60 Жылдыққа Ж.Тоғандықов
Кедей тапты ел қылып,
Байды қуған Октябрь.
Сонан бері толыпты,
Міне биыл 60 жыл.
Асып-тасқан шонжарды
Мыштай қылған Октябь,
Алпауытпен алысып,
Жауды құртқан Октябрь.
Жарлы малшы жетімнің,
Көзін ашқан Октябрь
Дүниенің жүзіне,
Даңқы кеткен Октябрь!
Дүниенің жүзіне
Даңқы жеткен Октябрь!
Бұл жеңіске жеткізген
Маркс,Ленин кемеңгер,
Көп жасасын Октябрь
Жасай бер елім, жасай бер
Лениннің жолын мәңгілік
Осы жолды мәңгілік
Осы жолды кеңітті.
Көп жасасын Брежнев.
Көп жасасын Октябрь!
Жасай бер халқым, жасай бер!
Қазақ ССр-не еңбегі сіңген артист Ж.Тоғандықов жасы 88-де
Жаңа заман
Жаңа ауыл жаңа адым
Жүзіңе қарай таң қалам
Көктедағы жерде де
Сайрандаған сан балам.
Космосқа ұшқан кемелер,
Әлемнің жүзін шарлаған.
Желдей жүйрік машина,
Жүйткей ала заулаған.
Бұған дағы таң қалам.
Ескі заман оңбаған,
Мұндай ғалым болмаған.
Малға бөгіп масайған,
Жақсылықты болмаған.
Жаман аттан таңбаған.
Байлар менен шонжарлар,
Үстемдік еткен сұм заман.
Қылығына қазір де,
Жиіркеніп таң қалам.
Біздің елдей ел бар ма,
Дәулеті тасқан арнадан.
Жайқалып өсіп егін жай,
Саулығы қысыр қалмаған.
Өмірі гүлдей жайнаған.
Бұл табысқа жеткізген,
Ұлы Ленин данышпан.
Апрель 1977 жыл