Жүнісбек - Кузьма
Екібастұзда кен инженері Серік Жақсыбаев бірде: Баянауыл ауданындағы Қаныш Сәтбаев атындағысовхозда Жүнісбек Кузьма Кириллович Жолдинов деген қарт тұрады екен. Жасында орыс семьясы тәрбиелеп өсірген. Өлеңдер жинағы шыққалы жатыр деген еді. Сол ақын жуырда «Қызыл Ту» газетінің редакциясына:
Дүние деген жасыл бақ,
Жетпіс жасқа келген шақ
Тоқталар –ау бір күні,
Сөйлей тұрсын тіл мен жақ.
Бозқырау шалып шық түссе,
Қырдағы гүлдің солғаны.
Балалар еске алмас,
Қартайып қарттың қалғаны – өлеңдете келді. Әр сөзін тақпақтатып жеткізеді. Орақ тілді, қолма –қол суырып салма ақын. Биыл «Жазушы» баспасынан шыққан «Ойларым» атты өлеңдер жинағын көрсетті. Естіген білгендерін, көргендерін, Сәкен, Қаныш, Иса, Жаяу Мұса жайында білетіндерін ортаға салды. Жаңа өмірді, шат тұрмысты, халықтар достығын жырға қосты.Неше түрлі нақыл, ғибрат сөздерді төгілтті. Көргені, түйгені, көкейіне тоқығаны көп екен. Жас шағынан өмірдің тауқыметін, жетімдік тақсыретін тартқан жан. Өмірдің қатал қыспағына мойымағын. Бүгінгі өміріне тіпті риза.
- Мен бес жасымда әке – шешемнен жетім қалдым.Әр үйдің есігінде жүрдім. Буыным бекіп, бұғанам қатпай жатып,ауыр еңбекке араластым. Бай малын бақтым, - деп бастады қарт ақын әңгімесін. – Осындай шақта момын орыс семьясына тап болдым.
... Жүнісбектің ауылына жақын жерден «Белағаш» деп аталатын орыс поселкасы орнайды. Сол «Белағашта» Шонжа деген қазақ диірмен салдырады. Диірмен құрылысында балташы Ермолай деген орыс жігіті істейді. Бір күні ол байдың Жүнісбекті ат бауырына алып сабап жатқанын көреді.Жұмысын тастай салып, балтаны алып,даланың сойқан содырына тұра ұмтылады. Арашаға түседі. Сонда бай: - Әй, мұжық ауып келген неме, өз жайыңды біл, ұрсам өз күшігім, - деп Ермолайға зекиді. Бірақ атын омыраулатып, өркөкректік жасай алмайды. Переселен шаруалардың ұйымшыл ауызбірлігінен қорқады. Басқа байлар да бұларға көп соқтыға қоймайды. Атының басын бұрып, - Әй иттің күшігі, мына ауған ресейлер саған пана болғанын көрермін. Жөнел қойға,- деп Жүнісбекті зілдеп қорқытып, жүріп кетеді.Еңгезердей Ермолай Жүнісбекті қолтығына қысып ұстаған бойы байға: - Пана бола аламыз, - деп айқай салады. Сен , балақай, анау байға енді барма, бәрібір саған күн көрсетпейді- деп «Белағаштың» бауырындағы бай ауылын нұсқады.Ермолай.
Қазақтармен араласып жүрген, қазақша білетін Ермолай Жүнісбекті бірден баурап алды.Өзімен бірге ала кетеді.Сөйтіп, 8 жасарЖүнісбекті бірден баурап алады. Өзімен бірге ала кетеді.Сөйтіп 8 жасар Жүнісбекті Кирилл Гарболович деген шаруа бала қылып алады. Ол әуелі оны шіркеуге апарып шоқындырады. «Кузьма» деп ат қояды. Енді ол Кузьма Кирилович болып шығады.Кирилл Гарболович қазақ баласын қыздары Мария, Зоялардан ешбір кем көрмейді. Еркелетеді, еркін ұстайды. Шаруаға баулиды. Кирилл сол кезде 60 жасқа келіп қалса керек. Сонда да жұмыстанқалмайды. Меншігіндегі тқрт десятина жерге егін салып, семьясын асырайды. Жағдайы қиын болса да , Жүнісбекке пана болып, азамат етеді. Ешқашан қатты сөз айтпайтын. Көбіне ақыл беретін, - деп балалық шағын еске алады қария. – Мынадай бәр жағдай болды. Қарндасым Мария, мен, әкем үшеуміз екі атты соқаға жегіп, жер жыртып жүргенбіз. Далада қонып қалдық. Бір үзілісте мен ерігіп, анадай жерден қурай жқлып алып, сыбызғы жасадым. Әнге қосып, шырқадым. Жегулі аттар сыбызғы үнінен шошып, үркіп тұра қашты. Ұстатпай далаға шығып кетті. Екінші күні әкем ұстап әкелді аттарды. Мен жаман қорықтым. Таяқтың астына алатын шығар деп ойлап едім, әкем басын шайқап, балам, атты үркітуге болмайды. Дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Сөйткен әкейді өмір бақи жақсы көріп кеттім. Орыс семьясында 18 жасқа келгенше тәрбиелендім.
1916 жылы патша жарлығы бойынша Жүнісбек – Кузьма майданға қра жұмысқа алынады. Ригадан бір –ақ шығады. Мариядан хат алып, әкесінің қайтыс болғанын , қарындасының тұрмысқа шыққанын естиді. Семья едіуәр күйзеледі. Бұл жай Жүнісбек – Кузьма Кириловичке оңай тимеді.Әсіресе әке өлімі қатты батады.
Арызым жетпей болысқа ,
Қадірім өтпей танысқа.
Күн көрістің жағдайы
Бала болдым орысқа
Сол әкеден айрылып
Адасып қалдым алыста.
Мариядан хат алып.
Көзімнің жасы сел болды.
Ата-анамды көп ойлап,
Есіл дертім ел болды.
Қарт кеткенге қайғырып,
Шешем қалә не болды?
Жақсылық болса жалпыға
Бас еркімді алармын.
Ажал жетсе амал жоқ
Айдалада қалармын.
Ел шетіне жеткенде
Паналап кімге барармын? – деп өлең хат жазады. Арада екі жыл өткен соң Жүнісбек «Белағашқа» қайта оралады. Кәрі шешесіне келіп, етікшілікпен айналысады.Бірер жылдан соң Фрося шешесі дүние салады. Зоя тұрмысқа шығады.Мұнан кейін Жүнісбек – Кузьма «Белағаштан» кетіп, Қарқаралыға келеді. Семья құрады. Өзі ұсақ –түйек кәсіп қылады. Әйелі жұрттың киімін жуады, тамағын пісіреді. Бұл тіршілік Жүнісбекті қанағаттандырмайды., ақын сауатын ашқысы келеді.Осы мақсатпен Омбыға келіп, рабфакқа түседі. Қарт ақын Омбыдағы өмірін еске алып, Мұхтар Әуезовтың «Еңлік -Кебек» пьесасын қоюға қатысып, Жапал қойшының ролін сомдағанын айтты. Кейін бұл оқуды онан әрі жалғастыра алмай, тіршілік қамымен кетеді. Жасынан сезімтал, зерек Жүнісбек – Кузьма өлең жазды, бүгінгі шат өмірді, көңілді тұрмысты жырлайды. «Ойларым» атты өлеңдер жинағын жетпістегі Жүнісбектің талант жүлдесі десе де болғандай.
Т.Қоңыров.