QSTEM School әртүрлі курстар мен бағдарламаларды ұсынады, оның ішінде робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу, веб-дизайн, жасанды интеллект, геймкрафт (ойын құрастыру), математикалық сауаттылық, ракета құрастыру, математика/логика (ағылшын тілінде), Speaking, STEM зертханалары, шахмат, жаратылыстану-математика пәндерін тереңдетіп оқыту, математика, физика, информатика пәндері бойынша ҰБТ-ға дайындық.
Оқу бағдарламалары заманауи талаптар мен тенденцияларды ескере отырып әзірленеді, сонымен қатар практикалық жаттығулар мен жобаларды қамтиды. Сондай-ақ, білім алушыларға өз жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беріп, академиялық конференцияларға қатысуға мүмкіндік береміз.
Алдағы 3 жылда білім беру бағдарламаларын кеңейту жоспарлануда.
Сондай-ақ, жетекші университеттермен және технологиялық компаниялармен серіктестікті дамытып, білім алушыларға тағылымдамадан өту және практикалық тәжірибені қамтамасыз ету, сондай-ақ мектептің үздік білім алушыларына білім гранттарын беру көзделуде.
Мақсат – STEM білім беру саласында көшбасшы болу және болашақ еңбек нарығына жоғары сапалы мамандарды дайындау.
Мектеп оқушыларына тегін мектеп формасы беріледі
Оқушылар екінші таңғы ас және түскі аспен тегін қамтамасыз етілген
Мектеп оқушылары IT және STEM бағыттары бойынша 10-нан аса үйірмелерге қатысу мүмкіндігі бар