Тыл ардагерлері

           Нурпейсова Қайниден 1926 жылы 16 наурызда Екібастұз қаласы, Ақкөл ауданында дүниеге келген.  Әкесінің аты Габдулла, анасының аты Үміт. Майқайың мектебінде оқыған. 14-15 жасында Рудник Шөптікөл шахтасында 2-3 жыл қызмет етіп, 17 жаста электро-монтер болып жұмыс атқарған. Жалғыз баласынан 4 немере, 10 шөбере, неменесі бар. 

    Бейсембеков Кайыртас Мұхитұлы 1937 жылы 4 сәуірде Қашыр ауданы, Береговой совхозында туған. Соғыс кезінде нағашы жұртында Куйбышов ауданы, Астан совхозында тұрған. 1945 жылы әкесі соғыстан келіп, Береговой ауданына көшкен. 1952 жылдары  Баянауыл ауданы, Александровка ауылына көшіп, қой бағып, 1967 жылдары механизатор қызметінде жұмыс атқарып зейнеткерлікке шықты. Жұбайы Бейсембекова Батиха екеуі 8 баладан 11 немере, 19 жиен сүйіп отыр.


  Опабеков Тұрағасын 1937 жылы 1 қаңтарда Найзатаста туған. 1950-1955 жылдары экспедицияда жұмыс жасаған. 1955-1957 жылдары Майқайыңда фабрикада, содан кейін тағы да экспедицияда жұмыс жасап, колхоз кезінде мектеп, баз салған (құрлысшы, балшық илеуші). 1959-80 жылдары тракторист, 1980 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа дейін жылқышы болып жұмыс істеген.


          Рахимова Дамелі 1935 жылы Қарасуық совхозы, Әйтен деген қыстақта 10 қазанда дүниеге келді. 9 жасынан соқада, ат тырнауышта, егістің арам шөбін жұлу тағы да басқа жұмыстарды істеген. 1957 жылы Рахимов Олжа Рахымұлымен шаңырақ көтеріп тұрмыс құрған. 1957-1960 жылдары үздік сауыншы атанып, аудандық маслихатта депутат болып сайланған. 1961 жылдан бастап жолдасы Олжамен бірге қой бағып, шопанның көмекшісі ретінде еңбек етеді. 1983 жылы жолдасы қайтыс болып 9 баламен қалады. Бірақ шопандық жұмысын тастамай, балаларымен 1996 жылы зейнетке шыққанша қойшы болып С.Торайғыров ауылының «Қарамолла» қыстағында отырады. Бүгінгі таңда - 88 жаста, 9 баладан 20 немере, 22 шөбере сүйіп отыр. 

         Тлеубаева Қапиза 10 қазанның 1935 жылы Баянауылда дуниеге келген. 19 жасынан тұрмыс құрып, дуниеге 10 бала әкеліп, тәрбиелеп өсірді. 85 жастағы тыл ардагерінің 10 баладан 9 немере, 14 жиені бар. 

  Кожабергенов Сабихолла Төлеуұлы 1935 жылы 13 қазанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кентінде дүниеге келген. Мектепте 8-сыныпқа дейін білім алған. Мектепті бітіргеннен кейін Семей қаласындағы Ауыл шаруашылық институтында білім алып, түнгі жұмыстарға шығып, ата-анасына туған туысқандарына  көмектесіп, оқуын бітірді. Еңбек жолын Александровкада  бригадир, управляющий, совхоз директор қызметтерін атқарды. Отбасын  Мергалимова Жолбикешпен құрып, он бала тәрбиеледі. С.Торайғыров атындағы СПТУ–да директор болып қызмет жасады. Зейнеткерлікке шыққанға дейін мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. Соғыс жылдары тылда масақ теріп, соқамен жер жыртты. Соғыс жылдары тылда еңбек еткені үшін, Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі, «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Павлодар облыстық, Баянауыл аудандық ағарту комитетінің көпшілік мәдени бөлімдер халықтар атынан,  мектеп оқушылары, ата-аналар және мектеп дирекция атынан, Совхоз әкімшілігімен кәсіподақ ұйымы онымен бірге жергілікті совет атынан бірнеше алған алғыстары бар. 2018 жылы 8 қараша күні 83 жасында дүниеден өтті. 

        Максутов Жумкей 1928 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келді. Әкесі Бейсенбин Мақсұт сельсоветтің бастығы болған. Отбасында ең үлкені, өзінен кейін екі інісі болған. Білімі төрт жылдық. 1951 жылы үйленіп отбасын құрған. Абдрахманова Жаңылтайға үйленіп 9 баланың әкесі атанған. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған әке. 1995 жылы ақпан айының 19-ы күні 67 жасында дүниеден өтті. 

          Максутова Жаңылтай 1930 жылы 8 наурызда айында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жайма совхозы, Белағаш бөлімшесінде дүниеге келген. Әкесі ұсталықпен айналысқан. Отбасында үлкені, білімі сегіз жылдық. 1951 жылы тұрмысқа шығып, 6 қыз бала, 3 ұл дүниеге әкелген. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ана. 2012 жылы қыркүйек айының 1 күні 82 жасқа толған шағында дүниеден өтті. 

    Шарипов Оразбек Ыбырайұлы 1929 жылы Ворошилов колхозында дүниеге келген. Білімі 7 класс. Еңбек жолын Ворошилов колхозында бастап, кейіннен Александровка, 1957 жылдан 1989 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін С.Торайғыров атындағы совхозында бригадирдің есепшісі, бригадирдің көмекшісі, жанар-жағармай базасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Соғыс жылдары тылда еңбек еткені үшін «1941-1945ж Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен, КСРО жоғарғы кеңесінің 1945 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Ауылдық халық депутаттары атқару кеңесінің және совхоз дирекциясының «Құрмет» грамоталарымен награтталған. Тыл және еңбек ардагері. 1993 жылы 3 желтоқсанда қайтыс болды.


            Шарипова (Барлыбаева) Бижан Барлыбайқызы 1931 жылы Баянауыл ауданы, Саржал ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Білімі 7-класс. Еңбек жолын Ворошилов колхозының түйе фермасында сауыншы болып бастаған, кейіннен С.Торайғыров атындағы совхозында әртүрлі жүмыстар атқарды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін 1975-1983 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы орта мектеп интернатында түнгі күтуші қызметін атқарды. Тоғыз бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана, 1983 жылы «Еңбек ардагері» медалімен КСРО-ның «Күміс алқасымен»,  Қазақстан Республикасы Президенттің жарлығымен «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы құрметіне» арналған мерекелік медалімен награтталды. Тыл және еңбек ардагері, батыр ана. 2021 жылы 28 тамыз күні дүниеден өтті.