2022 - 2023 оқу жылы
9.02.2023 ж
13.02.2023 ж
21.02.2023 ж
"ЖОМАРТ ТҮЛЕК" ФОРУМЫ
Жомарттықтың отбасынан, отбасындағы тәрбиеден бастау алатындығы бәрімізге белгілі. 2023 жылдың 14 наурызында "Жомарт түлек" жобасы аясында "Жомарттық жақсылыққа жетелейді" тақырыбында N17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде түлектер форумы өтті. Форумның басты мақсаты - халқымыздың түрлі саласында еңбек етіп жүрген түлектердің табысты еңбек жолын жас ұрпаққа үлгі ете отырып, білім ошағына деген құрметтерін арттыру.
КӘСІПТІК БАҒДАР
2022-2023 оқу жылының 10 наурыз күні мектептің кәсіптік бағдар беру педагогы Жунисбекова Перизат Ошақбайқызының ұйымдастыруымен "ЖАҢА ЗАМАНАУИ КӘСІП ТҮРЛЕРІ" тақырыбында 10-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.
2023 - 2024 оқу жылы
“Күзгі демалыста кітап оқу” Мақсаты: демалыс уақытысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын жоғлатпай,бос уақытыларын сүйікті кітап оқуға арнау.
2023 жылдың 14 қараша күні Қызыларық ауылдық округінде "Қызын құрметтеген ел аман бол!" тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.
2023 жылдың 16 қараша күні Қызыларық ауылдық округінде "Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы мен міндеті!" атты жастармен кездесу өтті.
Ауыл оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада басталды.
2023 жылдың 20-29 қараша аралығында өтетін ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауыл олимпиадасына орай білім бөлімі тарапынан 9-11 сынып оқушылары арасында «Үздік логотип байқауы жарияланған болатын. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 9 сынып оқушысы Қуандық Ахат байқаудың бас жүлдесін иеленіп, білім бөлімі тарапынан арнайы дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Жетекшісі: Успанбаев Әділбек Несіпбайұлы
27 қараша күні №2035 Бауыржан Момышұлы шекара бөлімшесінде (Қызыларық ауылдық округі, Алатау ауылы) жастарда патриоттық рухты ояту, әскерге шақыруға дейін жастарды кеңінен тарту аясында «Армия балалар көзімен» және «Қазақстан армиясының бір күні» атты салтанатты іс-шараға №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары (ер балалар) қатысты. Іс-шара барысында мектеп оқушылары әскери өмірдің қыр-сырымен танысты.
27 қараша күні №2035 Бауыржан Момышұлы шекара бөлімшесінде (Қызыларық ауылдық округі, Алатау ауылы) жастарда патриоттық рухты ояту, әскерге шақыруға дейін жастарды кеңінен тарту аясында «Армия балалар көзімен» және «Қазақстан армиясының бір күні» атты салтанатты іс-шараға №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары (ер балалар) қатысты. Іс-шара барысында мектеп оқушылары әскери өмірдің қыр-сырымен танысты.
№17 Ыбырай Алтынсарин орта мектебінде 4 желтоқсан күні 4-15 желтоқсан аралығында өтетін "Алты ғылымның қиылысында" тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Онкүндік мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және өзара іс-тәжірибе алмасу. Оқушылар жаратылыстану пәндеріндегі білімді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.
Бір мезгілдік ыстық тамақ сапасын, азық-түліктің сақталуын бақылау бракераж тобының жұмысы. 5.12.2023жыл
№17 Ыбырай Алтынсарин орта мектебінде "Алты ғылымның қиылысында" тақырыбында өтіп жатқан жаратылыстану пәндер бірлестігінің онкүндік аясында география пәні мұғалімі Жунисбекова Перизат 7-сыныппен "Дүние жүзі мұхиттың географиялық жағдайы " тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: Мұхит және құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды. Сабақ мақсатына жетіп, оқушылар жеке ,жұптық тапсырмаларды және топтық зерттеу жұмысын орындады.
№17 Ыбырай Алтынсарин орта мектебінде "Алты ғылымның қиылысында" тақырыбында өтіп жатқан жаратылыстану пәндер бірлестігінің онкүндік аясында математика пәні мұғалімі Ерқараева Жансая 8-сыныппен "Модуль түрінде теңдеулерді шешу" тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: оқушылар модульдің анықтамасын қолданады; құрамында модулі бар квадраттық теңдеулерді шешу алгоритмін біледі; квадрат теңдеуді шешудің әртүрлі тәсілдерін қолданады. Мұғалім жаңа технологияны қолдана отырып мақсатына жетті , Wordwall программасын қолданып, оқушыларды пәнге қызықтыра отырып ,септер шығарды.
№17 Ы.Алтынсарин ОМ "Алты ғылымның қиылысы" жаратылыстану пәндер бірлестігі онкүндігінің аясында биология пәні мұғалімі Сагинбай Назерке Сулейменқызы 9 "ә" сыныбымен "Тірі ағзалардағы электрлік үдерістері" тақырыбында ашық сабақ өтті.
№17 Ыбырай Алтынсарин орта мектебінде «Алты ғылымның қиылысында» тақырыбында өтіп жатқан жаратылыстану пәндер бірлестігінің онкүндік аясында математика пәні мұғалімі Сағындықова Мөлдір Жанболатқызы 5-сынып оқушыларымен «Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту» тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау. Мұғалім әр-түрлі жаңа технология әдістерін қолдана отырып алдына қойған мақсатына жетті. АКТ құралдарын қолданып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есептер шығарды.
2023 жылдың 12 желтоқсан күні №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде мектеп директоры З.Сегизбаеваның ұйымдастыруымен «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық жобаны талқылау мақсатында мектеп ұжымымен семинар тренинг өткізілді.
Ұлттық жобаның мақсаты: зияткерлік әлеуетін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктерін арттыру.
Міндеттері: технологиялық және демографиялық қатерлерді ескере отырып, адами капитал сапасын жоғарылату, технологиялық, цифрлық жаңғырту, еңбек өнімділігі мен жұмыс орындарының өсуіне жауапты ұстаздар қосар үлесінің маңызын түсіндіру.
Семинарға келген ұстаздарға кофе брейк ұйымдастырылды. Семинар жоспарына сәйкес «Релакс сағаты» өткізілді. Семинар барысында Ұлттық жобаның маңыздылығы туралы түсіндіріліп, шағын топтарға бөлініп талқылау жүрді. Семинар тренингке қатысқан ұстаздар алған әсерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Семинар соңында кері байланыс алынып, қорытынды жасалды.
№17 Ы. Алтынсарин ОМ 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне қарсы« Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Мақсаты: оқушыларға Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, олардың батырлығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Үйымдастырушы математика пәні мұғалімі Ерқараева Жансая 5-10 сыныптар аралығында өткізілді.
«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ»
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ» тақырыбында 1-11 сынып аралығында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен танысып, Тәуелсіздік кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендері жайлы айтып, өлең шумақтарын оқып, сұрақтарға жауап берді.
Тәрбие сағаттарының мақсаты:
- Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту;
- Отанын сүюге, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ №17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2 "а" - сынып жетекшісі Әбілдаева Нурипа Молдаханқызы сынып оқушыларының қатысуымен "Желтоқсан-Тәуелсіздік бастауы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ №17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде 7-сынып жетекшісі Төлепберген Гулдана Шардарбекқызы сынып оқушыларының қатысуымен "Тәуелсіздік-тұғырым" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, жас ұрпаққа желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету, туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Мектеп кітапханашысы Сабырова Қалжан Ильясқызының ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында ”Желтоқсан ерлік - тарихы” тақырыбында кітап көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты: Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
16 желтоқсан - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ орай
N:17 Ы.Алтынсарин атындағы МАДС педагог:Аханова Г.Б сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, жас ұрпаққа желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету, туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Тамыры терең – Таразым» байқауында Жуалы ауданы білім бөлімінің №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Талғатқызы Назерке жүлделі І орынды иеленіп, 200 000 (екі жүз мың) теңгенің сертификатымен марапатталды. Жетекшісі мектеп кітапханашысы Сабырова Қалжан және Талғатқызы Назеркені шын жүректен құттықтаймыз!
"Оқуға құштар" жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде "Қыста кітап оқимыз", жадымызда тоқимыз тақырыбында 1-11 сынып оқушылары үйде бос уақытында өздерінің оқыған ертегі, шығармаларымен видео суреттерімен бөлісті.
№17 Ыбырай Алтынсарин орта мектебінде 2024 жылдың 19 қаңтар күні жоспарға сәйкес кәсіптік бағдар беру педагогы Жунисбекова Перизат "Игі істер бастауы - студенттік өмір" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрбек Әбілханұлы , 2022-2023 оқу жылының грантқа түскен студенттері, ұстаздар, 9-10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау , оның адам өмірінде алатын орны туралы түсініктерін қалыптастыру. Мектеп бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін , озық қабілеттерін үлгі ету. Кездесуде студенттер оқушыларға өздері оқып, жатқан мамандықтары туралы мағлұматтар беріп, оқу орындарының ерекшеліктерін , қызықты оқиғаларын айтты. Жағдаяттық сұрақтар қойылып, сергіту сәтінде ойын ойнатылды. Студенттер ұстаздарға алғыстарын білдіріп, мектеп бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ -ға сәттілік тіледі.
№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2024 жыл 26 қаңтар күні «Буллинг,кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында 7- сынып оқушыларымен тренинг ұйымдастырылып өткізілді. Тренинг мақсаты: Оқушыларға «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту.Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу. Оқушыларды сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Төлепберген Гүлдана және мектеп кітапханашысы Сабырова Қалжанның ұйымдастыруымен "МЕН ОҚЫҒАН БІР КІТАП" тақырыбында READx жобасы өткізілді.
Жобаның мақсаты: оқырманның оқу сауаттылығын, ұлттық және әлемдік әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Жобағы 9 "а", 9 "ә" - сынып оқушылары Көпбай Сағида, Қыдырбай Жанерке, Қайтбек Анель, Райымдерді Меруерт, Кәрім Раяна, Сарданбек Шырын, Аманбек Ақжүніс, Рысбек Жанерке, Асқар Айнұр қатысып, өздері оқыған ағылшын тіліндегі шығармалардың авторымен, мазмұнымен оқушыларды таныстырып, сол кітаптарды алып оқуға кеңес берді. Әр таныстырылған шығарма соңынан көрермен оқушылар сол кітапқа қатысты туындаған сұрақтарын қойып, ұнаған кітаптарына баға беріп отырды. Жоба соңында қатысқан оқушылар "Алғыс хатпен" марапатталды.
Мектебіміздің 1 сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, оқырманымыз ретінде қабылданды. Бүлдіршіндер кітапхана ережесімен, кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныстырылды. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптармен танысып, қызыға тамашалады.
17.Ы Алтынсарин атындағы орта мектебінің ДТЖО Мұбарақ Н.Ә және<Бауыржан Момышұлы> шекара застава бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары лейтенант Жумадил Айбек Ғалымұлы 8-11 сыныптар арасында Т.Я Бигелдиновтың Н.А Абдировтың өмірі мен қызметі тақырыбында кездесу өткізді.
№ 17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 2024 жылдың 12 ақпан күні «Тіл мен тарих- ұлттық тәрбиенің бастауы» тақырыбында қоғамдық –гуманитарлық пәндер бірлестігінің ашылу салтанаты болып өтті. Мақсаты- өз ұлтының ұлттық келбетін сақтау үшін ұлттық құндылықтарын құрметтейтін, ана тілінің, туған елінің, дәстүрі мен құндылықтарын жандандыруға үлес қосатын, қадір-қасиетін ұғынатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу. Онкүндіктің ашылу салтанатына 5-11-сынып оқушылары қамтылды. Патриоттық рухқа тәрбиелейтін өлеңдер оқылып, ән айтылып,сахналық қойылым қойылды.
2024 жылдың 13ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынбекова Жайсакүл Тансыққызы қазақ әдебиетінен 7-сынып оқушыларымен М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша ашық сабақ өтті . Сабақта шығарманың дамуы мен жаңашылдығын талдап,оқушылар
жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беріп, өз көзқарастарын білдірді.
Мұғалім сабақ барысында ұлттық құндылық пен отбасылық құндылықты ғаламдық тақырыптармен байланыстырып, адамзат пен табиғат заңдылығына бағыну керектігін оқушыларға ұғындырды.