АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫЛАРЫ МЕН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ, СОНДАЙ-АҚ ИНКЛЮЗИЯ БОЙЫНША БІЛІМДЕРІН, ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ТҮСІНУ
МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ
МЕДИА МЕН АҚПАРАТТЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
Оқыту аяқталғаннан кейін жобаға қатысушылары медиа және ақпараттық сауаттылық туралы алған білімдері мен дағдыларын медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша ресми немесе бейресми іс-шараларын өткізу арқылы тәжірибеде қолданады. Бұл іс-шаралар оқыту барысында қолданылған материалдар және қатысушылардың қорытынды жобасы негізінде әзірленуі мүмкін.
22 тамызда жоба мүшесі Ж.Оразымбетова Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қазақстандағы ұлттық басымдық: балалар және білім беру» атты білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумының «Заманауи оқырманға -заманауи кітапхана» панельдік секциясында «Мектеп кітапханашысының жетекшілігімен оқушылардың жобаларға қатысуы» тақырыбында баяндама оқыды.
12 тамызда жоба мүшелері Алматы қаласында өткен «Қазақстандағы ұлттық басымдық: балалар және білім беру» атты білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумының «Заманауи талаптар контекстіндегі мектеп кітапханаларын трансформациялау» атты панельдік секциясына қатысты.
Баяндама тақырыптары:
Е.Е.Камилова, «Цифрлық дәуірдегі мектеп кітапханашыларының негізгі құзыреттері»
З.Н.Абдыкаимов, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін ақпараттық технологиялар мен цифрлық контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету».
11 тамызда Ж.Оразымбетова Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қазақстандағы ұлттық басымдық: балалар және білім беру» атты білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумының «Білім беру ресурстары білім сапасын арттыру құралы ретінде» панельдік секциясына қатысты.
Баяндама тақырыбы: «Мектептегі білім беруді заманауи ақпараттық технологиямен жабдықтау - цифрлық трансформацияның табыстылығы мен тиімділігінің маңызды факторы».
12-14 маусым аралығында "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы (Щучинск қ.) базасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми–педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп жобасы-заман талабы" атты Республикалық семинар өтті. Семинар барысында жоба командасы жобалық бағдарламаны катыстырып, бірқатар практикалық сабақтар өткізді.
28 сәуір мен 2 мамыр аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы (ҚР БҒМ РҒПК) базасында «Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын медиа және ақпараттық сауаттылыққа және инклюзив негіздеріне оқытудың әдістері, формалары мен құралдары» атты семинар өткізілді (Алматы қ.). Жоба командасының мүшелері қатысушыларды жобаның аралық нәтижесімен таныстырып, мектептерде медиа және ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытудың маңыздылығы мәселелерін талқылады, Назарбаев Университетінде медиа және ақпараттық сауаттылықтың негізгі құзыреттерін дамытудағы тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, жоба бенефициарларымен үйлестіру кеңесі өткізіліп, жобаның барлық материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін веб-сайт таныстырылды.
15 сәуірде Степногорск қаласының (Ақмола облысы) №4 мектеп-гимназиясы базасында өңірлік мектептер мен колледж кітапханашыларының қатысуымен семинар өткізілді. Семинар аясында қатысушыларға «Ақпарат көздерімен жұмыс істеудің тиімді әдістері» тақырыбында презентация мен мастер-класс ұсынылды. Қатысушыларға алған білімдерін пайдалану мақсатында ситуациялық кейстер ұсынылып, ақпарат көздерін бағалауға арналған түрлі жаттығулар жасалды.
28 ақпан мен 25 наурыз аралығында кітапханашылар бағдарламаға сәйкес онлайн семинарларға қатысып, қорытынды жобаны орындады. Енді қатысушылар оқу материалдарын меңгеру сапасын бағалау және Назарбаев университетінің кітапханасына шақыру алу үшін үміткерлерді анықтау мақсатында тестілеуден өтеді. Оған қоса, жобаның екінші кезеңі басталды, ол 2022 жылдың мамыр айына дейін жалғасады және оқушыларды МАС бойынша оқыту мақсатында жүргізілген практикалық жұмыс есебімен аяқталады.
Дөңгелек үстел қатысушылары оқушылардың әртүрлі контингенттерімен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісіп, оқушылар және мұғалімдермен жұмыс жасау барысында туындайтын мәселелерді талқылады.
Дөңгелек үстел жұмысында қатысушылар Өзбекстан мен Қазақстанның мамандары мектеп оқушылары мен студенттері арасында медиа және ақпараттық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру және дамыту бойынша тәжірибесімен танысты. Барлығы 2 презентация болды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы
050010, Алматы қ., Жамбыл көшесі 25
Тел. +7 (727) 291-69-11
Эл. пошта. rnpb_kz@mail.ru