1941-1945ж. Ұлы отан соғысы
Абжанов Тауекел
Арықпанов Ермағанбет
Аубакіров Шаймерден
Ахметов Бархан
Ахметов Халел
Әлжанов Қайыржан
Бұхабаев Құлмағанбет
Жакупбаев Шериаздан
Жәнібеков Әбікен
Жұматов Ксентай
Жумагелдин Боранбай
Изатбеков Орақбай
Курекин Төкен
Нұрахметов Нұрсипат
Омаров Бейсенбай
Райымбеков Айтмағанбет
Райымбеков Ешмағамбет
Рахметов Бейсен
Рахметов Дуйсенбай
Садыков Нығымет
Синицин Емельян
Смайылов Кәріпбек
Сыздықбеков Ақмұхан сынды батыр аталарымыз ұрпақтарына бейбіт күн, ашық аспан сыйлап кетті.
Абжанов Тауекел (1916 - 2014)
Абжанов Тауекел 1916 жылы туған. Әке-шешесінің қарамағында болып, ер жетіп Баянауылдағы Шекейін деген мектепте 5 сыныпқа дейін оқыды. Әкесі сырқат болған сон, 5 сыныптан кейін жұмыс істеп, әкесіне көмектесіп таудан ағаш түсіруші болып жұмыс істеді. 1940 жылы міндетті әскер қатарына алынып, Монғолияның Ұлан Батыр қаласына 70 км. жерде әскери дайындықтан өтіп жатқанда 1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысына аттанған. Саратов қаласында кіші командирлер дайындайтын училищеде 6 ай оқып, сержант атағын алып, Мотоатқыштар ротасында рота командирі болып тағайындалған. 1942 жылдың мамырынан 1943 жылдың тамыз айына дейін Германияның одақтасы финдермен соғысты. Бірнеше ұрыстарда ерекше ерлік көрсетіп, жауға соққы берді. Ол ұрыстарда екі рет жараланды. 1943 жылы тамызда артилерия оғы екі аяғын жіліншегінен жұлып әкеткен. Бурят–Монғол АКСР-дағы әскери госпитальге емделіп, екі аяғына протез жасатып, 1945 жылы сәуірде елге қайтарылды. Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналып шығарылған «Боздақтар» кітабында қайтыс болған жауынгерлер тізімінде болды. Соғыстан елге аман-есен оралған соң, жұбайы Нұрышты кездестіріп отбасын құрды.
Балалары ер-жетіп барлығы бір-бір отбасын құрды. Екі аяғы болмасада көп жылдар бойы елде адал қызмет атқарды, атқа отырып көп жылдар бойы күннің суығы мен шыжығынан ыстығына қарамай 40 жылдай мал бақты. Ауыл шаруашылығындағы еңбектері үшін Социалистік жарыстың үздігі белгісімен және бірнеше мәрте құрмет грамоталрымен марапатталды. 2014 жылы дүниеден өткен.
Марапаттары :
Орден Отечественной войны I степени
Медальдар:
«За отвагу»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«30 лет Вооруженных Сил СCСР»
«50 лет Вооруженных Сил СССР»
«60 лет Вооруженных Сил СССР»
«25 лет Победы в Великой Отечественной войне» белгісі
«30 лет Победы в Великой Отечественной войне» белгісі
Арықпанов Ермағанбет (1906-1975)
1941 жылы Ұлы отан соғысына аттанып, 1945 жылы соғыстан оралған. Саратов майданында атқыш-автоматшы болған. Қатардағы жауынгер. Соғыстан кейін аудан орталығында райкомда хатшысы болып қызмет атқарды. Одан кейін Октябрь колхозында қырманда жұмыскер болды. Көп жылғы еңбектері үшін мақтау қағаздарымен марапатталған. Отбасын құрып, балалары ержетіп, немере-шөберелері әр салада қызмет етуде. 1975 жылы дүниеден өтті.
Марапаттары :
Медальдар:
«За отвагу»
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«50 лет Вооруженных Сил СССР»
Аубакиров Шаймерден (1905 – 1974)
1941 жылы Ұлы отан соғысына аттанып, 1945 жылы соғыстан оралған. Польша, Венгрияны азат етуге қатысқан. Қатардағы жауынгер.
1974 жылы дүниеден озды.
Марапаттары :
Медальдар:
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«50 лет Вооруженных Сил СССР»
«25 лет Победы в Великой Отечественной войне» белгісі
Ахметов Бархан (1908-1977)
1941 жылы Ұлы отан соғысына аттанып, 1946 жылы соғыстан оралған. Беларуссия майданына қатысқан. Кіші сержант.
Ахметов Халел (1920- 1976)
Халел Қалимолдаұлы, 1921 жылы 10 тамызда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келеді. Әкесі – Қалимолда Ахметұлы, ата-бабасы Октябрь Революциясына шейін би, қажы ауқатты әулеттен болса да тұрмысы кедей шаруа болған. Соған қарамастан өткен ғасырдың 30-жылдарына шейін ұлы Мәшhүр Жүсіп Копеевпен жақсы аралсқан кісі екен. Арқадағы қалың қазақтың жартысына жуығын жалмаған нәубәт-Калимолда атамыздың отбасына да қырғидай тиіп, 1932 жылы–өзі және бір ұлы мен бір қызы ашаршылықтың құрбаны болады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін 11 жасар Халел менен 9 жасар інісі Тәрік екеуін Баянауылдағы интернатқа жібереді, одан кейін 1934 жылы Алексеевка поселкесіндегі мектеп-интернатта 2 класс бітіреді. Артынан Павлодар қаласына жіберіліп, 1936 жылы Казкоммунада оқып 5 сыныпты аяқтаған соң, Павлодар қалалық балалар үйінде тәрбиеленіп, 1938 жылы 7 сыныпты тәмәмдейді.
1941 жылы Павлодар қаласындағы Абай атындағы 10 жылдық мектептің 9 сыныбын бітірісімен соғыс басталып, әскер қатарына шақырылады, тамыз-қазан айларында Алматы, Фрунзе қалаларында 1942 жылдың наурыз айына шейін Петропавловск қаласында әскери дайындықтарды атқарып, артынан Ұлы Отан соғысының қанды майданына аттанады. 1945 жылы соғыстан оралған. Польша, Венгрияны азат етуге қатысқан. Қатардағы жауынгер.
Немістермен алғашқы ұрыс кезеңдері Қырым майданында болады. Бұрын айтылмайтын, бірақ кейінгі тарихшылар жазып жүрген ащы шындық – Жоғарғы Бас Қолбасшысының өкілі Мехлис пен қырым майданының қолбасшысы Козловтың қорғанысты ұйымдастыру жоспары мен әскери бақарудағы жіберген қателіктерінің салдарынан совет әскерлері жеңіліс тапқан, Қырым түбегі үшін болған қырғын шайқаста әскери бөлімі қоршауда қалып, өзі қарақұсынан жараланып, 1942 жылдың 12 мамырында тұтқынға түседі. Екі рет тұтқыннан қашуға жасаған әрекеттері сәтсіз аяқталып, немістердің қызметтік иттеріне таланады.
Қызыл Армия 1944 жылдың тамызында тұтқыннан азат етіп, 1944 жылдың қыркүйек айында тағыда қанды шайқасқа кіріседі. 3-ші Украина майданының сапында пулеметші болып соғысып, Австрия мен Венгрияны неміс фашистерінен азат етуге қатысады. 1945 жылдың 14 сәуірінде екінші рет оң жақ самайынан жараланады. Ұлы Отан соғысының жеңісті күндерін Австрияда қарсы алады. Өмірінің соңғы жылы - 1976 жылы науқастанып жатқанда, қысқы Инсбрук олимпиада ойындарын балаларымен бірге тамашалаған кездерде: «Осыдан тура 30 жыл бұрын осы жерлерді «маршбросок» пен басып өткенбіз»,-деп еске алатын. Соғыс аяқталса да, 1946 жылдың шілде айына шейін, Европадағы Орталық әскери тобының санатында болып, аман-есен туған елге оралады. «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «КСРО-ның Қарулы Күштеріне 50 жыл» т.б, медальдармен марапатталған.
Тетелес туып-өскен туған інісі – Тәрік, сол сұм соғыста хабар-ошарсыз кетеді. Мектепте өте жақсы оқыған, 1940 және 1941 оқу жылдарындағы үлгерім табелдерінде бағаларының бәрі біріңғай «бес». Латын әріпімен жазылған шығармалары мен хаттары да өте сауатты да саналы, алғыр адам екенін білдіреді. Фотосуреттегі бейнесі де Тәріктің әдемі де сымбатты жігіт болғанын дәлелдейді. 1980 жылдары Павлодар облысы бойынша жарық көрген «Боздақтар» деген кітапта, неге екені белгісіз: «Калимуллин Тарик, ұлты – татар», - деп қате жазылған. Тірі болғанда ол кісінің Баянауыл ғалымдарының тізімін ұзартуы әбден мүмкін еді.
Халел Қалимолдаұлы 1946 жылдың қыркүйек айында бейбіт жұмысқа кіріседі. Баянауыл аудандық қаржы бөлімінің Майкайың поселкесіндегі инспекторы болып істейді, одан кейін алтын іздеуші жұмыскер болып ауысады. 1949 жыл мен 1960 жылдар аралығында Майқайың - Алтын комбинатында және Жосалы кенішінде әр түрлі қызметтер атқарады.
1949 жылы Күлше Абсалқызы деген азаматшаға үйленіп шаңырақ көтереді, екеуі – Мұрат, Несіпжан, Болат, Айжан, Күмісжан, Айтжамал атты 6 баланы өмірге әкеліп, мәпелеп-өсіріп салауатты күндер кешті.
Баянауыл өңірінде тың игеру басталғанда, 1959-60 жылдары Жосалы совхозының ашылуына ат салысып - қоймашы, бөлімшенің аға есепшісі жұмыстарын атқарды, 1964-66 жылдары Баянауыл аудандық тұтынушылар одағының Жосалы совхозындағы жұмысшылар кооперативінің меңгерушісі болды. 1967 жылы Баянауыл совхозы директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, өмірінің соңғы жылдарына шейін сол жерде абройлы қызмет істеп, 1976 жылдың 4 қыркүйегіңде 55 жасында қайтыс болды.
Әке арманы орындалып, балалары Ресейдің, кезінде Қаныш Атамыз оқыған Томск қаласында, Жоғары оқу орындарынан сапалы білім алып - инженер, дәрігер, мұғалім, заңгер мамандықтарын игерді. Немерелері де, алдыңғы буын - әке, апа, ағаларының жолымен оқып, жоғары білімді – мемлекеттік қызмет, ұлттық Компания, білім беру, қаржыгер, заңгер, денсаулық сақтау, сақтандыру салаларындағы лауазымдарда Алматы, Астана, Ақтау, Павлодар қалаларында қызметтер істейді.
Кезінде әке-шешесінен туған 15 баладан, аштықтың тауқыметі мен соғыстың зардабының кесірінен жалғыз қалған Халел Қалимолдаұлының ұрпақтарының дұрыс өсіп, жетіліп келе жатқанының куәсі болған, жары – Күлше Абсалқызы 11 немере, 7 шөбере сүйіп, 2012 жылы 2 желтоқсанда 82 жасында өмірден озды. Анасына деген ризашылық, әжесіне деген мейірім, үлкенге деген ыстық ықылас, сүйіспеншілік сезімменен, балалары мен немерелері - ол кісіні ұйымдасқан құрметпен ақтық сапарға шығарып салып, Алматының «Кеңсай» зиратына жерледі.
Ұлы Болат Халелұлы
Марапаттары :
Медальдар:
«За воинскую доблесть»
«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.»
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«50 лет Вооруженных Сил СССР»
«25 лет Победы в Великой Отечественной войне» белгісі
Әлжанов Кайыржан (1922 – 1984)
Қайыржан Әлжанұлы сұрапыл соғысқа 19 жасында аттанып, соғыстың отты жалынына 1941 жылдың желтоқсан айының қақаған аязында Орел- Курск шебінде майданға кірген. 310-шы атқыштар полкінің гвардия старшинасы дәрежесінде взвод командирінің орынбасары ретінде соғысады. Смоленск қаласын азат етуге қатысты. Өзі басқарған взводымен жаудың бірнеше рет шебін бұзып, сол бір алапат ұрыста оң аяғы мен иығынан жаралы болып әскери госпитальға түседі. 1943 жылдың тамыз айында емделіп шығып, № 7 кавалериялық дивизия құрамында шайқастарға қатысады. 1944 жылы мамыр айында ұрыс даласында жақ сүйегінен жараланып, тағы да госпитальға түседі. Ауыр жарақатына байланысты 1944 жылдың 20 мамырда елге қайтады.
Елге оралған соң мектепте мұғалім, Майқайың ішкі істер бөлімінің паспорт үстелінде қызмет істейді. Көбдік колхозында колхоз бастығының орынбасары, қойшы, ауылдық советтің хатшысы болады. Бірнеше рет ауыл совет депутаты, әр кездердегі Социалисттік жарыстарының жеңімпазы, Ұлы отан Соғысының жеңісіне 20,30 жыл КСРО қарулы күштеріне 50,60 жыл медальдарымен, көптеген аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен марапатталған.
Марапаттары:
Медальдар:
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«60 лет Вооруженных Сил СCСР»
«50 лет Вооруженных Сил СССР»
«30 лет Победы в Великой Отечественной войне» белгісі
Бұхабаев Құлмағанбет (1911 -1982)
1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1943 жылы соғыстан оралған. Украин майданына қатысқан. Қатардағы жауынгер.
Марапаттары:
Медальдар:
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«60 лет Вооруженных Сил CССР»
«50 лет Вооруженных Сил СССР»
Жакупбаев Шерияздан Әлпаттаұлы (1926 -2006)
1926 жылы Баянауыл ауданында туған. 1944 жылы әскер қатарына кеткенше колхозда жұмыс істеген. 1944 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1945 жылдың сәуірінде, Ұлы Жеңіске санаулы күндер қалғанда, Берлин түбінде ауыр жараланып саптан шықты. Соғыста көрсеткен ерлігі, бейбіт түбінде ауыр жараланып саптан шықты. Соғыста көрсеткен ерлігі, бейбіт өмірдегі еңбегі елеусіз қалған жоқ. Бірнеше ордендер мен медальдарды кеудесіне тақты. 1944 жылы туған еліне оралды. 38 жыл бойы «Баянауыл» кеңшарының дәулетіне шалқытуға үлес қосты. Отыз жыл бойы есеп қызметінде жұмыс істеп, кейінгі жылдары «Баянауыл» кеншарының бөлімше басқарушысы болып зейнеткерлікке шықты. Қажырлы еңбектен 65 жасқа дейін қалған жоқ.
Марапаттары:
"Берлинді алғаны үшін" медалі, "І дәрежелі Отан соғысы" ордені, "Жеңістің 30 жылы, Жеңістің 40 жылы, Жеңістің 50 жылы, Жеңістің 60 жылы"ордені. "Беларуссияны азат еткені үшін"," Жукова"," ұзақ ғұмыр еңбегі үшін","еңбек ардагері" медальдары. "Германияны жеңу"," И.В. Сталин "медалі," 1918-1968 жж. КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл"," Жауынгерлік қызметтері үшін","Тың игергені үшін "медалі"1941-1945 жж. "Соғыс ардагері" медалі. "Бастықтың алғысы". "Жауаптыевые қимылдары үшін"," Варшава, Милхинг, Варин, Беринверг қалаларын игеру үшін шайқастардың қатысушысына алғыс жарияланған.
Марапаттары:
орден Отечественной войны I степени
Медальдар:
«За боевые заслуги»
«За взятие Берлина»
"Беларуссияны азат еткені үшін"
«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.»
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«50 лет Вооруженных Сил СССР»
«25 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі
«Еңбек ардагері»
Жұмагельдин Боранбай (01.05.1918 – 1996)
1941ж. Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945ж. соғыстан оралды. Соғыстан келген соң көп жылдар бойы Октябрь ауылында мал бағып, мал шаруашылығымен айналысқан. Отбасын құрып жұбайы Дәметпен тату-тәтті өмір кешті. Балалы болды. Адал еңбек етіп, абыроймен зейнеткерлікке шықты. Көптеген ауданның мақтау қағаздарымен марапатталды. Бүгінгі күні балалары өз қарекеттерімен айланысылып, әр салада жұмыс істеуде. 1996 жылы өмірден өтті.
Марапаттары:
орден Отечественной войны ІІ степени
Медальдар:
«30 лет СА и Ф»
«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«60 лет Вооруженных Сил СССР»
«70 лет Вооруженных Сил СССР»
«25 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі
Изатбеков Орақбай (1899 - 2005)
Изатбеков Орақбай 1899 жылы туған. 1943 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған. Орақбай ата 219 танктер дивизиясының құрамында мерген болып Отан алдындағы борышын өтеді. 1943 жылы жеңіспен елге оралды. Бейбіт заманда ауыл шаруашылығын көтеруге өз үлесін қосты. Түсіпбаева Бибіжамалмен отау құрып 11 бала тәрбиелеп өсірді. Орақбай ата үш ғасырдын куәгері. Өмірдің қиын қыстау кездерін басынан өткізседе, тайсалмай, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпаған ақпейіл, жомарт, қайсар жан еді. 2005 ж 11 желтоқсанда 106 жасында өмірден озды.
Марапаттары:
орден Отечественной войны І степени
Медальдар:
«За отвагу»
«За боевые заслуги»
«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.»
«За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.»
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Двадцать пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі
«60 лет Вооруженных Сил СССР»
«70 лет Вооруженных Сил СССР»
«Еңбек ардагері»
«Отличный миномётчик» белгісі
Изатбеков Орақбайдың інісі, Изатбеков Коденбай 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың 19 наурызында қаза болған. Жерленген жері Россия Новогород облысы, Старорусский ауданы, Подборовье ауылында жерленген.
Райымбеков Айтмағанбет (1917 – 1983)
Райымбеков Айтмағанбет 1917 жылы Баянауыл ауданында туған. 1938 жылы әскери міндетін атқаруға аттанып, сол жақтан Ұлы Отан соғысына аттанған. Қатардағы жауынгер. Финляндия соғысына, Украина бағытындағы соғысқа қатысқан. Осы соғыста бір қолынан айырылып, елге оралған. Елге оралған соң ауыл шаруашылығымен айналысты. Октябрь ауылынан 7 шақырым жердегі Ұзынағаштың бойында құс фермасында үйрек өсіріп, құс етімен, жұмыртқамен ауыл тұрғындарын қамтамасыз еткен. Көп жылдар бойы Октябрь ауылында орналасқан ескі мектепте от жағушы болып жұмыс істеген. Жұбайы Қазизамен отбасын құрып, балалы – шағалы болды. Балалары ер жетіп бір-бір шаңырақ көтерген отбасылар. Райымбеков Айтмағанбет 1983 жылы дүниеден өткен.
Марапаттары:
Медальдар:
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«60 лет Вооруженных Сил СССР»
Райымбеков Ешмағанбет (1907 – 1979)
Райымбеков Ешмағанбет 1907 жылы туған. Әскер қатарына 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған жылы шақырылған. Қатардағы жауынгер. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Польша, Чехославакияны азат етуге қатысқан. 1945 жылы соғыстан оралды. Соғыстан келген соң 1946 жылы Сағын қызы Құснимен отау құрып, бір қыз, бір ұл тәрбиеленген. Жалғыз ұлы Ешмағанбетов Әжмағанбет 1970 жылы қайтыс болып, қызы Ешмағанбетова Қорлан ардагер ұстаз Әлжанов Жақсылықпен 45 жыл шаңырақ құрып, 3 қыз, 3 ұл тәрбиеленген. Райымбеков Ешмағанбет соғыстан кейінгі уақыттан, 1967 жылға дейін Баянауыл кеңшарында қой бағып, мал басын көбейтуге өз үлесін қосты. Адал еңбек етіп, абыроймен зейнеткерлікке шықты. Көптеген ауданның, облыстың ауыл шаруашылық министрлігінің мақтау қағаздарымен марапатталған. 1980 жылы Октябрь ауылында 73 жасында дүниеден өтті.
Марапаттары:
Медальдар:
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«60 лет Вооруженных Сил СССР»
«25 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі
Рахметов Бейсен (1924 – 1999)
Рахметов Бейсен 1924 жылы дүниеге келген. 1931 жылы ашаршылықта әке – шешесінен, туған туысқандарынан айырылып, балалар үйіне түседі. Осы жерде 7 сыныпқа дейін оқып, кейін Майқайың селосында шахтада жұмыс істеген. 1942 жылғы күзде осы жерден 18 жасында майданға аттанған. Майданда «Максим» пулеметін игеріп, маңызды Курск - Ореовск шайқасында көрсеткен ерлігі үшін ІІІ – дәрежелі Слава орденімен марапатталған. 1944 жылдың наурыз айында ауыр жарақаттанып, Самарқанд қаласындағы госпитальде 6 ай емделіп, туған елге оралған. 1949 жылы Рахметова Қайыржанды кездестіріп, отау құрды. Он бала тәрбиелеп өсірген. Соғыстан кейінгі жылдары жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше мәрте адал қызметі үшін құрмет грамоталарымен марпатталған. 1999 жылы дүниеден өтті.
Марапаттары:
орден Отечественной войны І степени
ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені
Медальдар:
«За отвагу»
«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Двадцать пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі
«60 лет Воруженным силам СССР»
«70 лет Воруженным силам СССР»
«25 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі
«30 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі
Рахметов Дүйсенбай (1914-1999)
1914 жылы туған. Павлодар педтехникумын тамамдап, мұғалімдық мамандық алып шығады. 1931 жылдан 1941 жылғы маусым айында Армияға алынғанша Жаңаталап, Жаңабауыр, Семізбұғы руднигінде, Теңдік, Баянауыл школ - интернатында Молотов, Октябрь, Ленин бастауыш мектептерінде мұғалім, мектеп басшысы, директоры болып қызмет атқарған. 1941 -1943 жылдары Ленинград майданында соғысқа қатысқан. Сұрапыл соғыста Ленинград қаласын қорғауға қатысып, шайқасқан. Барлауға шығу, тіл әкелу, құнды құжаттар мен бағалы мәліметтерді қолға түсіру майдандағы дағдылы ісіне айналғандай болды. Осындай ерлігі үшін «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «1941-4945 жылдардағы Ұлы отан соғысында жанқиярлық еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстан оралған соң Баянауыл орта мектебінде мектеп директоры, мұғалім, аудандық партия комитетінің бөлім басшысы, 1945 – 1946 жылдары аудандық атқару комитеті төрағасының әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. Бейбіт заманда ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруда да жұмысы жемісті болған. «Құрмет белгісі» ордені, КСРО – ның еңбек ардагері, «Еңбектегі ерлігі үшін» барлығы 22 орден, медальға ие болған.
Марапаттары:
орден Отечественной войны І степени
Медальдар:
«За отвагу»
«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«50 лет Воруженным силам СССР»
«60 лет Воруженным силам СССР»
«25 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі
«30 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі
Садыков Нығмет (1903- 1979)
Нығмет Садықұлы 1903 жылы Баянауыл ауданы, Ақсаң ауылында дүинеге келген. 8 жасына дейін әкесі Садық марқұмнан діни хат таныған, әкесі Садық Тройцкиий қаласының діни медресесін бітірген білімді адам болған. 8 жасынан әке, шешеден жетім қалған соң, ағасы Ыбырайдың қолында тәрбиеленеді. 20 жылдары Кереку қаласында татар саудагерде жалшылықта жүріп жаңаша оқудан хат таниды, сол кездегі білімі қазырше 4 класс. Соғыс басталғанша елде әртүрлі жұмыс істейген. 1941 жылы І- ші Сталинград майданына аттанған. Соғыста 6 ай болып, бір поселканы босату майданында сол қолынан жарақат алып, 1942 жылы соғыстан оралған. 1942-1944 жылдары Жаңатілек ауылына кеңесші болып тағайындалып, кейін 1944-1947 жылдары Ворошилов колхозының бастығы,1947-1950 жылдары осы колхозда кеңесші болған, 1950-1962 жылдары Александровка совхозында ферма меңгерушіс болып, 1963 жылы зейнетке шығады. 1979 жылы дүниеден өткен...
Марапаттары:
Медальдар:
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«50 лет Воруженным силам СССР»
«60 лет Воруженным силам СССР»
Смайлов Кәріпбек (1898 – 1986)
Смайлов Кәріпбек 1898 жылы туған. 1942 жылы соғысқа аттанып бірден Сталинград түбіндегі шайқасқа болған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан. 73 гвардия дивизиясында қатардағы жауынгер болған. 1943 жылы жарақат алып госпитальға түсіп, емделгеннен кейін қайтадан соғысқа аттанған. 1945 жылы аман-есен соғыстан елге оралған. Қатардағы жауынгер «73 гвардиялық дивизия «Сталинградтық» деген медальмен марапатталған. Соғыстан кейін жұбайы Шәрипамен отбасын құрып, балалы–шағалы болған. Балалары ер жетіп, қәзіргі уақытта бір-бір отбасын құрып отыр.Совхозда көп жылдар бойы мал бағып, елге адал қызмет істеді. 1986 жылы дүниеден өткен.
Марапаттары:
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«60 лет Вооруженным силам СССР»
Сыздықбеков Ақмұхан (1916 – 1985)
1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Ленинград қоршауында 1945 жылға дейін қатысқан. Әскери газетте журналист болған. Әскери атағы-капитан. Соғыстан кейін Баянауыл ауданы, Октябрь совхозында көп жылдар бойы мектепте директоры болған. Отбасын құрып, балалы болды. Одан кейін Южный совхозына қоныс аударды. 1985 жылы қайтыс болған.
Марапаттары:
орден Отечественной войны ІІ степени
Красной звезды
Медальдар:
«Двадцать пять лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»
«50 лет Воруженным силам СССР»
«60 лет Воруженным силам СССР»
«25 лет победы в Великой Отечественной войне» белгісі