Келе жатсың сүйеніп қаламыңа
Дөңгеленсе сезімнің ұршығы, Аға,
Жыр шыға ма көңілден, сыр шыға ма?
Ақындарды түсінер ақын ғана,
Сынағандай жүйрікті сыншы ғана...
Жетпісіңе сондықтан менің – дағы,
Келіп еді ұсынып жыр – сыбаға,
...Құтты болсын барлығы, Баянтаудан
Бала болып бір кезде аттанып ең,
Дана болып оралып тұрсың , Аға!
Пенде болып ұстамай көңілде кір,
Өкпелемей ешкімге өмірде бір.
Қоңыр кеші Баянның секілденіп,
Тірлік кешіп келесіз қоңыр – қоңыр.
Жырың – аспан, айтатын әнің – далаң,
Өлең тербеп, Күй тербеп жаныңда әмән
Көп шертілген домбыра секілдісіз
Әуенінен бірақ та жаңылмаған.
Желкеніңді жайып сап желге керіп.
Өлеңменен келесіз өрнек өріп.
Кейбіреудей баптанбай биік қарап.
Кейбіреудей мақтанбай кеуде керіп...
Өлеңменен жаныңды ән емдеген,
Тіл қатысып құпия әлемменен.
Жалғыз Сізсіз, жүріп ақ қарапайым,
Өзіңізді мына елге дәлелдеген.
Орағандай сәбидің бөз құндағын,
Түсіндіңіз түгендеп сөздің мәнін.
Атақ сұрап, бірақ та сыйлық сұрап,
Босағасын бастықтың тоздырмадың
Қарамай – ақ ешкімнің қабағына
Төселмей –а қ ешкімнің табанына.
Жоғарыда сүйенбей жағалыға,
Келе жатсың сүйеніп қаламыңа!
Ұштастырып өнерді тәлімменен,
Қуандырып еліңді барыңменен.
Жетпіс жасқа жетіпсіз жайбарақат.
Жайлап аққан өзендей сабырменен
Күйі кетіп, күрсінсе көне далаң.
Болсыншы деп жүретін өлең аман.
Болсыншы деп жүретін өнер аман
Қолыңды соқ, ағайын, ортңда отыр,
Баязитов Сүлеймен деген адам!
С.Байбосын
Қаақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Баянауыл ауданы
Құдай берген талантың бойды кернеп,
Өлең жаза бастадың қалам тербеп.
Бастауыңның арнасы кеңи берді,
Талаптандың, самғадың биікке өрлеп.
Тың өлкесі Сарыарқаның самалы,
Қалыс қылмай «Балдырған» мен «Араны»,
«Лениншіл жас», «Жалын», «Жұлдыз», «Ұлағат»,
Сен жазбаған газет – журнал шамалы.
Олжабайдың ерлік – даңқын асырдың,
Жасыбайды сынығы деп асылдың.
Абылайхан мен Кенесары батырдың
Ерлік ісін үлгісі қып ғасырдың.
Биік ұстап туған елдің намысын,
Жырлар жаздың ұрпағыңның қамы үшін
Арамызға қайта оралттың әкеліп,
Жапа шеккен қазақтың сан арысын.
Даналарға жырларыңды арнадың
Дүниеге көз қырыңды салмадың.
Маңдай термен еңбегіңнің арқасы
Жүзеге асты талай ізгі арманың.
Талаптандың еңбегің зая кете ме,
Аудармалар, әңгімелер бір төбе.
Жазушысың қаламың да, қарымды,
Бұл дегенің аса үлкен мәртебе.
Қаламгерсің өмірде бар мұратың,
Темірқазық секілденіп тұратын.
Әлі талай бергеніңнен берерің көп,
Сарқылмасын бойдағы күш – қуатың.
Азматсың туған елдің ардағы,
Мақсат айқын таусылмаған арманы.
Желеп – жебеп жүрсін сені әрқашан,
Қасиетті бабалардың аруағы.
Б.С.Сыздықов
Әркездері еліңіздің қамын ұқтың,
Бөленіп құрметіне қалың жұрттың.
Өмірдің белесінен өтіп бүгін,
Жетпістің желкесіне жалау тіктің.
Жетпісіңіз жолдас болып жымыңдасып,
Сексеннің сәлдесін де көрсін басың.
Жас ұрпаққа ізгі жолды көрсетіп,
Жүзге дейін жете берсін , Аға, жасың.
Л. Теміртасқызы