№17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде мектептің даму жоспарына сәйкес Лессон Стади /Lesson Study/зерттеу сабағы жүргізілуде. Зерттеу тақырыбы: Белсенді әдіс - тәсілдерді қолданып, білім сапасын арттыру.
Лессон Стади /Lesson Study/ зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып қана қоймай, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екені анық. Осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті мәселелердің шешуін табады деп 7 - сыныпта математика пәнінен пән мұғалімі Нұрғалиұлы Расулдың тізбектелген сабақтарынан бастадық.