Сөз зергері
1961 жылы Қазақстан Компартиясының 40 жылдық мерекесін тойлау қарсаңы еді. Қолында кішкентай қарағай домбырасы бар, орта бойлы, дембелше, қазіргі заман үлгісімен киінген қарт адам ойда жоқта жолықты. Қарт дегенімізбен жүрісі тым ширақ, мығым денесін тік ұстаған, сырт әлпетіне қарағанда елу жастан аспаған адамдай. – Шырағым, деді ол, - Қазақстанның мынау торқалы тойы қарсаңында, бақытты заманды, партия мен үкіметті шексіз сүйген жүректен шығарған бірер өлеңдерімді редакция қызметкерлеріне тыңдатып байқайын деп едім.Қарт өзін «Жолдинов Кузьма Кирилович» деп таныстырды. – Қызық екен ! Қалайша сіз Кузьма боласыз! – дедік біз оған таңданып. – Таңданары жоқ, шырағым. Оның мәні былай, деді де қарт өткен өмір жолын баяндап кетті.- Жүнісбек Кузьма қарт қазір 70 жаста. Бес жасында әкеден қалған, жалғыз туған. Жүнісбек жетімдік тақсыретін тартады. Әркімнің босағасында телміріп, жаутаң көз болды. Жүнісбек қозышы бала, бақыршы бала болып күн кешеді. Өмірдің қатаң қыспағана қарамастан жетім бала әр өнерге бой ұрады. Ол сезімшіл, зерек болып, ойын – сауықшыл болады.1910 жылдың көктемі еді. «Қызылтау» деп аталатын жердегі ( қазіргі Ульянов ауданы) Жүнісбектің ауылына жақын «Белағаш» деп аталатын орыс поселкесі болатын. Ол қазіргі Буденный атындағы совхоз (Ульянов ауданы) орталығы. Поселкенің шаруалары жанындағы қазақ ауылдары жиі қатысатын еді. «Белағаш» песелкесінің жас жігіті, ұста Ермолай Жүкеңмен дос болады. Сөйтіп жүріп , осы поселкеде тұратын карголович деген егде адамға асыранды бала болады. Қарапайым егде адам оған кузьма деп ат қояды, баласындай жақсы көреді.1916 жылы Қазақстан солдат алу жөнінде патша әмірі жарияланысымен сол кезде 21 жастағы Кузьма солдаттыққа алынады. – Қазір байымдасам, - дейді Жүкең – сол 1916 жылы солдат болуымның болашақ өміріме көп пайдасы тиген екен. Бір жылға жуық сапараымда Омбы, Тюмень, Москва, Рига қалаларында болдым. Ақыры майдан шебіне келіп, окоп қаздық. Бұрынғы елең – селең мінездің бәрі қалды. Талай жердің дәм тұзын татып, талай жұрттың адамдарымен таныстық.Тіліміз, түсіміз басқа болғанымен, өңкей жарлы- жақыбай өмір ағысының бір арнасындағы тілек- мүддесі бірдей адам тез ұғысып, бауырласып кетеді екен.Сол солдатта жүріп өзім тәріздес жұпыны, қарапайым болғанымен ақыл –парасаты жоғары нелер кедейлермен кездестім. Олар орыстар мен украиндар, литвандар еді. Міне солар менің сәулетті болашақты ойлауға көзімді ашты. Солдаттан 1917 жылдың жазында қайтып келгенде, Жүнісбек Кузьма өзінің ой – сана, жігер – қайратын таптық намысының от жалынына суарып, шыңдап келгендей болады.Оның осыдан былай суырып салма ақындығы да, көріне бастайды. Жүнісбек Кузьма жиын жерде өлең айтса – ақ, енді бұрынғыдай әзіл – қалжың арнау сияқты емес, әлеуметтік тақырыпқа бой ұсына бастайды. Ол күндей жайнаған заманын жырға қосады.
Әкімбеков Қ