Баянауылдың шығыс жағында Сабындыкөлдің оңтүстік алқабында орын тепкен іргелі мекендердің бірі – Ақсаң ауылының тарихы тереңнен сыр шертеді. 1934 жылы «Талапкер», «Жаңабауыр», «Ақбет», «Қаражар», мойынсерігіненен «Октябрь», «Қаражар» колхоздары отау тіксе, 1957 жылы 12 ақпанда осы өңірде «Баянауыл» совхозы шаңырақ көтерді. Баянауыл совхозының «Октябрь» бөлімшесі қазіргі «Жалғызқайың» ауылының іргетасы 1930 жылдардың орта кезінде қалана бастаған.
Сиректас елді мекеніндегі «Талапкер» серіктестігі Жалғызқайын елді мекеніне көшіріліп «Октябрь» колхозы ашылды. Халық «помыштап» бір біріне көмектесіп саманнан кірпіш құйып, үй сала бастады. Осында 1938 жылы тамыз айында жаңа мектеп салынды. Негізгі бағыты қой шаруашылығын дамыту және егіншілік.
Колхоздағы еңбек.
Техника тапшылығы болған кезде жұмыскерлер жер жырту үшін соқаға өгіз жегті. Атты ерттеп шөп машинамен шөп шапты. Бидайды ат арбамен қамбаға тасып Баянауылдың загот зерносына жеткізіп отырды.
1939 жылы колхозшы, ауылда «женьщина–пахарь» атанған Рымжан Аманбаева Мәскеуге шақырылып стахановшылар қозғалысына белсене араласқаны үшін М.И.Калининнің қолынан «Еңбектегі ерлігі үшін» медальін алған. Рымжан Аманбаева өгізді соқаға жегіп, жер жыртып үлкен жетістікке жеткен. Сол жылы Рымжан апа Бахыт есімді ұл баланы дүниеге әкеледі. Бахыт Төлебаев кейін ауылымыздың жоғары білім алған азаматтарының бірі болды. Мектепте 40 жылға жуық ұстаз болып, талай шәкірттерді тәрбиелеп, білім беріп ауылымыздың құрметті азаматы атанды.
Жұмангожин Мәди – ұста. Соғыс кезінде броньмен тылда қалып, қолхоздың барлық техникасын іске қосқан тыл ардагері «Ленин» орденімен марапатталған.
Қой фермасының сауыншылары – Ыскакова Заги, Сембекова Насиха, Мақыш, Тілеулес, Бибіжар,Үмітай Көрпебаевалар, Қадиша, Орынбасар, Куляй, Бибіжамал Тусупбаевалар, Төлеу апалар қой сүтінен сүзбе жасап үкіметке тапсырып отырған.
Қолхозшы Рымжан Аманбаева, 1939 жылы, мамыр айында Мәскеуге шақырылып, үкімет басшысы И.В. Сталинмен жүздесіп «За трудовую доблесть» төселгісімен марапатталған.
«Октябрь» ауылының алғашқы механизаторлары Изатбеков Орақбай, Сәкен Түсіпбаев, Аубакиров Шаймерден. Жаңа келген техниканы игеріп таңнын атысынан күн батқанша аяңбай еңбек еткен.
1939 –1956 жылдары аға шопандар–Альжан, Кәріпбек, Бейсенбай, Әбілда Қалыпбайұлы, Жапар, Қоқыш Жұматаев, Нұртай Жұмабеков, Кісентай Жұматов, Иманбеков Қамзе, Иманбеков Әмір, Омар Бектуров, Айдаров Сембек, Айдаров Копжан, Жүсіпбаев Кәден, Жәнібеков Абікен, Пішпақбаев Олжатай, Жармағамбетов Уахит, Жумабек Сулейменов, Сенбек Айгозин, Курекин Текен, Усенов Ахмет, Шөкен Ақсақалова т.б.
Жұмангожин Мәди – ұста, темірден түйін түйген шебер. Соғыс кезінде броньмен тылда қалады. Колхоздың техникасын іске қосып еңбекқорлығымен үкіметтін жоғары марапаты «Ленин» орденінің кавалері атанған.
1957ж совхоз «Баянаульский» құрылды. Айтулы елді мекенге 1 отд «Октябрь», 2 отд «Қаражар» ауылдары кірді. Совхоз Баянаульский қазіргі «Ақсан» ауылы. Осы жерге жаңа үйлер, жаңа клуб, балабақша, дүкен, мектеп, монша, контор, дәргерлік пункт, машина - трактор шеберханасы, құрылыс құралдарын өңдейтін цех, өнім қоймалары салынды. Тың игеруге өзге ұлт өкілдері көшіп келді. Халық саны өсті. Сонда көктемгі егіс пен күзгі орақ уақытында астық таситын машиналар ауылдың бір шетінен екінші шетіне қарай күндіз-түні ерсілі - қарсылы ағылып жатты.
Совхоз Баянаульскидің бас аграномы - Макин Мелс Кенжебекұлы ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосты.
Совхоз Баянаульскиді басқарған директорлар
1960 жж. – Сафронов А.
1970-1978 жж.- Бурачевский Петр Артемович
1978 -1993 жж. – Баймағанбетов Әмірхан Дуабекұлы
1993-1995жж. - Опабеков Сайлау Нығманұлы
1995-1996жж. – Макин Болат Кенжебекович
Білім ордасы.
Совхоз Баянаульскидің 1957 жылы құрылуына байланысты «Октябрь» колхозындағы бастауыш мектеп жабылып, қазіргі Ақсан елді мекенінде «Октябрьская восмилетняя школа» ашылды. Мектепте қазақ және орыс сыныптары болды.
Қырдағы фермалардағы және «Қаражар» ауылының балалары осы мектепте оқыды. Балаларға арналып интернат ашылды. 1976-1980 жылдары оқушылардың саны 270-290 дейін болған екен. Білім ордасының тізгінің ұстағандар: Сыздықбеков Ақмухан, Әлжанов Қабыкен, Тюлкин Халел, Кокишев Қуантай, Толеубаев Бахыт, Қарлығаш Қабытаевна сынды ұстаздар талай шәкірттерге білім нәрін сусындатты. Тәлім-тәрбие берген ардагер ұстаздарымыз: ҰОС ардагері Нурсипат Нурахметов, Нуртаев Зейнекеш, Какима Садыкова, Төлен Ахмадиевна, Волошина Надежда Евгеньевна, Жеңіс Акимбеков, Көкен Искаковна, Алма Дуйсенбаевна, Какима Садыковна, Алихан Мухтанович, Лидия Амирбековна, Сара Ермекбаевна, Валентина Амирбековна, Каткен Анафин, Бөкенбай Ысқақов, Николай Гурьевич, Айсулу Қайыржановна, Куантай Елемесович, Асима Кайруллиевна, Гулнар Каріпбековна, Марияш Маткеновна т. б.
Тарихқа үңілсек, біздің елді мекенде 1934 жылы алғашқы төрт класстық мектепте ұстаз болғандар: Рахметов Дуйсенбай, Рахимова Қапса, Зәру Сапарбекова. Айтулы мектеп «Сиректаста» 1934 жылы 1 қыркүйекте ашылған. 1938 ж «Октябрь» колхозында жаңа мектеп салынады. Соғыс кезінде «Октябрь» колхозында дәріс берген ұстаз Рахметова Қайыржан. Шәкірттері: Қабыкен Әлжанов, Бахыт Төлебаев, Айтмағанбетов Еңбек т. б. Осы шәкірттер Қабыкен Әлжанов, Бақыт Толеубаев «Октябрь» ауылының алғашқы жоғары білім алған азаматтар. Туған ауылында еңбек етіп талай шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздар.
Балабақша.
Кішкентай бүлдіршіндер балабақшада тәрбие алып, даярлық топтарда білім алып жүрді. 1980-90 жылдары балабақшаның тізгінің ұстаған Сакенова Сауле Сакеновна. Тәрбиешілер: Солтанбекова Дариға Игенқызы, Кобжанова Айгуль.
Аспазшы - Тусупбаева Кульзира. Осы мекемеде адал қызмет жасап, ел ризашылығына бөленген абзал жандар: Вера–Күмісай Чапаева, Қунанбаева Батима, Дюсекеева Марбану-Маркен Касеновна, Апсалова Күлше.
1985ж. Баянаул совхозының озат жұмыскерлері Мәскеуде, Калининградта жолдама арқылы демалыста болған.
Тәуелсіздік жылдар.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1991-1992 ж. совхоз Баянаульский таратылып жекешелендіруге көшеді. Совхоз мүлкі мен жері ауыл адамдарына үлестіріп берілді. Өткен өмір тарих қойнауына кете берді. «Октябрь» бөлімшесі «Жалғызқайың» ауылы атанып Ақсан ауылдық округіне енді.
2009 жылы ауылымызда кітапхана ашылса, 2012 ж ауыл клубы жұмыс істей бастады.
Жалпы халық саны - 210 адам. Елді мекенде бәрі қазақ ұлты.
Негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Жеке шаруа кожалықтары қой, қара мал, жылқы өсірумен айналысады.
Ақсан ауылдық округінің әкімдері
1991 ж. Абдуллина Екатерина Жомартовна
1997-2006 жж. Опабеков Сайлау Нығманович
2006- 2007 жж .Әльжанов Ерғанат Кенжеұлы
2007- 2015 жж. Смагулов Толеген Ынтыкбаевич
2015-2017 жж.Шегетаева Салтанат Амантаевна
2017 жылдан бастап Ақсан ауыл округінің әкімі Дюсенбаев Кенжебек Дюсенбаевич
Селолық совет хатшылары: Рахметов Бейсен, Багимов Сағымбек, Нуртаев Зейнекеш, Адепбаев Н, Абдуллина Е.Ж.
«Октябрь» 1 бөлімшесін басқарып зор үлесін қосқандар: Дуйсенбай Рахметов, Шерияздан Альпатин, Бейсенбаев Манаш, Кудешев А.