Бастауыш сынып пәнінің мұғалімі Үрметова Рая Амангелдіқызының
2019-2020,2020-2021 оқу жылдары бойынша оқу үлгерімі мен
білім сапасының сараптамасы
Ұстаз мақсаты оқушыларды заман талабына сай, келешекке нық қадам баса алатындай етіп дайындау. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен сыныптардағы әрбір қойылған балл үшін түсініктеме қалдырып отыру, үлгілі жұмыстарды сыныппен таныстыру, кемшілігі бар жұмыстарды оқушы аты-жөнін көрсетпей түзетуге бағыт беру, болашаққа ондай қателерді басқалардың да қайталауына жол бермеу де жақсы нәтиже береді. Әділ қойылған баға оқушы мен мұғалім арасындаа адамгершілік қарым-қатынас орнықтырады.
Бастауыш сынып білім алушыларына ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары,білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар:көп таңдауы бар сұрақтар,қысқа немесе толық жауаптықажет ететін сұрақтар қойылады.
2018-2019 оқу жылында 1 «А» сыныбымен бастадым. Сыныпта 27 оқушы болды. Оқу озаты -10, оқу екпіндісі -13, білім сапасы -85%, үлгерім сапа -100% болды.
2019-2020 жылы 2 «А» сыныбында 24 оқушы болды. Оқу озаты -8, оқу екпіндісі-13,білім сапасы -87%, үлгерім сапа -100% болды.
2020-2021 жылы 3 «А» сыныбында 24 оқушы болды. I тоқсан бойынша білім сапасы -64%, II тоқсан бойынша білім сапасы -70%,III тоқсан бойынша білім сапасы -74%, үлгерім сапа -100% болды.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім сапасын жақсартудағы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, өз тәжірибеме көптеген өзгерістер енгіздім. Оқушыларымның бойынан сенімділік, алғырлық, қызығушылықты байқадым.
Оқушылар топта бір-бірін тыңдауды үйренді.
Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артты.
Оқушылар сабақта өзін еркін ұстап, өз ойын еркін жеткізуге үйренді.