) олардың цифрлық қоғамда бақытты және табысты өмір сүруі, өмірлік және кәсіби мақсаттарға қол жеткізуі, 2) сондай-ақ Қазақстан қоғамының тұрақты дамуы. Кітапханашылар мен оқушылар ақпараттың шынайылығы мен сапасын бағалауды, оны жұмыс және оқу процесінде пайдалануды, онлайн және әлеуметтік желілерде қауіпсіз және табысты қарым-қатынас жасау үшін ақпараттық профилактиканы үйренеді.
Жоба Қазақстан мектептерінде МАС бағдарламасының дамуына және оны оқыту мен еңгізудегі кітапханашының рөлін айқындауға мүмкіндік береді. "SauattyKeleşek" пилоттық жобасы Ақмола облысында жүзеге асады. Жоба ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді және нәтижелері болашақта жоғары оқу орындарының кітапханашылары мен МАС белсенділерінің мектептерде МАС бойынша оқытуды дамыту мен еңгізуде қолдау көрсету үшін қолданыла алады. Сонымен қатар, жоба білім беру жүйесінің жергілікті (өңірлік) ерекшеліктерін және МАС бойынша халықаралық трендтерін қолдану тәсілдерін анықтауға және түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы педагогикалық бейіндегі бірден-бір салалық кітапхана, отандық оқу және әдістеме әдебиетінің республикалық негізгі қоймасы, білім беру жүйесі кітапханаларын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге жауап беретін, білім беру саласының барлық кітапханалары үшін ақпараттық-библиографиялық, ғылыми-әдістемелік және үйлестіру орталығы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы педагогикалық бейіндегі бірден-бір салалық кітапхана, отандық оқу және әдістеме әдебиетінің республикалық негізгі қоймасы, білім беру жүйесі кітапханаларын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге жауап беретін, білім беру саласының барлық кітапханалары үшін ақпараттық-библиографиялық, ғылыми-әдістемелік және үйлестіру орталығы болып табылады.
"Өрлеу "БАҰО" АҚ - педагогикалық құрамның сапасын арттыруды және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің педагогикалық кадрларының біліктілігін арттырудағы көшбасшы.
Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры өзінің нысаналы топтарына әлеуметтік инновацияны қолдау, қаржылық, ақпараттық, əкімшілік жəне ұйымдастырушылық көмек көрсету мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Жоба командасының мүшесі және үйлестіруші. ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры. Библиография бойынша 24 жылдық тәжірибесі бар, библиографиялық құралдар бойынша 60-тан астам жарияланымның авторы. Оқу орындарында кітапхана кадрларын даярлау бойынша сабақ берді. "Нұрсұлтан Назарбаев-ҚР Тұңғыш Президенті"электронды кітапханасы үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының мәдениет және өнер саласындағы лауреаты.
Жоба командасының мүшесі. Сарапшы - Практик. Бас сарапшы менеджер, Назарбаев университеті кітапханасы директорының міндетін атқарушы. Оқу орындарында кітапхана кадрларын даярлауда және олардың біліктілігін арттыруда 17 жылдық тәжірибесі бар, 2011 жылдан бастап қоғамда цифрлық, медиа және ақпараттық сауаттылықты ілгерілету және оны кітапхана кадрларында қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады және тренингтер өткізеді. Кітапхана ісі тақырыбы бойынша 80-нен астам жарияланымның авторы болып табылады.
Жоба командасының мүшесі. Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы кітапханасының меңгерушісі. "Кітапхана ісі" номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының лауреаты. "Жамбыл облысы мектеп кітапханалары жанындағы клубтар мен үйірмелер жұмысының тәжірибесінен" жинағының авторы (2016 ж).
Жоба командасының мүшесі. "Өрлеу "біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ ғылым, инновациялар және талдау департаментінің директоры. Білім беру саласындағы философия докторы. Еуропалық білім беру саласындағы зерттеушілер Қауымдастығының (EERA) жаңадан бастаған зерттеушілер тобының (Emerging Researchers' Group) ұйымдастыру комитетінің мүшесі. Бірқатар халықаралық зерттеу жобаларының қатысушысы, орта білім саласындағы зерттеулердің білікті маманы.
Жоба жетекшісі. Әзірлеуші - тренер. Назарбаев Университеті (НУ) кітапханасының сарапшы менеджері. Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық сауаттылық (DIREKT) және инклюзивті білім беру саласындағы (DECIDE) халықаралық жобаларының мүшесі. "Integrity" академиялық адалдық бойынша жобаның және НУ Әлеуметтік даму қорының "InfoSayattylyq" жобасының үйлестірушісі.
Жоба командасының мүшесі. Әзірлеуші - тренер. Назарбаев Университеті (НУ) кітапханасының сарапшы-менеджері. Медиа және ақпараттық сауаттылық бағыты бойынша оқытушылармен және стейкхолдерлермен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіруші (American Corner Astana, UNESCO Almaty, IREX Europe and Media Net). Ақпарат саласындағы оқу және әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеуші.
Жоба командасының мүшесі. Инклюзия бойынша сарапшы. Инклюзивті білім беру саласындағы ғылым магистрі, Назарбаев Университетіндегі Жоғары білім беру мектебінің түлегі, мүгедектігі бар адамдардың түрлі санаттарымен 7 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар; цифрлық инклюзия және осал топтар үшін ақпаратқа қол жеткізу бойынша сарапшы, инклюзия тақырыбы бойынша 10-ға жуық жарияланымның авторы.
Жоба командасының мүшесі. Әзірлеуші - тренер. Кітапхана және ақпараттық ғылымдар магистрі және Назарбаев Университеті (НУ) кітапханасының сарапшы-менеджері. Жоғары білім беру мектебінің пәндік кітапханашысы және кітапханааралық алмасу/ құжаттарды жеткізу қызметінің үйлестірушісі, бөлімнің құжаттамасына жауап береді. НУ кітапханасының жыл сайынғы конференциялары мен семинарларының ұйымдастыру комитетінің мүшесі және жаттықтырушысы, сондай-ақ медиа және ақпараттық сауаттылық саласындағы оқу және әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеуші.
Жоба командасының мүшесі. Әзірлеуші - тренер. Назарбаев Университеті (НУ) кітапханасының сарапшы-менеджері. Кітапханалық технологиялар мектебінің нұсқаушысы. НУ Әлеуметтік даму қорының "InfoSauattylyq" жобасы командасының мүшесі. Erasmus + жобасының қатысушысы.
Жоба командасының мүшесі. Әзірлеуші - тренер. Назарбаев Университеті (НУ) кітапханасының аға менеджері. Студенттерге арналған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша бейресми іс-шараларды ұйымдастырушылардың бірі. СММ-маман. Дизайнер-визуализатор.
Жоба командасының мүшесі. Әзірлеуші - тренер. Назарбаев Университеті (НУ) кітапханасының менеджері. ABBYY және Microsoft Office бағдарламалық өнімдерінің сертификатталған маманы.
Материалдар сәуірде жарияланады.
Үздік 10 кітапханашы Назарбаев университетіне кітапхана жұмысымен танысу және тәжірибе алмасу үшін бір күндік турға шақыру алады. Жеңімпаздар оқу барысында тәжірибелік сынақтардың жалпы ұпайы негізінде іріктеледі.