Қазақ күресі — Еуразия құрлығындағы барлық дәстүрлі күрес түрлерінің синтезінің нәтижесі болып табылатын қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнері халық арасында үлкен сұранысқа ие. Қазақ күресі 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақ күресін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция өтіп, сонда қазақ күресі бойынша халықаралық федерация құрылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы.
2010 жылы Астана қаласында өткен үшінші Әлем чемпионатына ФИЛА (UWW) президенті Рафаэль Мартинетти арнайы келіп Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясын ФИЛА мүшелігіне қабылдау туралы құжатқа қол қойды. Бұл ұлттық күресіміздің тарихындағы ең бір маңызды сәттің бірі.
2022 жылы Біріккен Күрес әлемі (UWW) халықаралық ұйымы төл күресімізді дамытуда біршама еңбек сіңірген Qazaq Kuresi Ассоциациясын мүшелікке қабылдады. 2023 жыл қазақ күресі үшін тарихи жыл болғанын атап айтқан жөн. Төл күресіміз алғаш рет Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының (World Combat Games) бағдарламасына енді. Бұл маңызды оқиға Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы – Эр-Риядта болды.
Еңкейіп лақтыру — еңкейіп лақтыру. Күшті балуанның физикалық күші үшін тәсілдер. Көбінесе қарсы әдіс ретінде қолданылады, сол мезетте қарсыласының иық арқылы балуанның белін басып алуға тырысқан кезде орындалады. Осы сәтте лақтыруды жүргізетін балуан басты қимылдатып бұрын кенеттен дене тұрқын, аяқтағы тізе буындарын түзетуі тиіс және қарсыласын өзіне қаратып, содан кейін денені алға күрт көлбеулетіп және тізені төмен тастап есебінен көтеру керек.
Көтермелеп лақтыру — Күшті балуанның физикалық күші үшін тәсілдер. Қазақ күресінде тарихы терең белгілі әдіс. Сыртынан және ішінен отырғызу арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалады.
Шалып лақтыру — техникалық арсеналында жетекші орындардың бірін алады. Оның алдыңғы, артқы және бүйір шалу сияқты түрлері бар. Әдіс бір аяқтың астына да екі аяқтың астына да орындалады. Шабуылдаушы балуан қарсыласын өз қойған аяғын арқылы арқасына лақтырады.
Арқадан асырып лақтыру — бұрыла лақтыру. Самбо терминологиясында — арқа арқылы лақтыру. Қарсыласына арқасымен бұрылу есебінен - кейін иіліп не лақтырған жағына алға қарай жығылып орындалады.
Айналдырып лақтыру — шыр айналдыра лақтыру. Қатаң тәсілдер, қазақ күресінде ежелден белгілі. Күші көптер қарсыластарын иық деңгейіне, тіпті одан да жоғары бас деңгейіне көтереді, олардың айналдыра әр түрлі тәсілдер орындаған: оларды қойылған жамбас, арқа арқылы тастаған, немесе сыртынан іліп алу арқылы лақтырған.
Қазақ күресі — күш пен ептілікті талап ететін ұлттық спорт түрі ғана емес, сонымен қатар денсаулыққа зор пайдасы бар спорт. Оның денсаулыққа пайдалы жақтары мыналар:
Бұлшық етті нығайтады: Қазақ күресі барлық дене бұлшық еттерін бірдей жұмыс істетеді, әсіресе қол, иық, аяқ және арқа бұлшық еттерін күшейтеді.
Дене төзімділігін арттырады: Жаттығу мен күрес кезінде жүрек-қантамыр жүйесі шыңдалады, қан айналымы жақсарып, жүрек соғуы тұрақтанады, бұл жалпы төзімділікті арттырады.
Координация мен ептілікті дамытады: Қазақ күресі балансты сақтауды, тез шешім қабылдап, қозғалыс координациясын жетілдіруді талап етеді, бұл адамға икемділікті үйретеді.
Сүйек жүйесін күшейтеді: Күрес кезінде дене салмағы сүйектерге күш түсіретіндіктен, сүйектердің беріктігі артады және остеопороз сияқты аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Артық салмақтан арылуға көмектеседі: Бұл спортпен айналысу барысында май қоры азайып, бұлшық ет көлемі ұлғаяды, сондықтан артық салмақтан арылуға және сымбатты дене бітіміне қол жеткізуге ықпал етеді.
Тәртіп пен ерік-жігерді дамытады: Күреспен айналысу шыдамдылық пен өзіне деген сенімділікке үйретіп, мақсатқа жету үшін тәртіпті сақтауды талап етеді.