Шыршаның бақыты
Әшекейдің жөні бір бөлек,
Шығарған шырша комадтан.
Сәнінің сипаты тым ерек,
Онда әдемі киімдер изумруд,
Аң терісінен тігілген малақай.
Өзіңе мөлдір моншақтар
Әжеңнен қалған, балақай.
Сырғасын тақсаң анаңның,
Сән-салтанатың артады.
Демін тартып ішіне,
Қарайды саған терезе айна арқылы.
Әйнектің сыртында
Аңдар жоқ, ақ бұрқақ
Шыршаның бақытын
Жібермей ырқына,
Есіктен аттатпай тұр қыстап.
Шаштарын реттеп тараған,
Шырша да жабырқап тұр жалғыз.
Көңілсіз манадан,
Шайыры үгіліп, жүзіне тараған.
Шыршаны жылаған көргенде,
Бұрқасын кеткен-ді қатты аяп.
Бәсеңсіп аяз да бір демде,
Күтуге қонақты есікке басты аяқ.
Десең мейлі шыршаның драмасы,
Бақыттың күйреуі.
Ал расы
Қызыл рең нұр шашып бетіне,
Жасыл сәуле жанарынан төгіліп,
Жұртқа қызмет етуде.
Елена Игнатовская
Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов
Шәкен аға
- Шәкен аға фильмдерін көрдің бе?
- Көргенмін.
- Соның бірін маған атап бер,- дедім.
- Алдар көсе.
- Дұрыс.
- Бірақ Алдар көсе
Ғасырларда әлденеше
Болған ненің кейіпкері?
- Аңыздың.
Ол аңызда
Алдайтын да,
Арбайтын да.
Тал бойында
Бар өнерін
Арм байға,
Төрелерге
Бүйі дейін тиген елге
Қарсы үнемі
Жұмсағанда,
Шоқтай қарып, от боп жанды.
Аялаған адал жанды,
Аспандаған асқақ әні.
Шәкен ата бейнелеген
Алдар көсе
Тарих болып қалды мәңгі.
Ұнатамын.
Сыныптасым Тамараның
Ұнатамын ән салғанын.
Ырғағына дауысының
Тебіреніп тамсанамын.
Ән біткенде еріксізден
Көтерілед қос бармағым.
Мұны қалған байқап Кәрім,
Жүред маған тігіп кәрін.
Әніне ме, өзіне ме,
Күлкі үйірілген көзіне ме?
Тамараға ынтызарамын,
Оны өскенде анықтармын.
Тарих
Біздің тарих шиырлы,бұралаңды.
Қызыл қан мен
Көз жастан құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып айтпай,
Келе жатыр
Айырылмай мұнар әлі.
Қайран шындық қанша рет тұралады.
О, тәңір-ай,әлдекім тарих десе.
Көз алдыма келтірем мұнараны.
Кавказдағы шыңдардың біріндегі,
Күнді бағып көзі оның ілінбеді.
Сол мұнара секілді біздің тарих,
Құдіретке бас иіп күлімдеді.
Қалған шындық құдірет тасасында,
Сәті түсіп сырыңды ашасың ба.
Бет-бейнеңді мәңгілік өзгерттің бе,
Ұлылықтардың айналып асасына.
Біздің тарих шиырлы,бұралаңды,
Қызыл қан мен
Көз жастан құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып айтпай,
Келе жатыр айырылмай мұнар әлі.
Садықбек Адамбековке
Садықбек аға, өзіңді сағынад көзі көргендер,
Көрмесе де сөзіңнен маржан тергендер.
Сатираның сарбазы соңыңыздан ергендер,
Бүгінгі сұр мергендер.
Удай еді тіліңіз,
Әйтсе де бір мініңіз-
Парақорларға жақпаушы ең.
Жатып- ішер жалқауды,
Ашық ауыз аңқауды,
Ұры менен қарыны,
Жерді сызған қарыны
Жемқорларды қақтаушы ең.
Шыңғыртып сатира отына,
Салушы ең ардың сотына.
Олар да қарап қалмайтын,
Жағаңызды қармайтын,
Сақалыңызды талдайтын,
Жаныңызды алмайтын,
Кезеніп мылтық атпайтын.
«Бір сабап бер»,- деп бұзықты
Жоқ еді дәстүр жалдайтын.
Есесіне есті алып,
Найза тілін түйрейтін,
Соттан сотқа сүйрейтін.
Бір сиқырың бар еді,
Отқа салса күймейтін,
Суға салса батпайтын.
Сені майып етем дегендер
Ақыр соңында күйрейтін.
Сатираның сардары,
Сықақ сөздің тарланы.
Сәкеңдердің сірә да
Болды ма екен арманы?!..
Немереме
Нұртілеуім
Сен туғанда шаттықтан бір түледім.
Уілдеген үніңнен айналайын,
Келіп тұрды сол сәтте күлші дегім.
Жөргегіңде жатырсың тырбаң қағып,
Қас-қағымда мына өмір өтер ағып.
Бала бүркіт секілді көкті аңсаған
Талап қылып ұшарсың қанаттанып.
Мына байтақ бабадан алған енші
Тылсымына құлақ түр, тебіренші.
Сенің алтын бесігің – Отаның бұл,
Бастауынан қанып іш, гүлін терші.
Балғыным, бұл – бабалар аманаты,
Туған жерің ұмытпа, жер жәннатың.
Ұланы бол сен оның сенім артар,
Бол еліңнің қатарлы азаматы.
Қара нан
Қышқыл дәмді қара нанды,
Жаратпаушы ем жасымнан,
Ауру шалды ағзамды,
Берекемді қашырған.
Дәрігерлерге амалсыздан қарандым,
Көңілімді сары уайым жайлады.
Дәрігер маған қара нанды қарағым,
-Көп жеу керек деді, бір сәт жайдары,
Сонда білдім қара нанның қуатын,
Дәру екен көп ауруға ол деген,
Бірте-бірте қалпына кеп саулығым,
Бірте-бірте арта берді қуатым
Қара нанды жесін-дер ем сенбеген.
Кітап
Ғасырлардан Ғасырларға,
Бірге жасап, асып алға.
Сарқылмаған, тартылмаған,
Ұлы мұра асыл арна.
Кітап, сенде ақын жыры,
Ойшылдардың асыл сыры.
Кітап, сенде қаттаулы тұр,
Адамзаттың шаттық мұңы.
Сондықтанда –сен асылсың,
Ақылшым, -сен жанашырым.
Мәңгі жаса, кітап мұра,
Шерткен сырын сан ғасырдың.
Сені оқыдым толқып, жаным,
Сезім сергіп таңырқадым.
біліміңмен шөлін басқын,
Алда келер сан ұрпақтың.
Кештің мына ғажабын – ай
Кештің мына ғажабын-ай, ғажабын!
Аздап масаң сияқтымын мен деген.
Махаббатын бөлісуге азабын,
Сені таңдап күтіп тұрмын өзгеден.
Сен де міне көз көрімде,
Маған беттеп келесің.
Машинаға тиіспіз жол беруге,
Аздап бізді бөлетін.
Олар үшін, тәйірі, асығыспыз біз неге?
Ал бағдаршам тіптен бейғам,
Көзін қысып дегендей ме бірдеңе.
Көп күттірген кездесуге
Көк жарықты жарқ еткізші бір демде.