Шорманнан туған екен төрт асыл тас,
Дәуірлеп орнап отыр мал менен бас.
Мұстафа, Әужан, Иса, Мұса мырза
Ығыңды паналаған дос пенен қас…
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Ассалаумағалейкум, мырза Мұса,
Жүзіңді бір көруге едім құса.
Қуандық, Сүйіндіктің қазығысың,
Кешегі өтіп кеткен әкеңе ұқса…
Шорман бидің тұңғыш ұлы Мұса мырза туралы әйгілі Біржан салдың өлеңі.
«Ақыл айласымен атағы шыққан Шорман «шешен» деген құрметті атқа ие болған. Шешендігі арқасында 14 жаста бас би болып, үлкен даулы мәселеде, Уалиханның алдында , өз елінің адамдарын асқан беделмен қорғап қалады»
Шоқан Уалиханов
«... Қазақ даласында даңқы кең жайылған қаржас Шорман би он төрт жасынан билік айтқан. Екі елдің , рудың, атаның арасындағы дау-жанжалға әділ төрелік айтып бір- екі ауыз сөзбен қарсыластарды бітістірген күн болған дейді...»
Мүсінші Шота Уалиханов өзінің «Шорман әулеті» атты мақаласында
«Шоң, Шорман едік,
Бір-бірімізге қорған едік...»
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сарыарқаның маңдайына жаратқан.
Алты алашқа аталы сөз таратқан –
Едіге, Шоң, Шорман бимен Торайғыр
Төрелігі төрді аузына қаратқан.
Е.Дүйсенбай «Кереку - Баян» жұлдыздары өлеңінен үзінді