Ардагерлер

     Жакенов Әбіл 1921 жылы 9 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы Александровка елді мекендегі алтын қорыту руднигінде мастер болып бастады, 1942 жылы Ұлы Отан Соғысына отанын қорғауға шақырылды. Отты жылдары Шығыста екінші фронтта жапондармен шайқасқа қатысқан. Қуанышты жеңіс туралы хабарды да сол жақта естиді. 1946 жылы соғысты аяқтап еліне оралды. Соғыстан аман есен оралып 1946 жылы «Найзатас» руднигінде еңбек жолын қайта жалғастырды. 1948 жылы Жосалы елді мекендегі рудникке мастер болып ауыстырылды. 1950 жылы Майқайың комбинатының кадрлар бөліміне шақырлып «старший рабочий» курсынан өтіп, «Джусалы» руднигінің тау геологоразведка цехына старший рабочий болып қызметін жалғастырды. 1956 жылы жұмысындағы жетістіктері үшін Майкөбе ГРП алғыс жарияланып, марапатталған 1956ж. 1959 жылы ауылға оралып, Александровка совхозына нефтебазаға жұмысқа орналасты. 1966 жылдан 1982 жылдар аралығында Торайғыр совхозында ұсталы қызметін атқарды. Ұсталық қызметте ауылға көп жыл қызмет жасады. ҰОС ардагері ретінде 53 жасында зейнеткерлікке шықты. Жолдасы Бақыт екеуінің Шарипиден атты бір ұлы бар. Жеті немере сүйді. Ауылына сыйлы ақсақал болды. 2005 жылы қаңтар айында 85 жасында дүниеден өтті.


          Ибраев Мұрат 1908 жылы қарапайым жұмысшы жанұясында дүниеге келген. 4 сынып бітірген. 1935 жылы отбасын құрып, 2 бала көрді. Жасынан еңбекке араласып, Бірлік ауылында ферма басқарушы болып  істеді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы ауылға оралды. Ұлы Отан соғыс жылдарында Украина, Болгария, Румыния жерлерін азат етіп, Отанға аман оралды. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін наградалармен марапатталды. «Ұлы Отан соғысының 10 жылдығына» 1953 жылы медальмен марапатталды. «Ұлы Отан соғысының 20 жылдығына» 25 мамыр 1967 жылы медальмен марапатталды. 1979 жылы 19 наурызда «Қарулы күштердің 60 жылдығына медальмен марапатталды. «Ұлы Отан соғысының 40 жылдығының 4 шілде 1985 жылы медальмен марапатталды. 15 наурыз 1985 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан үшін орденмен марапатталды. Соғыстан кейін Ворошиловка колхозында дүкенші болып қызмет атқарды. Соғыстан кейін отбасын құрып 2 қыз, 2 ұл тәрбиеледі. 1961 жылы Қарағаш фермасында сиыр бақты. 1980 жылы зейнеткерлікке шықты. 1981 жылы Қызылшілік ауылына көшіп келді. Тыным таппай ауылдың қойын бақты. Сөйтіп жүріп ауылдың ақсақал молдасы болды. 1985 жылы сәуір айында дүниеден өтті. Қазіргі кезде 7 немере, 2 шөбере, 26 жиен, 40 жиеншары бар. Артта қалған ұрпақтары соғыста болған аталарын мақтан етеді. 

Марапттары: 

Медальдар: 

«Десять лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»  

«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»  

«60 лет Вооруженных Сил СССР»  

         Туяқбаев Жанабай 1917 жылы Баянауыл ауданы №12  ауылында дүниеге келген. 1942 жылы маусым айында әскерге шақырылды. 1942 жылдың қаңтар айынан бастап польк отрядында атқыш автоматшы болды. 1943 жылы соғыстан сол жақ аяғынан жарақаттанып, 1945 жылы оң аяқ тізесінен жарақат алып елге оралды. «50 лет Вооруженных Сил СССР», «60 лет Вооруженных сил СССР», «70 лет Вооруженных Сил СССР», «Ұлы Отан Соғысының 40 жыл» медальдарымен марапатталды. Жұбайы Туякбаева Зурадан 6 ұл бала, 2 қыз бала бар. 1990 жылы наурыз айында дүниеден өтті. 

Марапттары: 

Медальдар: 

«50 лет Вооруженных Сил СССР»

«60 лет Вооруженных Сил СССР»

«70 лет Вооруженных Сил СССР»

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»         

   Дүйсекеев Төкен 1922 жылы Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. 1941 жылы қараша айынан бастап әскерге шақырылған. 1942 жылы тамыз айында соғыста жарақат алып елге оралды. «20 лет Вооруженных сил СССР», «70 лет Вооруженных сил СССР», «Ұлы Отан соғысына 40 жыл» медальдарымен марапатталды. Жұбайы Қасымова Марашпен бір ұл бала тәрбиелеп өсірді. 1994 жылы ақпан айында дүниеден өтті.

Марапттары: 

Медальдар: 

«20 лет Вооруженных Сил СССР»

«70 лет Вооруженных Сил СССР»

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

         Абраров Нүркен 1907 жылы туған қатардағы жауынгер. 1942 жылы ЖШҚА-ға шақырылған. 50-ші армияның 110-шы атқыштар дивизиясының 1287-ші атқыштар ботальонының құрамында (Брянский, 2-ші Балтық майдандары) қатысқан. Жарақаты бойынша әскерден қайтарылған. 

Акимбеков Самат 1904 жылы  Павлодар облысы, Екібастұз  ауданы, Әкімбек жырасында дүниеге келді. Өсе келе латынша хат таныған.

1928 жылы отау құрған. 1942 жылы 38 жасында Баянауыл ауданынан соғысқа аттанып, Рокосовскийден алғы шебіндегі атқыштар армиясында болды. 1947 жылы Германияны азат етіп, елге оралды. Соғыстан оралған соң, Ворошилов колхозының мал шаруашылығында жүріп зейнетке шыққанша еңбек етті.

«Ұлы  Отан Соғысының Жеңісіне 30 жыл», «Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 40 жыл», «ССР қарулы күштерінің 60 жыл», «ССР қарулы күштерінің 70 жыл» медальдарымен марапатталды. 1985 жылы «Ұлы Отан Соғысының II дәрежелі» орденімен, Данқ орденімен марапатталды. Жұбайы Мина екеуі 1 қыз, 1 ұл бала тәрбиелеп өсірді. Ұлы Отан Соғысының ардагері 1989 жылы 85 жасында дүниеден өтті.

Марапаттары :

Орден Отечественной войны II степени

Медальдар: 

«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

«60 лет Вооруженных Сил СССР»

«70 лет Вооруженных Сил СССР»

Мұхамеджанов Тәшім Асайынұлы 1913 жылы мамыр айының 5 күні Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, С.Торайғыров атындағы совхозында дүниеге келген. 1930-1940 жылдары Баянауыл Қазақ орта мектебін бітірген.

1950-1952 жылдары Павлодар педагогикалық училищесінде оқып, бастауыш мұғалімдер дайындау бөлімін толық аяқтап шықты. 1960 жылы Молотов атындағы Қарағанды Мемлекеттік педагогиялық институтын бітірді.

1942-1944 жылы қараша айына дейін, Ұлы Отан соғысында болды. Соғыста оқып кіші командир дайындайтын курсында болып, Старшый сержант ПТР Танкіге оқып, жүріп келе жатқанда да, тұрған кезде де онды-солды ататын мықты кұралдың командирі болған.

1 дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордені 2 рет, за отвагу «Ерлігі үшін» медаль, 10 рет әртүрлі медальдармен марапатталған.

1944 жылы қараша айының 28 күні 2 группа инвалид болып елге оралды, 2 рет қатты жараланып, 1 рет контузия болған.

1945-1967 жылдары қазан айында дейін Қызылшілік бастауыш мектебңнде директор болған 42 жыл, 5 жыл зейнеткерлікке шыққаннан соң мұғалім болып істеген. 1972 жылы 17 айының Қазақ ССР Халық ағарту ісінің  қызметкері болған.

1975 жылы 30-ы көкек айының Қазақ ССР жоғарғы совет Президумның Указы бойынша «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» құрмет атағы берілді. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына юбелейлік медалімен марапатталды.

Министрлер советінің 1983 жылы 17 қараша айының №22 қаулысы бойынша, Республикалық мәні бар дербес пенсионер болды.

«Еңбек ардагері» 10 наурыз айының 1987 жылы Павлодар облыс полком қаулысымен бекітілген медальмен марапатталды.

Павлодар облыстық оқу бөлімінен 8 рет құрмет грамотасымен марапатталған. Баянауыл оқу бөлімінің 12 рет құрмет грамотасымен марапатталды.

Павлодар облыстық, Баянауыл аудандық ағарту комитетінің көпшілік мәдени бөлімдер халықтар атынан жас жеткіншек, бала-бақша, мектеп оқушыларымен, ата-аналар және мектеп дирекция атынан, Совхоз әкімшілігімен кәсіподақ ұйымы онымен бірге жергілікті совет атынан бірнеше алған алғыстары бар. 4 қыркүйек 2000 жылы қайтыс болды.

Марапаттары :

Орден Отечественной войны I степени

Медальдар: 

«За отвагу»  

«Еңбек ардагері»

     Қыдырбаев Кәмен Ыбырайұлы 1921 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Александровка ауылында дүниеге келді. 18 жастан Кәмен ата 1939 жылы Совет үкіметінің әскер құрамына шақырылған, сол жақтан Ұлы Отан Соғысына аттанған. Сталинград маңайында соғысқан. 1943 жылы жараланып елге оралған, 2 топтың мүгедегі. 1944 жылдан бастап Камен ата шопан боп жұмыс атқарды. 2006 жылы дүниеден қайтты. Баянауыл  ауданында жерленген. Ұлы Отан соғысына қатысқан ерлігін көрсеткені үшін медалдарымен марапатталған. 

Марапаттары :

Медальдар: 

1946 жылы 31 мамыр «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945»

3 наурыз 1970 жылы «50 лет воруженных сил СССР»

31 наурыз 1970 жылы «За доблестный труд В ознаменование 100-летия со дня рождения В.И.Ленина»

3 маусым 1985 жылы «Сорок лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945»

7 қараша 1988 «70 лет вооруженных сил СССР»

5 мамыр 1995 жылы «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945»

3 сәуір 1997 жылы Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі

14 қараша 2004 жылы «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945» 

        Аужанов Оразалы 1913 жылы бұрынғы Ақбеттау болысы, қазіргі Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында дүниеге келді. 28 жасында соғысқа аттанды. 1941-1945 жылдары соғыста болып, бірнеше рет жарақаттанды. 1945 жылдың мамыр айында Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған. Соғыстан кейін туған жеріне оралып, Александровка ауылында еңбек жолын бастаған. «Еңбек ардагері», «50 лет Вооруженных сил СССР», «Ұлы Отан соғысына 10 жыл», «Ұлы отан соғысына 20 жыл», «Ұлы отан соғысына 30 жыл», «Ұлы Отан соғысына 40 жыл», медальдарымен марапатталған. Жұбайы Қаратаева Рашкен жеті баланы тәрбиелеп өсірді. Қазақтың қайсар ұлы 1995 жылы наурыз айында дүниеден өтті. 

Марапаттары :

Орден Отечественной войны I степени

Медальдар: 

«Десять лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«50 лет Вооруженных Сил СССР»

«Еңбек ардагері»

      Уайденов Айтен 1920 жылы Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында дүниеге келген. 1931 жылы Павлодар  қаласында балалар үйінде болады. 1938-1940 жылдар аралығында пионер вожатый болып еңбек етеді. 1940 жылы қазан айында әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысы кезінде Қиыр-Шығыс әскерінде 127 моторизированный полкында старшина болған. 1945 жылы тамыз айында Япон соғысына қатысып, 1945 жылы қазан айында елге оралды. Келісімен дене шынықтыру және әскери дайындық пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 1952 жылы Еңбекші колхозында секретарь болып, 1954 жылы Энгельс колхозында бухгалтер, 1959 жылы директор қызметін атқарды. 1980 жылы зейнетке шыққанымен, 1993 жылға дейін күзетші болып жұмыс істеген. «50 лет пребывания в КПСС», «60 лет Вооруженных сил СССР», «70 лет Вооруженных сил», «Соғыс ардагері белгісі», «Ұлы отан соғысына 20 жыл», «Ұлы отан соғысына 30 жыл», «Ұлы отан соғысына 40 жыл», «Ұлы Отан соғысына 50 жыл», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медальдарымен марапатталды. Жұбайы Жуманова Бибіжанмен 5 ұл бала, 1 қыз бала өсіріп, қазіргі уақытта 15 немере, 24 шөбересі бар. Ұлы отан Соғысының ардагері 2005 жылы дүниеден өтті.

Марапаттары :

Медальдар: 

«Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

«Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.» 

«Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

«Шестьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг.»

«60 лет Вооруженных Сил СССР»

«70 лет Вооруженных Сил СССР»

Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі

«50 лет пребывания в КПСС» белгісі

«Соғыс ардагері» белгісі

    Кузенбаев Айтмағамбет Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жосалы совхозы, Қызылтау бөлімшесінде Қазғанбайұлы Кузунбаев  Айтмағамбет 1909 жылы дүниеге келген.

   Содан 1922 жылы Кереку қаласына қоныс аударған. 20.12.1941 жылы  Ұлы Отан соғысына Кереку қаласынан 32 жасында аттанды. 1945 жылы соғыс жеңіспен аяқталып, бірнеше наградаларымен елге оралды. 1965 жылы Баянауыл ауданы, Торайғыр совхозына келіп шопан болып жұмыс істейді. Ауылға еңбегі сіңіп еңбек ардагері атағына ие болды. Ауылдан зейнеткерлікке шықты. 1980 жылы 25 қыркүйегінде 71 жасында дүниеден өтті.


         Төкен Ибраев 1921 жылы Қызылшілік ауылында өмірге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда майдан даласына інісі Сейсембай Ибраевпен бірге аттанады. 1942 жылы інісінен қара қағаз келген. Әкем қан майданда екі аяғынан бірдей айырылып, әскери госпитальда ота жасалынып, екі балдаққа сүйеніп, елге мүгедек болып оралды. Ата-анасы, баласы аман келген соғысқа қарғыс, құдайға-ақсарбас айтып, жылап, көрісіп қарсы алыпты. Анамыз Сағиламен бас қосып, бес қыз, үш ұл көріп, барлығын ер жеткізді. Колхоз-совхоз кезінде, зейнет жасына жеткенше, еңбектен қол үзген жоқ. Есепші, сатушы, кассир, бухгалтер болып қызмет етті. Елге қадірлі болды, үлкен-кішімен әзілі жарасып жүретін. Ес білген шағымда соғыста басынан кешіргендері туралы әңгіме сұрауға бата алмаушы едік. Ол кезде қазіргідей емес, соғысты ауызға алуға қорқушы едік. Кезінде үкімет елеп-ескеріп автокөлік мінгізді, оны жеті жылда бір жанасына ауыстырып тұрды. Семейден тапсырыспен протез аяқтар, бәтеңке, етіктер, байпақтар алғызатын. Кеңес өкіметі кезінде ардагерлерге сый-құрмет көрсетілетін, оқушылармен кездесіп, омырауы толы медальдары жарқырап суретке түсіруші еді. Кейін архивке тапсырылды ма, үйде сақталмапты. 1987 жылы 65 жасында өмірден озды. 

        Рахимжанов Жапар 1919 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында дүниеге келген. Мектепті Жаңажол ауылында оқып, орта білім алды. Ұлы Отан соғысына алғашқы күннен бастап қатысқан. Украин фронтының 10-ы армиясы, 197-ші атқыштар девизиясында аға-сержант, содан кейін жауынгерлік  әскери қызметін атқарған. 1941-1944 жылдар аралығындағы қанды шайқастарға қатықан. Түрлі ордендер мен медалдармен марапатталған. 1944 жылы неміс-фашистерімен шайқас барысында қатты жарақат алған. Сол жылы әскерлер қатарына жарамсыз деп 2 группадағы мүгедек ретінде еліне қайтты. Еліне оралған жауынгер, жарақатына қарамастан  колхоз тірлігіне кірісіп кетті. Қиын-қыстау кезінде білімді, хат танитын болғандықтан, колхоз бухгалтер болып қызмет жасады. 1957 жылдан бастап қоймашы болып істеді. 1986 жылы еңбек зейнетіне шықты. 1987 жылы қайтыс болды.  

          Әшімов Иманғали Әшімұлы

5 наурыз 1919 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келді. Әкесі Қошағұлов Әшім, шешесі Әшімова Ұмсұмдық. 1939 жылы желтоқсан айында  соғысқа аттанды. 170-стрелок полькінде, 1940 жылы желтоқсан 638-зентовый артелерский командада разведчик. «За взятие Берлин», «За победу над Германией», «50 лет Вооруженных сил» медальдарымен марапатталды. 1954 жылы бірінші бөлімшеге ветсанитар болып жұмыс атқарған. Көптеген мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен марапатталған. Ауылымыздың белсенді, беделді ақсақалы болған. 2006 жылы 1 қаңтарда дүниеден озды. 

Марапаттары :

Медальдар: 

«За взятие Берлина»

«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 - 1945 гг»

«50 лет Вооруженных Сил СССР»

          Қараханов Изат Қараханұлы 1925 жылы 18 қазан Баянауыл жерінде Александровка ауылында дүниеге келді. «Соғыс және еңбек» ардагері. Көп жылдар бойы Торайғыр ауылында адал еңбек еткен. 10 бала тәрбиелеп жеткізген. 1943 жылы елін қорғауға соғысқа аттанып, 1946 жылы келген. Жапония шайқасында шайқасқан. 1994 жылы дүниеден өтті. 

   Смайлов Байтоқа 1917 жылы Баянауыл ауылына қарасты, Қызылшілік колхозында 15 тамызда дүниеге келген. Қызыл әскер қатарына 1941 жылы ақпан айынан бастап, 1946 жылдың мамыр айына дейін 185 бөлімде Ұланбатыр қаласында (разведчик) болған. Соғыс жылдарынан кейін ерліктің алауын асқақтатқан жауынгер «Ветеран труда», «70 лет Вооруженных сил СССР», «в ВОВ 1941-1945г.г», «Отечественной войны 2 степени» медальдарымен марапатталған. 1997 жылы дүниеден өтті.

Марапаттары :

Орден Отечественной войны II степени

Медальдар: 

«70 лет Вооруженных Сил СССР»

«Еңбек ардагері»

        Төлегенов Рымтай 1919 жылы Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында дүниеге келді. Жастайынан ата-анасынан айырылып, балалар үйінде тәрбиеленді. 8 сынып бітіріп Талдықорған қаласында техникумда зоотехник мамандығын оқыды. 1939 жылы әскер қатарына алынды. 1940 жылы Финляндия соғысына қатысты. Соғыста сол қолынан ауыр жарақат алып, 1945 жылы елге оралды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін медальдармен, ордендермен марапатталды. 1948 жылы үйленіп, балалы-шағалы болып, 1987 жылы дүниеден озды. 

  Баеке Есжанов 1914 жылы 1 қаңтар Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр совхозында дүниеге келді. 1941 жылы Торайғыр ауылынан Ұлы Отан соғысына аттанды. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң «Жапон соғысына» қатысып, 1946 жылы туған еліне оралды. Баеке Есжанов «Соғыс және еңбек» ардагері, бірнеше дәрежелі ордендер, медальдармен марапатталды. Көп жылдар бойы Торайғыр ауылында адал еңбек етті. Жеті бала тәрбиелеп өсірген, соғыс ардагері елге адал қызмет етіп, 1997 жылы 83 жасында дүниеден өтті. Ардагерлердің ұл-қыздары, немере-шөберелері бүгінде әр салада еңбек етіп, әке өсиетін орындауда.


           Оқасов Нұртай 1914 жылы 10 ақпанда Баянауыл жерінде дүниеге келген. «Қызыл  жұлдыз» орденінің иегері. Көп жылдар бойы Торайғыр ауылында адал еңбек еткен. Бала тәрбиелеп-жеткізген абзал әке. 1941 жылы елін қорғауға соғысқа аттанып, 1946 жылы келіп, еліне еңбек еткен. Украина, Румыния, Болгария, Австрия жерлерін азат еткен. 

             Мурсалимов Рахымберді 1916 жылы Павлодар облысы, Джалкудук елді мекенінде дүниеге келген. 1941 жылы соғыста Түркменстанда, Германияда, Польшада, Японияда, Белоруссияда, Берлинде жаумен шайқасып, 1946 жылдың аяғында соғыстан оралды. Шофер болып жауынгерлерге оқ-дәрі тасымалдады. 2 рет жарақат алып госпитальге түскен. Медальдармен марапатталды. 

      Мурсалимова Айтжамал 1922 жылы туған. Еңбек жолын Павлодар облысында бастаған. Құжат бойынша (завуч Қызыл-Жарской С.Ш. медаль «За доблестный труд в великой Отечественной войне 1941-1945г.). 29 жыл мұғалімдік қызмет атқарып, кейіннен Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, С.Торайғыров атындағы ЖОМ мұғалімдік қызметте болып, зейнеткерлікке шықты. 18.03.1998 жылы дүниеден өтті.

Марапаттары :

«За доблестный труд в великой Отечественной войне 1941-1945г» медалі

    Абай тегі Ораз Мұратбекұлы 1898 жылы Баянауыл ауданының 12 ауылында дүниеге келген. Әкесі Мұратбек сопы 2000 қарабас қой біткен бай адам болған. 1928 жылы кәмпешкеге ұшырап, жер аударылып, қашып-пішіп жүріп өмірдің біраз тауқыметін тартады. Елге 1938 жылы оралып отбасын құрады. 1941 жылы қараша ауылында Баянауыл аудандық военкоматтан Ұлы Отан соғысына шақырылып, 1944 жылдың қазан айынан бастап 201-зениттік артилиерский полкта орудный номер дәрежесінде соғысқа қатысты. «За победу над Германией» медалімен марапатталды. Соғыс біткен соң, 1945 жылы елге  оралып жылқышы болып совхоз жылқысын бағады. Зейнеткерлікке шыққан соң да жылқы бағып еңбегін ел бағалаған атақты жылқышы. Өмірінің соңына дейін ауылға ата болып, ел сыйлаған қадірлі ақсақал аттанды. Артында жалғыз қызы Мұратбекова Ерсін Оразқызы бар. Немерелері Мұратбеков Адильхан, Оразова Назерке.

Марапаттары :

«За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг» медалі

   Торин Рахымжан Ұлы Отан соғысында 1942 жылдың 1-шілдесінен 1943 жылдың 14 қазанына дейін Беларусь майданының 17-атқыштар дивизиясының 51- атқыштар полкінде қатардағы атқыш болып, Отан алдындағы міндетін атқарды. Витебск қаласын алу үшін болған шайқаста 1943 жылы 14 қыркүйекте ауыр жарақат алды. Қызыл армия қатарынан ҰОС-ның 2 топтағы мүгедек ретінде босатылды. Соғыстан келген соң елінде, Найзатас кеншесінде секратарь болып жұмыс істеді, көп жыл ауылда сатушы болып еңбек етті. 1970 жылы 13 наурызда ауыр науқастан қайтыс болды.