Aуыл азаматтары

Жалғызқайын ауылының азаматтары

 

   Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы Рахымов Қайролла Дюсенбаевич 1948ж. 15 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Баянауыл поселкесінде дүниеге келді. 1966  Баянауыл аудандық қазақ мектебін бітіргеннен кейін Қайролла Дүйсенбайұлы Алматы Мемлекеттік медициналық  институтының емдеу факултетіне оқуға түседі. 1972ж. институтты ойдағыдай бітірген соң  Алматы қаласындағы 12 клиникалық ауруханада өзінің еңбек жолын бастады. Хирургия саласында өзінің шеберлігін шындай отырып, емханаларда шұғыл хирургия бөлімдерінде еңбек ете жүріп іш құрылыс хирургтің ассистентінен өз бетінше операция жасайтын хирургке дейінгі жолдан өтті.

1975ж. Қ.Д.Рахымов Қазақ ғылыми-зерттеу онкология және радиология институты ісіктердің экспериментальды химиотерапия лабораториясының аспирантурасына түсті.

1978-1981жж. Қазақ ҚСР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу онкология және радиология институтында экспериментальды терапия лабораториясының  кіші ғылыми қызметкері болып істеді. 1981-1989жж. осы мекемеде аға ғылыми қызметкер дәрежесіне жетті.

1989-1991ж.  Қ.Д.Рахымов Қазақ ғылыми зерттеу онкология және радиология институты фармакология лабораториясы менгерушісінің міндетін атқарды.

Қ.Д.Рахымовтың ғылыми қызметі Қазақстанда жаңа  ғылыми бағыттар–табиғи қосылыстар химиясы және онкофармалогияның қалыптасу және даму кезімен  дәл келді. Осы саладағы келелі ғылыми мәселелерді шешуге белсенді түрде қатысты және көп жылдар бойы жаңа бірегей отандық  фитопрепараттарды ойлап шығарумен байланысты іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізді.

Қ.Д.Рахымов Арглобин, Алхидин, Альнусидин ГК өсімдік препараттарының жануарлар ағзасының иммунногормоналдық балансының өзгеруі арқылы жанама әсер ету мүмкіндігі туралы терапевтикалық механизімін тағайындау жөнінен ғылымға үлкен үлес қосты.

Қ.Д.Рахымов қатерлі ісікке қарсы «Арглобинді» формакалогиялық және клиникалық зерттеу комплексін жүргізді. «Арглобин» препараты қауыпты ісіктердің  жаңа пайда болуын және олардын басқа жерлерге  таралу терапиясында емдеу және алдын ала құралы ретінде ұсынылды.

Қатерлі ісікке қарсы аталып өткен жаңа дәрі-дәрмектерді формакалогиялық және клиникаға дейінгі зерттеу әдістері оның «Дәрілік төзімділікті ісіктердің химиятерапиясындағы жаңа табиғи қосылыстар» тақырыбында МҒА Бүкілодақтық онкологиялық орталығында Мәскеу қаласында 1992 ж. қорғаған  докторлық дисертациясына негіз болды.


1993ж. – Медицина ғылымдарының докторы

1996ж. -  Медицина ғылымының профессоры

2007ж – ҚР  мемлекеттік сыйлығының лауреаты

2017ж – ҚҰ ғылым академиясының академигі


Генерал-майор Дюсенбаев Ойрат Рахметович 1943 жылы 2 қазанда Павлодар облысы, Баянауыл  поселкесінде дүниеге келді. Әкесі Дүйсенбай Рахметұлы ҰОС ардагері, ұстаз, мектеп ісінің кейін ауыл шаруашылығының майталманы болды. Анасы – Рахимова Қапса тыл ардагері, күміс алқа иегері. Бұл жанұяда балаларды еңбекке жастайыннан тәрбиелеген. Ойрат еңбек жолын 1958 ж. 15 жасында «Октябрь»  ауылында  жұмысшы, жүргізуші болып бастайды. 1962-1966 жж Семей автомеханик техникумда оқып, автомобиль транспортының техник-механигі мамандығын иеленеді.


1966ж. – Баянауылдын автобазасында алған мамандығы бойынша жұмыс істеді

1966 – 1969жж.  Ленкорань қаласында Отан алдындағы борышын атқарды.

1969ж. Май аудандық ішкі істер  бөліміне ОБХСС қызметке  қабылданды.

1971ж.-Павлодар қаласында ішкі істер басқармасының мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан- таражға салуға қарсы күрес бөлімінің ОБХСС инспекторы.

1976ж.–ҚМУ  сырттай оқып , зангер мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1977ж.–СССР-дің ішкі министірінің жарлығымен  3 дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» медальімен марапатталды.

1981 - 1983ж. Мәскеу қаласында СССР Ішкі министірінің Академиясында оқып, құқықтық тәртіп саласындағы басқарманың заңгер ұйымдастырушысы деген мамандығын алып шықты.

Елге қайтқан соң Павлодар облыстық ішкі істер  басқармасының орынбасары.

1984ж. – Екібастұз қалалық ішкі істер  бөлімінің  бастығы.

1986ж. – Павлодар облыстық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары.

1991ж. сәуірінде Дюсенбаев О.Р. Павлодар облыстық ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Бұл кезең еліміздің, облысымыздың қоғамдық өмірінде экономикалық тұрақсыздық, басқа да келеңсіздіктер орын алған шақ еді. Сол себептен ішкі істер қызметі  саласында асқан қырағылықты талап еткен  жауапты  уақыт болатын. Осы ауыр шақта Дюсенбаев О.Р. облыстың қиын да, күрделі саласының тізгінің қолына алып, ел алдындағы  азаматтық борышын, міндетін аброймен атқарды.

1995ж  24 сәуір күні еліміздің Президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Ойрат Дюисенбайұлына «Милиция генерал-майоры» атағы берілді.