№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мектеп тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен 7-10 сыныптар аралығында «АЛТЫН КҮЗ» мерекелік кеші өтті.
Іс-шараға барлық сыныптар белсене қатысты.Нәтижесінде ІІІ- орынды 8 ә - сынып оқушылары Батырбай Нұрсәт пен Сарданбек Шырын, 10 - сынып оқушылары Талғатұлы Әділет пен Рысбек Аяжан, ІІ орынды 7 - сынып оқушылары Төрехан Бақдәулет пен Тұралы Еңлік, I - орынды 8 - сынып оқушылары Дәулетбек Дастан мен Асқар Айнұр және бас жүлдені 9 - сынып оқушылары Сәден Әбдінұр мен Болатбек Назым «Күз ханшайымы мен ханзадасы" номинациясын иеленді. Байқау жоғары деңгейде өтті.
№17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде мектеп тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен 25 - қазан Республика күніне орай "Алға Қазақстан!" тақырыбында флешмоб өткізілді.
№17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде "Дебат" клубының жетекшісі Қыдырбекова Аружанның және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұбарақ Нұрбектің ұйымдастыруымен "Бейбіт елдің көк байрағы" атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқушыларды елжандылыққа өз Отанын сүюге, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Туған жерін, елін, халқын ардақтап өтуге үйрету.