Шығармашылық жұмыстың тақырыбы:
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу сапасын жақсартудағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану.
Мақсаты: Оқу мен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Міндеті:
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау
2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсннділігін арттыру
Зерттеу кезеңдері:
1. Теориялық ізденіс кезеңі – 2019-2020 оқу жылы
2. Іс-тәжірибе енгізу кезеңі – 2020-2021 оқу жылы
3. Қорытынды кезең – 2021-2022 оқу жылы
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Логика әлемі
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ 3-СЫНЫПТАРЫНА
АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Құрастырған: Бастауыш сынып мұғалімі Үрметова Р.А.
Тараз қаласы
Түсінік хат
Еліміздің сындарлы бағдарламасының іс жүзінде жүзеге асып, жан-жақты дамуына ғылыми бағытта дарынды тұлға ретінде қалыптасқан жастардың қосар үлесі көп. Сондықтан да мектептерде әр түрлі пәндер бойынша оқушылардың ой-өрісін арттыру, ғылыми жобалық зерттеу жұмыстарын орындалуын ұйымдастыру және бағыт беру ҚР білімді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда мектепте оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда «Логика әлемі» таңдау пәніне арналған әдістемелік құралын әзірлеп, оларды оқу үрдісіне үнемі пайдалану қажет болып табылады. Осындай мақсатты көздеген бұл әдістемелік құралына төрт пән кіріктіріліп дайындалды. Бұл әдістемелік құралындағы тапсырмалардың күрделілігі 3-сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты әзірленген.
Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың терең ойлау дағдылары қалыптасып жетіле түсуіне көмектесетін, күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайларды тереңдете оқытады. Қызықты жаттығулар мен логикалық тапсырмалар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытумен қатар, ұлттық сана-сезімінің арта түсуіне мүмкіндік береді.
Оқу құралындағы тапсырмалар балалардың өз бетінше логикалық іздену әрекеттеріне негізделген жаттығулардан тұрады. Осындай жаттығулар орындау барысында өз пікірін ортаға салып дәлелдеуге, қиын жағдайда жол тауып шығуға, және шешім қабылдауға үйренеді. Олардың оқуға деген қызығушылықтары мен белсенділіктері артады.
«Логика әлемі» таңдау пәнінің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Оқушылардың танымдық қызығушылығы мен ақыл ой деңгейін қалыптастырады, шығармашылық тұрғысынан ойлау, өз бетінше шешім қабылдай алатын жеке тұлға қалыптастырады.
Міндеттері:
· Әңгіменің мазмұнын түсініп айтып беру;
· Әңгіме, ертегілерді өз бетімен құрастыра білу;
· Сипаттау, құрастыру, шығарма жазу;
· Ребус, сөзжұмбақ, жұмбақтар шешу;
· Логикалық жұмбақ есептерді шешу;
Күтілетін нәтиже:
Өзіндік көзқарасы қалыптасқан, өз ойын еркін жеткізе алатын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білетін, өз Отанын сүйетін, ой өрісі кең жеке тұлға.
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:
Білуі тиіс:
· Белгілі бір тақырып бойынша сөйлей, жаза білу;
· Дұрыс түсініп, шапшаң оқи білу;
· Мәтін бөліктерін ажырата білу;
· Амалдарды орындай білу;
Меңгеруі тиіс:
· Өз ойын еркін жеткізе білу;
· Берілген заттарды басқа қырынан тани білу;
· Жаңа ұғымдар мен сөздерді есте сақтай білу;
Түсіндіре алуы тиіс:
· Белгілі бір тақырып бойынша әңгіме құрай білу;
· Ойын жүйелі жеткізе білу;
· Логикалық және шығармашылық тапсырмаларды шеше білу;
I тарау. Төрт түлігім – төл жырым.
1 сабақ: Төрт түлік туралы жалпы түсінік беру.
2 сабақ: Төрт түлік төлдерін ажырата білу. Төрт түлікті күтіп, бағуға байланысты еңбек түрлерімен таныстыру.
3 сабақ: Малдың өрісімен,тіршілік табиғатымен танысу.
4 сабақ. Төрт түлік малдың кеңесі. Мәтін құрастыру.
II тарау. Құстар-біздің досымыз
5 сабақ : Құстар- көктем жаршысы. Құстар туралы жалпы түсінік беру.
6 сабақ: Үй құстары түсінік беру . Сипаттау мәтінін құрастыру.
7 сабақ: Жыл құстары туралы түсінік беру. Әңгімелеу мәтінін құрастыру құстарға байланысты халық болжамдары.
8 сабақ: Қайталау.
9 сабақ: Білім деңгейін анықтау.
III тарау.Мен және менің туыстарым
10 сабақ: Менің отбасым. Өз ойын толық жеткізе білу.
11 сабақ: Отбасы және туған- туыстар. Ата,әже және нағашы туралы түсіндіру.
12 сабақ: Отбасы және туған-туыстар. Жеті ата туралы түсінік беру.
13 сабақ: Отан отбасынан басталады. Отбасы бақыты үшін не істеу керек.
14 сабақ: Бала-адамның бауыр еті. Ұл туғанға күн туар.
15 сабақ: Әкемнен, шешемнен үлгі алып өсем мен. Әдеп-ғұрып туралы түсінік беру.
16 сабақ: Білім деңгейін анықтау.
IV тарау. Өсімдіктер әлеміне саяхат.
17 сабақ: Өсімдіктер тіршілігі туралы түсінік беру.
18 сабақ: Дәрілік өсімдіктер , өсімдіктердің пайдасы туралы мәтін құрастыру.
19 сабақ: Өсімдіктер мен жануарлардың “Қызыл кітабы” туралы түсінік беру
V тарау. Жол белгісі-жолдасым
20 сабақ: Көшеде және жолда өзіңді ұстай білесің бе?
21 сабақ: Жол белгілері және жолға салынатын таңбалар. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
22 сабақ: Бағдаршам және басқа да белгілер туралы мағлұмат беру.Бағдаршам туралы өлең, жұмбақ құрастыру.
VI тарау. Денсаулық-зор байлық .
23 сабақ: Денім сау болсын десең.....Топтастыру “ Денсаулық”
24 сабақ: Тазалықты сүйеміз. Ең ауыр салмақты адам.
25 сабақ: “ Тазалық-денсаулық кепілі” екенін түсіндіру.
26 сабақ: Білім деңгейін анықтау.
VII тарау.Отаным-алтын бесігім
27 сабақ: Отан –ұлттың қара шаңырағы.
28 сабақ: Отанды қорғау –міндет. Өз отаныңды тани біл.
29 сабақ : Отаным –мақтанышым. Отанымыздың байлықтарына нелер жатады?
30 сабақ: Рәміздер туралы түсінік беру.” Тәуелсіздік- тұғырым” шығарма жазу.
31 сабақ: Менің Отаным –тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік.
32 сабақ: Қайталау. Өтілген тақырыптарды есіне түсіру.
33 сабақ: Білім деңгейін анықтау.
34 сабақ: Қорытынды сабақ. XXI ғасыр көшбасшысы
Тәжірибелік бөлім
Оқу пәнінің тәжірибелік бөлімінде жүргізілетін жұмыс түрлері мынадай:
1. Пәннен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, пәннің заңдылықтарын өздерінің ауызша,жазбаша жұмыстарында дұрыс, сауатын қолдану
2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу.
3. Сөйлеу ерекшеліктерін дұрыс қолдана білу
4. Шығармашылық тапсырмалар орындау.
5. Логикалық тапсырмаларды орындау
Білімді меңгеру деңгейін бағалау
Оқу деңгейін күнделікті тапсырмадан соң оқушылар өзін-өзі бағалайды. Баланың өз білімін дәлелдеуіне мүмкіндік беретін басқа да сұрақ жауап арқылы бақылауға болады.Күнделікті бақылаудан бөлек әр тоқсан соңында тақырыптық қорытынды деңгейлік тапсырма алынып отырады.
Ø Оқушылардың логикалық ойлауын,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Ø Мазмұны тартымды,тілі көркем әңгімелер және шығармалар жазу.
Ø Сөздік қорын дамыту мақсатында өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыландыру.
Ø Білім деңгейін бақылау мақсатында деңгейлік тапсырмалар алып отыру.
Пәннің оқу- әдістемелік қамсыздандырылуы
Бағдарламаның негізгі мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдеріне бағыт сілтеу, сабақты дұрыс жоспарлауға көмектесу.
Бағдарлама мазмұны оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағытталған. Оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсатында (шығарма,әңгіме,мәтіндер)алынып,олардың білім, білік дағдылары тексеріледі. Әр сабақта « Ойлан,тап», « Аяқта,жалғастыр», «Қатесін тап» жұмбақтар, ребустар және логикалық тапсырмалар оқушылардың білім сапасын арттырады.
1. Дидактикалық материалдар
2. Мазмұнды суреттер
3. Жұмбақтар жинағы
4. Логикалық тапсырмалар
5. Жолда жүру ережелері (балаларға арналған оқу құралы)