Қарқаралы туралы
Тауым бар Қарқаралы қарағайлы
Қаптаған қалың қоныс малға жайлы
Саялы жапырағын көлеңкелеп,
Қанатн бала қайың алға жайды.
Қарағай қайың менен араласқан,
Ақ толқын барады ағып жағаласқан.
Құйқылжып құйын соғып қурай ұшса.
Төбеден төңкеріліп қарайды аспан.
Сарқырап жылғалардан бұлақ аққан,
Ақ иық көктен торып, қанат қаққан.
Ителгң, қаршыға мен қара таста,
Сұңқар да бір – біріне мұңын шаққан.
Лашын тояттанып қына таста,
Төс еттен шоқып қойып,мауқын басқан
Қадырі қасиетті дәл осындай,
Табиғат даласына нұрын шашқан.
Өмір.
Анадан шырылдап туғанда,
Тастапты мені құндақтап.
«Ұл тапты» деп қуанған,
Ауылдың бәрі ардақтап.
Тірлігімнің арқасы,
Жүрмін міне жан сақтап.
Бес жасыма келгенде,
Ата – анам өлді жасымнан,
Еркелік тайды басымнан,
Халімді білер ешкім жоқ,
Ағайын тайды қасымнан.
Он беске жеттім кезекпен,
Етегім тозды тезектен.
Аш – жалаңаш дірдектеп,
Су тасыдым шелекпен.
Баянтауда
Тамаша таңдандырат таудың іші,
Гүл жайнап тұрғандайын жазы – қысы
Көктемде көкек айы келген кезде
Сайраған тұс – тұсынан бұлбұл құсы
Ойнайды шың басына арқар өріп,
Жалт етіп жарығында жортар елік.
Бір көл бар шың басында шар айнадай,
Құйылған тас қазандай сонша берік
Көргенде осы жерді көңіл асқақ,
Сағынып келгенімде мауқым басқам.
Қадірмен, қасиетті Баяныма
Замана сұлу күні нұрын шашқан.
Жастарға айтарым
Жүйрік шабар баптасаң
Қадірін біліп саптасаң.
Желге жабар жануар,
Ауыздықтап тартпасаң.
Жеміс қайдан шығады,
Аяғыңмен таптасаң.
Ақынсың деп кім айтар,
Алқа топта айтпасаң.
Батырсың деп кім айтар,
Барған жауға батпасаң.
Ақылды деп кім айтар
Ашуыңнан қайтпасаң.
Іздегенің табылар,
Жалқауланып жатпасаң.
Бауыры жазық жүйріктер,
Қуғанменен шалдырмас.
Әлді болса атан нар,
Жолда жүгін қалдырмас.
Ақыл қонған ер болса,
Өтірік айып нандырмас.
Сараң байға мал бітсе
Үйіне қонақ қондырмас
Жаман атқа жал бітсе,
Үстіне тоқым салдырмас
Қас батырмен дос болсаң
Жауға сені алдырмас.
Білгенің осы ма?
Жетім бар, жесір бар, Алдама қоғамды,
Әлсізді басынба. Жоясың бағаңды,
Қорғайтын қожа бар, Қорлама тағамды,
Орынсыз тосылма, Сыйлай біл ағаңды.
Көпшіл бол, епшіл бол, Бастан тый балаңды
Бақ орнар басыңа. Биікке қол созба,
Болмасқа болысып, Қатардан кем қылма
Ақылың тауысып, Өзің біл шамаңды.
Құр бекер шашылма. Салыстыр санаңмен,
Адал бол, алға бас, Жақсы мен жаманды,
Қарамнан аулақ қаш, Ойластыр тағы да,
Наданға қосылма, Жүйрік пен шабанды,
Көмегің болмаса, Ақылға көнбесе,
Себебің тимесе, Пайдасын білмесе,
Км жуыр қасыңа. Жауып қой наданды.
Сөз сөйле сүйікті,
Беріп тұр ерікті,
Ішіңе сыртың сай,
Жігіт бол көрікті.
Жау жүрек , жалын жас,
Аянба, алға бас.
Дүние дұшпандарыма
Тікен екпе, бидай ек,
Өзің үшін орасың.
Дүниеге от қойсаң,
Өзің бірге жанасың.
Мұзын ойма теңіздің,
Ортасында қаласың.
Бейбіт жатқан халықтың,
Қанын неге сорасың.
Қанға тойған қасқырдай,
Қайда барып сиясың.
Тоқтамасаң өзің біл,
Өзіңді өзің жоясың.
Соғысты сүйген сорлйды,
Озбырлық қылғн оңбайды.
Әділдік кімде әр қашан,
Бар әлем соны қолдайды.
Ақындарға
Ақын болсаң артыңда сөз қалады,
Балаң болса мирасқор көз қалады.
Таңырқанып оқитын тәтті болсын,
Өтейтұғын мәңгілік із қалады.
Жапырақтай жайқалған жарың қайда,
Кемпір болып қартайып қыз қалады.
Айтқан сөзің қағазға жазылмаса,
Көл суалып тартылып саз қалады.
Саудагер туралы
Әйелдер айлас, саудагер сырлас,
Сынаптай толқып,, бір жерде тұрмас.
Тығылып көкке , беріліп епке,
Келетін шек жоқ, әуре боп текке.
Жалтақтап қарап, қолтықтап орап,
Жүргізбек сені алдыңды орап,
Қорадай қанап, достасып тонап,
Алады – ау алдап, ұялмай санап.
Жүнісбек Жолдинов (Павлодар облысы)
Молдабай Жолдыбаев (Алматы облысы)
Жүнісбек
Сенің атың Молдабай,
Сөз сөйлейсің талдамай.
Өте күңгірт сөйлейсің,
Көпшілік қалды аңдамай.
Ақын сәні келмейді,
Төгілдіріп жырламай.
Күйші сәні келмейді,
Он саусағы ойнамай.
Текке жасты жасапсың,
Осы арасын ойламай,
Жөндеп сөйле сөзіңді,
Бұқараны алдамай.
Ал, Молдеке , бастаңыз,
Несие сөзді қоспаңыз,
Игібай отыр алдыңда,
Одан қорқып саспаңыз.
Артыңда дайын мен тұрмын,
Ешкімнен қорқып қашпаңыз.
Ал, Молдеке айтыңыз,
Домбыраны тартыңыз,
Айтар сөзің жоқ болса,
Үндемей үйге қайтыңыз.
Молдабай :
Екі жақсы қосылса,
Әзілдесіп сырласар.
Екі шешен қосылса,
Бірін- бірі арбасар.
Екі жаман қосылса,
Бірін бірі ұрласар,
Араздасып айтыссақ,
Екеумізді кім қосар.
Есерленіп сөйлейсің,
Талайлармен кездестім,
Ширегіме келмеген.
Надандарға дауа жоқ,
Қадірімді білмеген.
Сенен көрдім бірақ та,
Аға сыйлап көрмеген.
Бұл сөзіме нанарсың,
Ашулансаң жанарсың
Әлін білмес әлек боп,
Тек ұятқа қаларсың.